1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №34 (16220)   29 сәуір, сенбі 2017
29 сәуір 2017
Мұғалім құқығын қорғайтын ұйым керек

Оңтүстікқазақстандық ұстаз Нұрғали Махановтың «Жас Алаштың» 6 сәуірдегі №27 санында «Бүгінгі білім саласы: «Кім кінәлі?» дегеннен гөрі «Не істейміз?» деген сұрақ төңірегінде ойланайық» тақырыбындағы мақаласы тек білім саласының мамандары ғана емес, бүкіл қоғам ойланатындай өзектілігімен құнды екен. Автор білім саласындағы түйінді мәселелерге тоқталыпты.
Өзім де бірнеше жылдан бері білім саласында қызмет ететіндіктен, қолыма қалам алып, ойымды жеткізгенді жөн көрдім.
Автор айтқандай, елімізде білім саласының халі мүшкіл екені шындық. Бір кездегі мәртебелі мамандық – ұстаздықтың беделі құлдырап кетті. Бұған басты кінәлі – қазіргі жүйе. Әр министр ауысқан сайын реформа жасалатын бұл сала мұғалімдікпен қызмет ететін жандарды мезі қылып бітті. Мұғалім құқығының тапталуы, бітіп болмайтын қағазбастылық, араны толмайтын жемқорлық, ешкімді көзіне ілмейтін бюрократтық бәрін де шаршатты.
Мақалада айтылғандармен келісе отырып, менің де айтарым бар: ол – үштілділік пен мұғалім құқығының жайы.
Қазіргі білім министрі қолдап жүрген үштілділік ана тілінің тамырына балта шабу және балдырғандардың миын ашыту дер едім. Мұны ұлт жанашырлары айтып та жүр, бірақ тыңдап жатқан кім бар? Менің айтпағым солардың айтқанын қайталау ғана, бала 11-12 жасқа дейін өзінің ана тілінде оқып, оны жетік ұғынып алған соң ғана өзге тілдерді үйренуі керек.
Ал мұғалім беделіне қатысты ойым, ұстаздардың құқын қорғайтын үкіметтік емес ұйым керек. Ол ұйымды қоғамға абыройы бар, шенеуніктер мен әкімдермен ауыз жаласып кетпейтін азаматтар басқаруы тиіс. Егер дәл осындай тірі ұйым құра алсақ, қорғаушысы, сүйеніші барын сезген мұғалімнің мәртебесі де көтеріле түсер еді. Әйтпесе қазір ерінбегеннің бәрі мұғалімді жазғыруға, жазалауға үйір.

А.АХМЕТҰЛЫ
Арал ауданы
Қызылорда облысы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар