1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №34 (16220)   29 сәуір, сенбі 2017
29 сәуір 2017
Ақтөбеде армяндардың қаны судай ақпаған еді...

Жақында Ақтөбе қаласында шығатын «Диапазон» газетіндегі бір ақпарат әлеуметтік желілерді шарлап кетті. Оқып көрсек, «Ақтөбелік армяндар қолдан жасалған қып-қызыл қырғынның құрбандарын еске алыпты».
Бұл қайдағы «қызыл қырғын» десек, күні бүгінге дейін халықаралық қауымдастық «геноцид» деп бірауыздан мойындамаған бір жайтты – «өткен ғасырдың бас кезінде Осман империясы армян халқына геноцид жасады» деп байбалам салушылардың әрекеті екен.
Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысында тұрып жатқан армян қауымдастығы 1915 жылы Түркияда болған түрік-армян қақтығысын «геноцид» деп атап қана қоймай, бұл оқиғаға түк қатысы жоқ қазақ жеріне тіпті өткен жылы тастан ескерткіш белгі тұрғызып қойыпты. Оны да осы жолы естіп отырмыз.
Сөзіміз жалған болмас үшін «Диапазондағы» материалды түгел, орыс тілінен аудармастан берейік: «Актюбинские армяне почтят память жертв геноцида.
23 апреля в 11:30 возле памятного знака «Хачкар» состоится возложение цветов и литургия в память о жертвах геноцида армянского народа в Османской империи. Напомним, в прошлом году на территории Свято – Никольского собора в 11-микрорайоне открыли и освятили хачкар – декорированную каменную стелу с высеченным крес-
том. Слово «хачкар» образовано из армянских корней «хач»–«крест» и «кар»–«камень». Запланировано возложение цветов к мемориалу, литургия при участии представителей церкви, выступление руководства армянской общины и символическая посадка абрикосового дерева», – сообщили представители армянской общины города Актобе. Армяне всего мира 24 апреля отмечают скорбную дату, вспоминая жертв геноцида 1915 года в Османской Турции. Тогда, в результате первого в современной истории человечества массового уничтожения людей по национальному признаку, погибло более 1,5 млн армян. В 2017 году отмечается 102 годовщина этих трагических событий».
Қайталап айтайық: 1915 жылғы түрік-армян қақтығысын бүкіләлемдік халықаралық қауымдастық күні бүгінге дейін «геноцид» деп әлі мойындаған жоқ. Байбалам салушылардың таққан айыбын Түрік Республикасы да ешқашан мойынға алған емес. Қазақстан Республикасы да ондай құжатқа қол қойыпты дегенді естіген емеспіз.
Егер армяндар өз елі, өз жерінде солай болды деп жатса, Ереванда ма, елінің басқа қалаларында ма, ескерткіштер, мемориалдық тақталар қойып жатса өздерінің шаруасы. Алайда халықаралық қауымдастықпен бірге Қазақстан да мойындамай отырған «геноцид» дегенге біздің республиканың жерінде ескерткіш белгі қоюға кім рұқсат берген?!
Бұл қандас, діндес, Қазақстанның тәуелсіздігін әлемде бірінші болып мойындаған туысқан түрік халқымен арамызға көлеңке түсірмей ме?! Бұған әлемдегі күллі түркітектестер үлкен тілектестікпен көз тігіп отырған Түрік Республикасының мемлекет басшылары және Түркияның Қазақстандағы елшілігі не дейді?!
«Елдеріңде (мысалы, Ақтөбе жерінде) «армяндарға жасалған түрік геноциді» деп ескерткіш қоюға рұқсат етерліктей сіздер қашан бұл оқиғаны «геноцид» деп ресми түрде мәлімдеп едіңіздер?» деп Түркия жағы сұрай қалса, біздің Қазақстанның сыртқы істер министрлігі не деп жауап бермек?
Осы жерде айтпай кетуге болмайтын мынадай жайттар бар: біз, қазақтар, өткен ғасырда басымыздан не түрлі катаклизмдерді кешсек те, әлі күнге халқымыздың жартысынан астамы қырылып қалған, қолдан жасалған аштық құрбандарына күллі ұлт болып күңіренерлік белгі қоя алған жоқпыз. Ал Қазақстанға қоныс аударып келгендер қалталары қалыңдаған соң, тарихи Отандарында өткен қиын-қыстау күндерге Қазақстанда ескерткіш, түрлі белгілер қоюға кірісіп кеткен сыңайлы. Соның бір белгісі – түу жер түбіндегі түріктердің армяндарға жасады-мыс қысастығына қойылған мына Ақтөбедегі белгі.
Ал ертең орыс отаршылдығынан қысым көрген, қызыл империяның қасіретін басынан кешіп, депортацияға ұшыраған: қырым татарлары, шешендер, ингуштар; Қиыр Шығыстан жер аударылған кәрістер, Еділ бойынан көшірілген немістер; ұлы аштыққа ұшырағандарын большевик орыстардан көретін украиндар – бәрі-бәрі Ресейден тартқан азабына Қазақстанға келген соң ескерткіш белгі қоя берсе, біздің еліміз қандай күйге ұшырайды?! Осыны ойлаған біреу бар ма?!
Тиісті орындар бұған не деп жауап берер екен?!

Қажығали МҰХАНБЕТҚАЛИҰЛЫ, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халықаралық қазақ ПЕН-клубы сыйлығының лауреаты

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар