1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №33 (16219)   27 сәуір, бейсенбі 2017
27 сәуір 2017
Би екеу болса, Ни төртеу болады

Қазір ерінбегендер әлеуметтік желіде Василий Ни тақырыбын талқылап, кеденнің бұрынғы басшысын сынап, сан түрлі пікірлер айтып жатыр. Ел миллион доллар пара алып жатқан жерінен ұсталған (коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы 2016 жылдың қыркүйегінде дәл осылай мәлімдеген – ред.) «Қорғас» ШЫХО президенті Василий Нидің қылмыстық жауапкершіліктен босап кеткенін түсіне алмай әлек. Жасыратыны жоқ, жұрттың көкейінде сот әділ шешім шығармады, ақшаға сатылды, біздің елде заң бәріне бірдей емес екен деген түсініктің тұрғаны анық. «Би екеу болса, дау төртеу болады» деген, бұл істе судьялар қиыннан қиыстырып, заңға сәйкес шешім шығарғаны рас. Бірақ ол шешім істі жабудың орнына дауды көбейтіп тұр.
Осы аптада әлеуметті толғандырған мәселеге байланысты Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай да өз білгенін айтыпты.
– Бұл жерде қылмыс аяқталмай қалды. Тек қылмыс істеуге ғана оқталды. Сосын ешқандай шығын жоқ. Қылмыстық кодекстің 65-бабы сотталушы істеген ісіне шын өкініп, ешқандай шығын келтірмей, істі ашуға көмектессе, оны босатуға мүмкіндік береді. Бұл заңда көрсетілген. Қазіргі уақытта бұл шешім бойынша ешкім наразылық келтірген жоқ, – дейді Алматы қалалық сотының төрағасы.
Айттым ғой, судьялардың басы екеу емес деп... Белден басып, заңда жоқ баптарды ойлап тауып, сотталушыны әй-шай жоқ, жазадан босатып жіберуі мүмкін емес. Құдайға шүкір, мемлекет судьялардың бар жағдайын жасаған. Президенттен басқа бір пендеге тәуелді емес. Сондықтан «ақшаға сатылу» туралы мүлдем ойламай-ақ та қойыңыз. Мүмкін емес.
Дегенменде Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай еліміздегі судьялардың жалақысы туралы да айта кетіпті.
– Бізге соңғы рет, жалпы, барлық мемқызметкерлерге алты жыл бұрын жалақымызды өсірген. Қалалық соттың төрағасы ретінде, судья ретінде, сот жүйесінде 30 жыл жұмыс істеген адам ретінде қолыма 373 мың теңге алатынымды жариялаймын. Мұның барлығы еңбек өтіліме байланысты. Аудандық судьялар қанша алады? 220 мың теңге алады, – деп ағынан жарылыпты Ақжан Ештай.
Төрағаның айтуына қарағанда, тағылымгер судья жалақысының 70 пайызын алады, ал қалалық сотта істейтін хатшы 80 мың теңге, аудандағылар 70 мың теңге алады.
– Жақында Франция, Швейцарияда болдым, – дейді тағы да Алматы қалалық сотының төрағасы. – Францияда орташа жалақы 2,5 мың евро, ал Швейцарияда – 5 мың евро.
Әрине, Ақжан Жайлауханұлы қазақстандық судьялардың жалақысы аз деп шағымданып тұрған жоқ. Осының өзін қанағат тұтады. Бірақ мәжіліс депутаттары сияқты миллионға жақын жалақы алғанды ол да қалайтындай. Қалалық соттың төрағасы бұл туралы былай депті:
– Бір кездері барлық жерде судьялардың жалақы сомасының жоғары екендігі жазылды, жақында осы сұрақты жоғарғы сот кеңесінің төрағасына, жоғарғы соттың судьясына қойдым. Жиналыста былай дедім: «Депутаттардың жалақысын көтереді екен, бізге де сондай жақсы жаңалық бар ма екен?» Ол күлді.
Әрине, күледі. Шетелдегімен салыстырғанда біздің соттардың жалақысы шынында күлкілі емес пе? Сонысына қарамай Ни сияқты миллион долларлап пара алуға талпынбайды. Ал сондай көлемде пара алмақ болғандардан қылмыстың ізін таппайды. Ендеше күлмегенде қайтеді?

Оралхан ДӘУІТ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар