1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №83 (16165) 18 қазан, сейсенбі 2016
18 қазан 2016
Айдаладағы Аднанидiң әрекетi деп бағаланған лаңкестiк шабуылға қатысты сот басталды

18 қазаннан бастап Ақтө­бе­дегi қылмыстық iстер жөнiн­дегi мамандандырылған ауданаралық сотында маусым оқи­ғасы­на қатысты сот процесi басталады.

Биылғы жылғы 5 маусымда түскi сағат 2-де қаладағы “Пантера” және “Паллада” қару-жарақ дүкендерiне шабуыл жасап, бiрнеше адамды өлтiрген топ автобусты басып алып, 6655 ұлт­тық гвардияның әскери бөлiмшесi қақпасын бұзып кiрiп, әскерилермен атысты. 7 адам қаза тауып, 30 адам түрлi деңгейде жарақат алды. Қайтыс болғандардың iшiнде әскери бөлiмнiң сарбаздары, қару-жарақ дүкенiнiң сатушысы, көшеде кетiп бара жатқан кездейсоқ зейнеткер, “Күзет” жасағының қатардағы қызметкерi бар.
 29 адам қылмыстық iске тартылған, оның 9-ы террорлық шабуылға тiкелей қатысса, 18-i да­йындалып жатқан қылмысты бiле тұра әдейi хабарламағаны үшiн айыпталып отыр. Қарулы шабуыл­ға қатысқан 27 адамның 18-i арнайы операция кезiнде қаза тапты, 9-ы қолға түстi. 5 маусымдағы оқиғаны Таңатаров немесе Айтуған тобы ұйымдастырды деп айтылып жүр. “Азаттықтың” хабарлауынша, оқиға болған күн­нiң ертеңiне осы қылмысты бұрын соңды таныс емес “Қазақстанды азат ету ұйымы” өз мойындарына алған. Артынша ДАИШ содырлары қатарына қосылу үшiн   Сирияға кеткен жергiлiктi ақтө­бе­лiктермен байланыстағы тәк­фiр­шiлер ұйымдастырды деп айтылды. Ақтөбе­лiктердi джихадқа шақырған ДАИШ идеологы, жақында өлтiрiл­ген Әбу Мұхаммад аль-Аднани. Лаңкестiк оқиғадан соң қашып жүрiп, жалдамалы пәтерлердiң бiрiнде тығылған жерiнде атып өлтiрiлген Дмитрий   Таңатаровты (Айтуған) Аднани дә­рiс­терiмен қанаттанған топ жетекшiсi дейдi. Лаңкес­тiк шабуылға қатысқандар – негi­зiнен қаладағы “Астана” сауда орталығында ұялы телефон жөндеп-сататын Темiр, Шалқар, Мұғалжар аудандарының жұмыссыз жастары. Таңатаров то­бы қаладағы Есет батыр көше­сiн­­дегi жалдамалы пәтерлердiң бiрiнде жиi-жиi жасырын кездесулер өткiзген.
Оқиғадан он күн өткен соң Ақ­төбе облыстық IIД бастығының бiрiншi орынбасары Рахат Аханов, артынша департамент бастығы Мақсұдхан Аблазимов орындарынан кеттi. Аблазимовты Махамбет Абисатов алмастырды.
Бiр айдан соң   ҰҚКД бастығы Нұрлан Қыдырбаев қызметiнен кетiп, оның орнына Марат Ирменов тағайындалды. М.Ирменовтiң алдыңғы жұмыс орны – ҰҚКД Алматы қаласы бастығының бiрiншi орынбасары. Ескi кадрлардан Нұрғалым Әбдiров өз орнында, ол 2011 жылғы Ақтөбе терактiсiнiң кезiнен берi әлi келедi. Осы кезге дейiн халықтың алдына шығып, ашық-жарқын кездескенiн көрген жоқпыз. Ол өте жабық, әрi iс-қимылын жұрт бiле бермейтiн прокурор. Бiрақ соңғы кезде Әбдiров өте белсендi қимылдап жүр. Облыс әкiмiмен бiрге алыс ауылдарға көлiкпен барып, ең түк­пiрде тұратын қарапайым тұрғынның қарапайым сұрақтарына жауап берiп жүр. Әб­дiровтiң аяқ асты белсендiлiгiне нендей себептердiң түрт­кi болғаны тiптi белгiсiз.
Бiр айдан соң   ҰҚКД бастығы Нұрлан Қыдырбаев қыз­метiнен кетiп, оның орнына Марат Ирменов тағайындалды. М.Ирменовтың алдыңғы жұмыс орны – ҰҚКД Алматы қаласы бас­тығының бiрiншi орынбасары. Ескi кадрлардан Нұрғалым Әбдiров өз орнында, ол 2011 жыл­ғы Ақтөбе терактiсiнiң кезiнен берi әлi келедi. Осы кезге дейiн халықтың алдына шығып, ашық-жарқын кездескенiн көрген жоқпыз. Ол – өте жабық, әрi iс-қимылын жұрт бiле бермейтiн прокурор. Бiрақ соңғы кезде Әбдiров өте белсендi қимылдап жүр. Облыс әкiмiмен бiрге алыс ауылдарға көлiкпен барып, ең түкпiрде тұратын қарапайым тұрғынның қарапайым сұрақтарына тiлмен жауап берiп жүр. Әбдiровтiң аяқ астынан ашылып кетуiне нендей себептердiң түрткi болғаны тiптi белгiсiз. 
Ақтөбедегi лаңкестiк шаб­уылды ұйымдастырған “Қазақстанды азат ету ұйымы” деген бел­гiсiз топ пен өмiрде бар-жоғы белгiсiз Әбу Мұхаммад аль-Аднани деп жұрттың құлағына сi­ңiрiлдi. Алайда айдаладағы Аднанидiң Ақтөбедегi терактiнi қалай жоспарлады дегенге қисын жоқ. ДАИШ-тың дәрiстерi­нен қанаттанған топ деп жылы жауып қойылса да, сол кездегi iшкi iстер департаментiнiң жа­уапты қызметкерлерiне мұнай ұрлығымен айналысты деп тағыл­ған айып осы оқиғада бiр байланыс бар екендiгiн айғақтайды. 18 маусымда сот Ақтөбе облыстық IIД “Арлан” арнайы жасағы бөлiмше командирiнiң орынбасары 28 жастағы Кенжеғали Бүркiтов пен МАИ қызметкерi 26 жастағы Әдiлжан Елеусiзовтi тұтқындауға санкция бердi. Екi полицей 2013-2016 жылдары Темiр ауданынан мұнай ұрлығымен айналысқан топты басқарып, осы қызметi үшiн ай сайын 2 миллион теңге сыйақы алып отырды деген ақпарат таратылды. Қытай құбырынан ұрланған мұнай КамАЗ-дарға тиелiп, жал­ған құжатпен Ақтөбе қаласындағы қоймаларға жеткiзiлген. Мұнымен бiр кезде Кеңқияқ елдi­мекенiнiң мұнай ұрлығын тiкелей ұйымдастырған бiр тұрғынының қорасынан бiрнеше май құятын цистерналары бар КамАЗ-дар тәркiленiп, үйiнен бiрнеше миллион қаржы табылған. Алайда соңғы дерек бойынша әлгi азамат қашып жүр және оның тәркiленген техникалары да аяқ астынан жоғалып кеткен. Мұнай ұрлайтын ауыр техникалардың iзi жасырылған. Заттай айғақтардың iзiн жасыруға тiкелей мүд­делi болып отырған Ақтөбедегi ықпалды тұлға кiм?
Бiр топ жұмыссыз жастарды Аднанидiң идеологиясымен бастары кеткен деп жылы жауып қоюға тырысушылық болғанымен, осы қанды оқиғаның жұрт­қа белгiсiз осындай қырлары   бар. Лаңкестiк шабуылдан 5 күн өткенде, Мясоедов көшесiнде патрульдiк полиция қызмет­керлерiне “Тойота” джипке мiн­ген бiр топ келiп оқ атып, сол жер­де полициямен қақтығыста өлтiрiлдi. Бұлар 5 маусымдағы терактiден соң қашып кеткендер ме, әлде олардың сыбайластары болды ма, осы жағы анық емес. Мәселе осы топтың ашық келiп, оқ атуында болып тұр. Екiншi жағынан – кек алу мақсаты, әлде бұрыннан берi полицейлермен арадағы реттелмеген шаруалары болуы да мүмкiн. Кектескен жандар үшiн қоғамның назарын аудару әрекетi ме, әйтеуiр осындай мағынадағы оқиға болғаны анық.
Не себептi Ақтөбеде мұндай оқиға әр бес жыл сайын қайталанып отырады? Осы сұрақты Ақтөбеге арнайы келген бас прокурордан бастап, екi аптадан берi ел аралап жүрген әр комиссия мүшесi қойып отыр. Ауылдың жұмыссыз жастарын террорлық қақтығысқа кiм итермеледi? Бұл сұрақтың жа­уабы ашық күйiнде. Өлгендер сөйлемейдi.
Айтпақшы, күнi кеше ғана жергiлiктi полиция қызметiнiң бастығы Мақсат Шляшев пен оның орынбасары Ермек Шү­кеновтiң үстiнен қылмыстық iс қозғау туралы мәселенi Бас прокуратура көтердi. Оларға террорлық шабуыл басталғанда жедел әрекет ете алмай, лайықты тойтарыс бермедi деген айып тағылуда. 
Баян Сәрсенбина,
Ақтөбе
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар