1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №82 (16164) 13 қазан, бейсенбі 2016
13 қазан 2016
Сот әлi жалғасады

Өткен сенбiде Алматы қалалық сотында “Трибуна” газетiнiң iсi бойынша бiрiншi сот отырысы өттi. Сот барысында редакция тарапы мәтiнге филологиялық сараптама жасау, сот отырысына Сыздықовты шақыру туралы өтiнiш бiлдiрдi. Мұндай өтiнiш бұрын да жасалған. Бiрақ сот оны қанағаттандырусыз қалдырып, Сыздықовты шақырудан бас тартқан. Сондықтан да “Трибунаның” сотқа Алматы әкiмi Бауыржан Байбектi шақыру жөнiнде өтiнiш бiлдiруiне тура келген. “Өйткенi сыбайлас жемқорлыққа байланысты кiнә тағылған шенеунiктi мемлекеттiк компания басшылығына ол өзi тағайындаған. Неге оны таңдады? Сонда ол бiр кездерi сыбайлас жемқорлыққа жол берiп, құқық бұзған Сыздықовтың сол “ерлiгiн” қайталауы мүмкiн деп қорықпай ма?”, – дейдi Ж.Мамай. Бұл арада әңгiме – мемлекеттiк бюджет, салық төлеушiлердiң ақшасы туралы болып тұр. Сол себептi де, редакция Сыздықовтың iс-әрекетiне байланысты әкiмге сұрақ қоюға өзiн құқылы санайды.   

Сондай-ақ Жанболат Мамай Медеу аудандық соты жауапкер тараптың дәлелдерi мен дәйектерiн қаперге алмастан, iстi тез арада Сыздықовтың пайдасына шеше салуға тырысқан болса, заң талаптарын сақтау тұрғысынан алғанда қалалық сотта әжептәуiр iлгерiлеушiлiк барын айтады. Қалай болғанда да, сот жауапкер тарап ұсынған материалдарды талдау және газет мақаласына филологиялық сараптама жасау мәселесiн шешу үшiн екi апта уақыт сұраған. Әрине, судьялардың сот отырысын заң аясына сай жүргiзiп, алайда шешушi сәтте өздерiне жоғарыдан берiлген нұсқауға сәйкес шешiм қабылдаған жағдайлары талай рет кездескен. Бұл жолы да сондай спектакль дайындап, ақырында редакцияны айыпты ғып шығаруы әбден мүмкiн. Бәрiбiр iстiң аңысын күтуге тура келедi. Келесi сот отырысы – 20 қазанға белгiлендi. 
“Трибуна” журналистерiн қолдауға келгендер халықаралық Freedom House ұйымының Қазақстандағы директоры Виктория Тюленова, сондай-ақ, АҚШ Бас консулдығының Алматыдағы өкiлi, “Жас Алаш”, “Азаттық” журналистерi және басқа да көрнектi қоғам қайраткерлерi, ұлт белсендiлерi болды. Редакция ұжымына қолдау бiлдiруге келген көпшiлiк соттың өту барысын тiкесiнен тұрып бақылады.
Н.Қоңыр.
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар