1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазақты әбден бөлшектеп біттік қой. Қаланың  қазағы, даланың қазағы, бай қазақ, кедей қазақ, тіл білмейтін космополит қазақ, нағыз қазақ, діншіл қазақ, атеист қазақ деп. Енді қазақтар исламның ішінде бөліне бастады. Суфист, уахаб, салафит, қуранит т.б. деп. Бұл масқара ғой! Қазақты жіліктеп біттік. Тіпті әлгі жүзшілдігі мен рушылдығын айтпай-ақ қоялық. Жіліктеп бітіп, енді бөлшектеуге кірістік.
Автор: Нұрлан Ерімбетов, саясаттанушы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №80 (16162) 6 қазан, бейсенбі 2016
6 қазан 2016
Мемлекетте саяси дағдарыс бар

“Матаев iсi” бо­йынша ақпарат құралдарында, әлеуметтiк желiлерде пiкiр бiлдiрушiлер көп. Солардың iшiнде саясаттанушы, танымал сарапшы Дастан Қадыржановтың жазғандары өзгешелеу көрiндi. Оқып көрiңiз.

Достар, сiздерге оны “жемқорлықпен күрес” немесе “басқаша ойлаумен күрес” ретiнде қабылдауға кеңес бермеймiн. Шынында да, бұл айрықша оқиға.
Бiрiншiден, билiк өзiнiң саяси қарсыластарымен күрес мәселесiнде құқық бұзу тұрғысында ешқандай айла-амалдан жиренбей­тiнiне бiздiң етiмiз үйренiп кеттi. Бұл арадағы әңгiме – бүгiнгi шындыққа қатысты көзқарастардың негiзгi күресi туралы болып тұрған жоқ. Болған жағдайдың мүлде басқа астары бар. Басқаша ойлауды тұншықтыруға бiз әлдеқашан үй­рен­генбiз.
Бұл жердегi мәселе – жекеменшiк нарығы мен бұқаралық ақпарат құралдарын бөлудiң тұрпайы жос­пары жүзеге асып жатқандығында. Мұның жаңалығы – оны билiктiң маңа­йындағы топтар (егер қаласаңыз, кландар) жүргiзiп жатыр, ал саяси жауапкер­шiлiк толықтай президентке және Ақордаға артылуда.
“Президент бәрiн бiледi, негiзгi шешiмдердi өзi қа­былдап отыр” деген қарапайым түсiнiкке алданбаңыздар. Олай емес.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесiнде ешкiмге де артықшылық бермейтiн Ли Кун Ю имиджiнiң бұл араға қатысы жоқ. “Бандит­тiк Петербург” стилiндегi қарапайым рейдерлiк мәселелер – президентке осы тұрғыда ұсынылады. Бұл қаласаңыздар, президент кейпiндегi мемлекеттiк инс­титутқа құрмет бiлдiрмеу. Оның өзiне емес, мемлекет­тiк (!) институтқа!
 Екiншiден, денi дұрыс елде сот залында мемле­кет­тiң iрi басшылары тарапына айтылған айыптау жай ғана жария мәлiмдеме болып саналмайды. Бұдан кейiн мемлекетте саяси дағдарыс бар екенiн мойындау қажет. Өйткенi мемлекет этикалық сипаттағы дағдарысты жеңуi тиiс. Бұл орайда, ҚР мемлекеттiк қызметкерiнiң этикасы туралы заңымен ғана емес, сонымен қатар депутаттық этика туралы Конституциялық түсiнiкпен мойындалған дағдарыс сөз болып тұр. Дағдарыс сонда, сот залында тағылған айыптан кейiн көптеген басшылар өздерi­нiң саяси беделiн қалпына келтiру мәселесiмен айналысуға мiндеттi. Сонымен қатар билiктiң сот, атқарушы және заң шығарушы орындары арасында қайшылықтың барын да көруге болады. Бұлай емес екенiн дәлелдеп көрiңiз.
Қарапайым қоғамдық сәуегейлiктi қоя тұрайық, бiрақ мемлекеттiң құқық­тық, өркениеттi даму мәсе­лелерi алға шығарылуы тиiс. Осыдан кейiн парламенттiк тыңдау және билiк етушi партия этикалық тыңдау өткiзуге мiндеттi. Тiптi СОКП-да кезiнде өз қателi­гiн мойындай бiлген. Бұл – қоғамның емес, билiк құру­шы институттардың мәсе­лесi.
Менiң Қоғамдық комиссия туралы ұсынысым шарасыздықтан туған қадам болатын. Өйткенi мен қалжың деуге келмейтiн саяси жағдай туындағанын көрдiм, ал оның салдары “жасырып-жабу” жанрына мүлде кел­мейдi. Бiздiң мемлекеттi­лiгiмiздiң негiзi билiк құру­шы топпен тығыз байланысты болып шықты. Өкiнiшке қарай, бiрiне келтiрiлген зиян бiрден басқасын бүл­дiредi. Бiрақ қалай болғанда да, ұлттық және олигарх­тық мүдделер арасында нақты шекара бар. Бүгiнде президенттiк билiкке соққы берiлiп жатыр, соның кө­леңкесiнде тұрпайы түрде есеп айырылысуда. Бұлай iстеп жатқандардың президент тәрiздi саяси институттың саяси жауапкер­шiлiгiне шын мәнiсiнде тү­кiр­генi бар.
Менi бiреудiң сөзiн сөй­ледi деп қанша жазғырсаңыздар да өз ерiктерiңiз, бiрақ қазiр шынымен де осылай болып жатыр. Осы арада мен өзiме мынадай сұрақ қоямын: сонда мемлекет басшысының – жеке тұлға ретiнде емес, әлдеқандай есеп айырысулар үшiн жауапты болып отыр­ған мемлекеттiк институт ретiнде – оның мүддесiн қорғаушылар жоқ па? Мүд­делестерi, ниеттестерi қай­да? Отбасы қайда?
Ұлт көшбасшысы образын жасаушылар, қайдасыздар?
Дәл қазiр сiздердiң қарсыластарыңыздың емес, керiсiнше, көп жылғы ниеттес достарыңыздың құрылымы жатыр емес пе? Шынайы жақтастарынан сұрау болған жағдайда сiздер кiммен қаласыздар? Адамдық тұрғыдан алғанда сiз­дер­де басқа дос бар ма?
Былай қарағанда, маған бәрiбiр болуы тиiс едi, менiң билiкке және оның мүд­десiне ешқандай қатысым жоқ.
Бiрақ... маған бәрiбiр емес. Мемлекетiмiздiң абырой-атағы бiртiндеп бүлiнiп, қирап жатқанына мен жай ғана қарап тұра алмаймын. Бұл өте қиын. Егер мұны кiм түсiне алмаса, өзi бiлсiн. Бұлай болмайды ғой. Қарманатын әлдебiр өзек болуы тиiс қой. Мен режимнiң кезектi жеңiлiсiне қуана аламын, бiрақ ұлт интел­лектiнiң ойсыраған жеңiлi­сiне қалай қуануға болады? Осы құбылыстардың байланысын көрiп тұрған бiреу бар ма, әлде бұл ұлт жобасының шын мәнiсiнде апатқа ұшырағаны ма?
Билiктегiлер, азғындауды доғарыңдар!
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар