1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №78 (16160) 29 қыркүйек, бейсенбі 2016
29 қыркүйек 2016
Қылмыскерлерге ең ауыр жаза сұрайды

Алматы облысында қаскөйлердiң қолынан қаза тапқан үш ағайындының туыстары “қылмысты екi адам жасады” дегенге сенбейдi. Бұл туралы ҚазАқпарат тiлшiсiне марқұм Мұқият Зарылханның туған ағасы Адал Зарылхан айтқан.

Адалдың айтуына қарағанда, оның қаза болған туыстары оңайшылықпен дес бермейтiн, қарулы азаматтар бол­ған. “Олар өз қолдарын өздерi байлап бермесе, екi адамның күшi үш адамға қалайша жетедi? Бұл тiптi миға сыймайтын дүние”, – дейдi кө­зiне жас ала отырып Адал Зарылхан.
Адал өзiнiң туған бауыры Мұқият марқұмның iшiмдiкке мүлде жоқ екенiн, бала күнiнен күреспен айна­лыс­қанын, осы спорт түрiнен бiрнеше рет жеңiмпаз да атанғанын айтқан. “Бойы аса биiк болмаса да, денесi шымыр едi” дейдi.
“Жалпы, Жарқынбек пен Қадiл­бекке бас-көз болып, бизнестiң ба­сы-қасында жүрген осы Мұқият болатын. Мұқият 1973 жылғы, Жарқынбек Долдан 1979 жылғы, ал Қадiлбек Әлiмхан 1977 жылы туған. Қадiлбек Әлiмхан алып жiгiт едi. Салмағының өзi 100 келiден асатын. Құрбан айтта “салмағым 110 келiге жақындап қалды” деген Қадiлбектiң қалжыңы да есiмде”, – дейдi ағасы Адал.
Қазiр қаза болған ағайынды үш марқұмның артында 8 баласы жетiм, әйелдерi жесiр қалды. Балалардың ең үлкенiнiң жасы 13-те, ал кiшiсi 2-де ғана. Әкелерiн жер қойнына тапсыр­ған Жарқынбек Долданұлының тұңғышы 13 жастағы Жалын “қылмыскерлерге ең ауыр – ату жазасы бұйырса” деп тiлейдi.
Осы оқиғаға қатысты “үш азаматты өлтiрдi” деген күдiкпен екi адам ұсталды. Алайда марқұмның туыстары “қылмыскерлер әлi де бостандықта жүр” деп күдiктенедi. Қылмыстық iс әдiл жүрсе деген өтiнiш-тiлектерiн айтады.
Естерiңiзге сала кетейiк, таяуда премьер-министр Бақытжан Сағынтаев үкiметтiң отырысында iшкi iстер министрi Қалмұхамбет Қасымовқа тергеу барысын жеке бақылауға алуды тапсырып: “Қоғамдық қауiпсiздiк және қылмыспен күрес – маңызды мiн­­дет. Бiз мұны үкiметтiң отырысында жеке қараймыз”, – деп атап өткен едi.
Ал парламент cенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында мал үшiн жаны қиылған үш ағайындының қазасын, олардың балаларының жетiм қалуын қасiрет деп таныды. “IIМ мұқият тергеу жүргiзiп, кiнәлiлердiң бәрi жазаға тартылатынына сенемiн”, – деп жазды ол өзi­нiң Twitter желiсiндегi парақшасына.
Г.Қапан.

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар