1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №77 (16159) 27 қыркүйек, сейсенбі 2016
27 қыркүйек 2016
Қағынған қарақшылар үш адамды өлтiрiп, 9 баланы жетiм еттi

Алматы облысы Ұзынағаш ауылында қарақшылар қолынан қаза тапқан үш жiгiттiң мәйiтi осы аптада жер қойнына берiледi. Олардың артында 9 бала қалды. Марқұмдардың туыстары әзiрге күдiктiлерге қатысты ештеңе бiлмейтiндерiн айтып отыр. 

Қытайдан көшiп келген Жарқынбек Долданұлы, Мұқият Зарлыханұлы және Қадылбек Әлiмхан Шығыс Қазақстаннан Алматыға мал тасып, сатумен нәпақасын тауып жүрген. 18 қыркүйекте бiр-бiрiне туыс болып келетiн үш азамат үй-iшiне екi жүк көлiгiне тие­ген 43 малды Ұзынағаштан 40 шақырым жердегi ауылда тұратын сатып алушыға апаратындарын айтады. Содан iзiм-ға­йым жоғалып кеткен үш жiгiттiң жақындары полицияға хабарласқан. Тәр­тiп сақшыларынан бөлек, оларды 200-ге жуық ерiк­тi iздеуге атсалысады.
Кейiнiрек Алматы облыстық IIД өкiлдерi жо­ғал­ған үш азаматтың мәйiт­терi Ұзынағаштан 200 шақырым жерден табылғанын хабарлады. Қылмыскерлер олардың мәйiттерiн құмға көмiп кетiптi. Жүк көлiгiнiң бiрi Дегерес ауылынан шықты, екiншi жүк көлiгiн өртеп жiбермек болған қылмыскерлер оны Қарашеңгел ауылының iргесiн­дегi жолда тастап кеткен. Күдiктiлер малдың бесеуiн сатып үлгерiптi, қалған мал қайтарылған.
Бұл қанды оқиға Ұзынағаш тұрғындарын дүр сiлкiндiрдi. Полициядан қылмыскерлердi дереу табуды талап еткен халықты басуға облыстық IIД бастығының орынбасары мен облыс әкiмдi­гi­нiң өкiлдерi арнайы келдi. Халықпен кездесудiң басы-қасында болған қоғам белсендiсi Рақым Айыпұлының айтуынша, халық полицияның қыл­мыс­тың iзiн суытпай ашпағанына наразы болыпты. Себебi марқұмдарды соңғы рет көрген жiгiт­тер мал тиелген көлiктiң алдында 3 жеңiл көлiктiң жүрiп отырғанын, оның бiрiнiң түсi қызыл екенiне дейiн айтқан. Көпшiлiк полицияның қылмысты iстеген екi адам деген дерегiне де сенбейдi. Рақым Айыпұлының сөзiнше, ұсталғандар бұрын адам өлтiргенi үшiн сотталған көрiнедi. Қазiр абақтыға қамалған Жамбыл ауданының екi тұрғынының үстiнен “Кiсi өлтiру” деген баппен қылмыстық iс қозғалған. Полиция қызметкерiнiң бiрi күдiктiлердiң үш жiгiттi атып өлтiргенiн хабарлаған.
 Рақым Айыпұлы полиция және жергiлiктi билiк өкiлдерi халықпен тiлдес­кенiмен, көпшiлiктiң көке­йiндегi күдiк сейiлмей тұрғанын айтады. Өйткенi бұған дейiн де Ұзынағашта кәсiпкерлердiң малын барымталап, тартып әкет­кен қылмыстардың ешқайсысы ашылмай, жабулы қазан күйiнде қал­ған. Ел арасында қарақшылардың полицияда, басқа құзырлы органдарда сыбайластары, жебеушiлерi бар деген сыбыс тараған. Соншама мал тиеген кәсiпкерлердi өлтiрiп, малдарын сатып-өткiзу екi адамның ғана қолынан келмейтiн шаруа деседi жұрт. Халық ұйымдасқан қылмыстық топтың барлық мүшесi ұсталмайынша, мұндай айуандық әрекеттер тыйылмайды деген пiкiрде.
 Ұзынағаштағы қанды оқиға құқық қорғау органдарына деген сенiмсiз­дiктiң күшейiп кеткенiн көрсетiп отыр. Ендi бұл қылмысты толық ашып, елдiң сенiмiн қайтару күш құрылымдарына сын болмақ. “Жас Алаш” бұл оқи­ғаны назарында ұстайды. 
Қаскөйлер қолынан қаза тапқан Жарқынбек­тiң, Мұқият пен Қадыл­бектiң ата-анасына, отбасына, туыстарына қайғырып көңiл айтамыз.
Әдiл ҰЗАҚБАЙ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар