1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
5 мамыр 2017

Биліктегілер «сатамыз» деп, халық «оларың болмайды» деген жер дауының басталғанына, міне, бір жыл толды. Мұнда «кім жеңдіге» келер болсақ, әрине, халық жеңді деуге толық негіз бар. Келер пайданың тиынына дейін санап қойып, жерді жалға беру мен сатуды бастайын деп тұрған шағында оянған халықтың жаппай қарсылығынан сескенген билік аяғын тартып, бірнеше жылға мораторий

5 мамыр 2017

АТҚАМІНЕРЛЕР АРУАҚТАРДАН ҚОРЫҚПАЙ МА?
Бізде қан майданда қаза тауып, жат жерде қалған жауынгерлердің сүйегін арада қаншама жылдар өтсе де іздеп тауып, туған жердің топырағына әкеліп жерлейтін жақсы бір үрдіс бар. Ал кезінде халық үшін жанын қиған, «халық жауы» деген жаламен жазықсыз атылып, зұлмат саясаттың құрбаны болған арыстардың сүйегі аяғымыздың астында жатқанын білсек те, трактормен таптаймыз

3 мамыр 2017

«Жас Алаш» газетінің 29 сәуір күнгі №34 санында «Солдат Никулиннің естеліктері» жарияланды. Мен осы естеліктерге қатысты өз ойларымды айтсам деймін. Мақаланы оқи отырып, бір жағы, кешегі зұлмат күндердің ауыртпалығын көрген майдангерлердің аянышты тағдырларына жүрегім ауырса, екінші жағынан, көпке топырақ шашқан қарт жауынгердің айтқандарына ызам келді. Неге дейсіздер ғой, өйткені бұл сұрапыл соғысқа менің атам Қыдырбай да қатысты, қатысқаны сол

3 мамыр 2017
Жеңіс күні 20 жыл бойы неге тойланбады?

9 Мамыр жақындаған сайын баспасөзде, әлеуметтік желілерде дау көбейеді. Жұрт екіге жарылады. Дау «Ұлы Отан соғысы ма, Екінші дүниежүзілік соғыс па?» деген сұрақтың төңірегінде өрбиді. Екі жақ та қайтпайды. Қарап тұрсаңыз, бұл да отарланған сананың бір көрінісі. Тарихтағы атау – Екінші дүниежүзілік соғыс. Сонда дау қайдан шығады дейсіз ғой. Дау Совет өкіметінің құлағанына ширек ғасырдан бері сене алмай жүргенде соңғы жылдардағы Ресей билігінің Сталинді қайта ұлықтай

3 мамыр 2017
9 Мамыр – мереке емес, аза тұту күні

Өткен тарихқа ортақ ой мен көзқарастың болмауы қандай да қоғамның іштей әлсіздігіне, араздығына, сыртқы ықпалға бейім болуына әкеледі. Қазақ елі үшін сондай тақырыптың бірі – 9 Мамыр. Жыл сайын аталып өтетін осы күн қоғамда қызу пікірталас тудыратыны жасырын емес. Бірі оны Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткен Кеңес Одағы халықтарының ортақ мерекесі деп таниды. Басқалары 50 миллион адамның өмірін жұтқан қасіретті қуана тойлаудың еш реті жоқ, бұл қайғы мен еске түсіру күні деп санайды. Енді бірі екі басқыншы империя текетірескен, қазақ үшін бөтен, кескілескен ұрыс

25 сәуір 2017
Балақсыз дін мен сақалды саясат қайда апарады?

Қайда апаратыны белгісіз. Салафизм-уахабизм деп сипатталған теріс діни ағымға Қазақстанда заңмен тыйым салынбаған. Сондықтан мұндай ағымдардың жұмыс істеуіне кедергі жоқ. Мұртсыз ұзын сақал қою, қысқа балақты шалбар кию де салафизм жолын ұстанушылардың сыртқы белгілері делінеді. Қоғамда неше жылдан бері қып-қызыл даудың ошағына айналып, елдің үрейін алған теріс

13 сәуір 2017
Әлияның идеясы, Ақанның ақшасы, Арыстанбектің арманы және Тұмар ханым

22 ақпанда өткен Ұлттық ғылым академиясының жалпы жиналысының салтанатты сессиясында сөйлеген сөзінде президент Н.Назарбаев: «Кейде анау тарихқа, «Томирис қазақ екен», «Шыңғыс хан қазақ екен» дегенде менің ішім ауырады. Біздің басқа айтатын сөзіміз жоқ па? Басымызды артқа бұрып, алға қарай қалай жүреміз? Алға қарайтын кез келді», – деген еді. Бірақ президенттің бұл сөзі туған қызы Әлия Назарбаева

13 сәуір 2017
Енді «алжыған апай» сабақ бере ме?

Келесі жылдан бастап әйелдердің зейнет жасына шығу мерзімі біртіндеп ұзарады. Жыл сайын алты айдан жылыстап, бұйыртса, 2027 жылдың соңында ерлермен теңеседі. Бірақ бұдан табиғаты нәзік, жолы жіңішке әйелдің қоғамдағы, отбасындағы рөлін, күш-қуаты мен қажыр-қайратын ер-азаматтармен теңестіре аламыз ба? Зейнет жасы мен әйелдерге қатысты

13 сәуір 2017

НАЗАРБАЕВ «ТӨЛЕЙ АЛМАСАҢ, КРЕДИТ АЛМА» ДЕЙДІ

Ұлттық банктің 2016 жылғы қызметінің есебін тыңдаған президент Нұрсұлтан Назарбаев «үкімет пен екінші деңгейлі банктерге қазақстандықтарды масылдық әдетінен арылтуды тапсырды» деп ақпарат агенттіктері жарыса хабар таратты. «Қайта қаржыландыру бағдарламаларына 130 миллиард

13 сәуір 2017

Тәуелсіз Қазақ елінің энергетикалық әлеуеті өте қызық. Инновация дәуірінде өмір сүріп жатса да, еліміздің көптеген өндіріс ошақтары, тас дәуірі демей-ақ қоялық, қола дәуірінің заңдылығымен жұмыс істеп тұр. Электр қуатын өндіретін мекемелердің 70 пайыздан астамының әлі тас көмірсіз күні жоқ. Тек 30 пайызы газ бен мұнайдың, су көздерінің үлесінде. Күн мен желдің үлесі

11 сәуір 2017
Мырзатайдың мақтауы президентке зиян

«Жас Алаш» газетінің 4 сәуірдегі санында «Герағаңды жазғыру – дәрменсіз адамның сөзі» деген тақырыппен академик Мырзатай Жолдасбековтің жария күнделігінде жазылған жай туралы материал жарық көрді. Оқыдым.
Мақалада күнделіктерден үзінді, Жолдасбековтің, Ермұрат Бапидың пікірлері беріліпті. Сол жазылған жайға орай, Мырзатай Жолдасбеков жөнінде ойымды айтсам деп едім. Мырзатай мырзаның кіріспейтін жері жоқ. Үнемі президентті мақтап жүреді. Ал оның мақтауы президентке зиянын тигізіп отыр. Өйткені халық шаршады,

6 сәуір 2017
Дүбірлеп басталып еді... күбірлеп айтатын жағдайға жетті

Біздің жемқорлық жайлаған қоғамда тәп-тәуір істі дамудың жарқын көрінісі іспетті дабыралатып бастап, соңын қоңыраулатып дабыл көтеруге ұластыру үйреншікті әдетке айналып кеткен. Әсіресе, отандық медицинаның үздік жетістіктерін тізгенде әлем елдерінің алдына түсіп кеткенін айтуға даяр тұратын Қазақстанда халық денсаулығының оңып тұрғаны шамалы екендігі мойындауға тиіс шындық. Ал Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен өңір тұрғындары ғана емес, еліміздің көптеген облыстары, тіпті Ресейдің көршілес аймақтарының халқы ауыр дерттеріне араша боларына үміттенген Семейдегі радиологиялық орталықтың радиоизотопты диагностика және терапия бөлімшесінің жеме-жемге

6 сәуір 2017
Бас прокурор түскі асқа шақырады

НЕМЕСЕ ЖАҚЫП АСАНОВТЫҢ БАСТАМАЛАРЫ НЕГЕ АЯҚСЫЗ ҚАЛА БЕРЕДІ?
Сыр елінде шыр етіп дүниеге келіп, мектеп бітіріп, жоғары білімді Алматыда алып, шырайлы Шымкентте шып-шып терлеп қызмет еткен еліміздің бас прокуроры Жақып Асанов оңтүстікте көп мәселе шайдың үстінде шешілетінін жадына түйіп өссе керек. Шынында, үлкен лауазымды адамдармен дастархандас болу, бірге ас ішу жолыңды ашып, шаруаңды оңалтып жіберетіні бар. Бірақ басқа-басқа, бас прокурормен бірге ас ішу бақыты қарапайым қызметкерге бұйыруы мүмкін бе? Осыдан біраз уақыт бұрын Жақып Асанов прокурорлардың барлығына кітап оқу туралы бастама көтерді. Тіпті түнде төсекке жатар алдында қандай кітап оқу керектігін де өзі айтып

28 наурыз 2017
Пән мұғалімдері сынақтан сүрінді

Бүгінгі таңда ең жиі талқыға түсіп жүрген мәсфеленің бірі үштілділікке қатысты. Бұл орайдағы көпшілік пікірі де әр алуан. Біреулер бұл жаңашылдықтың мектептердің көсегесін көгертеріне сенсе, енді біреулер «сансыз реформалардан онсыз да көз ашпауға айналған орта білім жүйесін үштілділік одан әрі тұралатады» деген пікірде.
Соңғы көзқарасты ұстанушылардың алға тартар тағы бір дәйегі «үштілділікке жаппай көшіп кетуге дәл қазір мектеп те, мұғалім де, оқушы да дайын емес» дегенге саяды. Бір жағынан, бұл күдік негізсіз де емес. Күні кеше ғана Altaynews.kz ақпарат агенттігі Шығыс Қазақстан облысы мектептеріндегі қазақ,

19 наурыз 2017
Досай КЕНЖЕТАЙ, теолог, профессор: ШЕТЕЛДЕ ДІНИ БІЛІМ АЛУДЫ РЕТТЕУ КЕРЕК

Шетелде білім алуға қарсы емеспін. Себебі өзге елдердің жүйе, құқық, білім беру, мәдениет, тәртіп, тіл, ойлау жүйесін өз елімен салыстыру арқылы адам шыңдала түседі, өрісі ашылады. Сондықтан президенттік «Болашақ» бағдарламасын қолдаймын. Оның ішкі мазмұны басқа мәселе, әрине. Бұл жердегі сөздін құбылысына қатысты болмақ.
– Діни білімнің құндылықтар жүйесіне, болмысқа қатысты қыры маңызды. Өйткені діни таным да, діни сана да, діни сенім мен діни тәжірибе де болмысқа қатысты нормалық-аксиологиялық қуаты бар қабаттар. Сондықтан бүгін шетелге діни білім алуға кеткен әрбір

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17»