1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
5 қазан 2017
Қызылордада жасөспірімдер қылмысы өршіп тұр

Қызылордада жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық 4,9 пайызға өсіп, облыста жасалған жалпы қылмыстардың 40 пайызына жеткен. Бұл мәселелерді Қызылорда қаласының прокуроры М.Досмағанбетов «жергілікті полиция қызметінің әрекетсіздігінен» деп отыр. Статистикаға жүгінсек, қылмыс жасаған 43 жасөспірімнің 20-сы оқуда жоқ жас болса, 23-і оқу орындарында білім алып жүргендер. Оның ішінде 11 мектеп оқушысы  
 

5 қазан 2017
Мүгедек балаға жатбауыр болмау – имандылықтың белгісі

Мүгедек балаларға орта білім беруді міндеттейтін арнайы бағдарлама мен ұлттық жоспар бекітілгенімен, бұларға қамтылған ерекше балалар саны министрліктің жоспарына сай келмей тұр. Себебі инклюзивті білім беруге тиіс мектептердің көбінде мүгедек балалардың еркін жүріп-тұруына жағдай толық жасалмаған. Алматы облысының тұрғыны, төрт баланың анасы

5 қазан 2017
Ақбикештің мұңын кім тыңдайды?

«Созақ – біріншіден, қария; екіншіден, мінез; үшіншіден, өнер». Белгілі сөз шебері Асқар Сүлейменов өзінің туған жері, шежірелі Созақ туралы осылай деп айтқан екен. Шынында, Созақтың тұла бойы сырға, құпия, жұмбаққа толы. Мұнда әрбір төбенің өз тарихы бар. Ауыл аттарының барлығы дерлік сол жер атауларына байланысты қойылған. Соның бірі – аудан орталығынан жырақта жатқан Ақсүмбе ауылының төбесінен төніп тұрған Ақбикеш арудың мұнарасы. Ақбикеш ару дегеніміз кім? Әрине, әулиелі Ақсүмбе ауылының көркін
 

5 қазан 2017
Аспанға ұшқандар ажал құша бере ме?

Қара күздің қара суығы бес бірдей отбасына қайғы әкеліп, қара жамылдырды. 3 қазанда Алматы маңындағы Қосөзен ауылының тұсында EastWing авиакомпаниясына тиесілі АН-28 ұшағы апатқа ұшырап, ұшақ бортында болған бес адам (Г.Цой – ұшақ командирі, Е.Кутафин – екінші ұшқыш, Б.Акматбаев – авиатехник,

3 қазан 2017
Әйелдерді әсіредіншілдіктен сақтамақ

Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар, тәуелсіз зерттеуші мамандар экстремистердің қатарына қандай әйелдердің қосылып кету мүмкіндігін талқылай бастады. Олардың айтуларынша, радикализмге бейіл келетін қыз-келіншектердің көбі – махаббатты сезінбеген, ері мойындамаған және қоғамдағы өз орнын әлі таппағандар. Көп елде тыйым салынған

3 қазан 2017
«Жұрт бізге масыл ретінде қарайды...»

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөлініп, қамқорлық көрсетілуге тиіс. Бұл – бәріміздің қоғам алдындағы парызымыз. Ұлы бабамыз әл-Фарабиден «Қай елді бақытты деп айтамыз?» деп сұрағанда «Қайыршысы жоқ, кемтар жандарға қолұшын беретін ел бақытты» деген екен. Cоңғы жылдары мүмкіндігі шектеулі балалардың саны көбейіп барады.

28 қыркүйек 2017
Фрейд жаңылысы немесе депутатты кім түзейді?

Әміржан ҚОСАНОВ арнайы «Жас Алаш» үшін

«Сұрағанға – тілеген, іздегенге – сұраған»: билікті атарға оқ таба алмай жүрген біраз адамға ауыл жастарына қараптан-қарап тіл тигізген депутат Владимир Божко мықты себеп тауып берді. Бірнеше күн әлеуметтік желі, баспасөз ұлардай шулап, қоғамдық пікір қайнап жатты. Қазіргі «модный» сөзге салып трендшілесек (өзекті мәселе, үрдісте), әшейінде көзге түсе бермейтін бұл депутат

26 қыркүйек 2017

Бүгінгі қоғамның қатерлі ісігі сыбайлас жемқорлық болып тұр. Күрескен сайын жетібасты айдаһардай бой бермейтін түрі бар. Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті жанындағы экономикалық зерттеулер қызметі «соңғы жарты жыл ішінде республика бойынша 150 млрд теңге жымқырылған» деген деректі алға тартады. «Ерте оянған ел» деген атау алған Қытайда сыбайлас жемқорлықпен ұсталғандарды ату жазасына

26 қыркүйек 2017
Бүгінгі білім министрі «шахид белдігін» таққан жанкешті

Айдос САРЫМ арнайы «Жас Алаш» үшін
Жақында сенат ұйымдастырған «Орта білім беру жүйесінің жай-күйі, проблемалары және заңнамалық реттеу перспективалары» тақырыбына арналған парламенттік тыңдауларда осы саланың екі аяғынан ақсап, ұлтымыздың болашағына тікелей әсер ететін ең маңызды министрлік басшылығы сынға алынды. Сынайтындай жөні бар. Алайда, біздің ойымызша, көптеген өзекті мәселелер мен қордаланған сұрақтар мүлдем қозғалмаған

26 қыркүйек 2017
Астана АЛАШТЫ неге жақтырмайды?

Өткен аптада Семейде ел асыға күткен Алаштың көрнекті қайраткері Әлихан Бөкейханның ескерткіші ашылды. Қала халқы үшін ғана емес, бүкіл қазақ үшін шексіз қуаныш сыйлаған айтулы оқиғаның тарихи мән-маңызы туралы тәптіштемей-ақ қоялық. Ең бастысы, Әлихан ескерткішінің қала орталығында асқақтап тұратыны семейліктердің дәл осы күнгі қуанышының бастысы болды деуге әбден болады. Тіпті тұп-тура бір ғасыр бұрын Сұлтанмахмұт Торайғырұлының
 

21 қыркүйек 2017
Серік ӘБІКЕНҰЛЫ, журналист, жазушы: Ұлттың өзін қор санауы – ұлттың әлсіздігі

Ұлтшылдық ұғымы қазіргі кезде сұрықсыз сөзге айналды. Оның негізгі бір себебі – орыс «ойшылдарының» ұлтшылдықты адамның рухани кемістігіне теңеп сипаттауы. Ал, шындығында, ұлтшылдық – кез келген мемлекетті алға сүйреуші күш. Ұлтшылдық дегеніміз – ұлт құндылықтарын негізге ала отырып, тұтас мемлекетті қалыптастыру. Мәселен, бізде Қазақстан халқы ассамблеясы дейтін ұйым бар. Осы ұйымдағы әр ұлттың жеке

21 қыркүйек 2017
Сақалды телефонның сыры неде?

Күні кеше Шымкентте телефон саудалайтын бір топ теріс діни ағым өкілдері тұтқындалды. Ресми хабарламада былай делінеді: «Бұл операция теріс ағымдардың өкілдерінен тұратын қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қою үшін жасалды. Олар ұрланған телефондардың идентификациялық кодын өшіріп, оған экстремистік сипаттағы материалдарды жазып, қайта сатып отырған. Қазір осыған байланысты тергеу амалдары басталды». Бұл теріс ағымдармен күрестің басы ма әлде жеке жағдай ма

19 қыркүйек 2017

Неғып екенін қайдам, мәжіліске «төтенше қызметтен» келген Владимир Божко соңғы кездері әңгімеге төтеннен қосылып, төбеден қойып қалатын болып жүр. Әңгімесіне қарасаңыз, қазақ жастарын шіли жақтырмайтын сияқты. Естеріңізде болса, мәжіліс төрағасының орынбасары В.Божко өткен көктемде бір ұсыныс айтқан-ды. Бір қарағанда жап-жақсы-ақ

14 қыркүйек 2017
Азғындар азбанға айнала ма?

(ПЕДОФИЛДЕРДІ ХИМИЯЛЫҚ КАСТРАЦИЯЛАУ ХАҚЫНДА)
Бұрын ауызға алына бермейтін педофилия тақырыбының бүгінде қоғамның ең актуалды мәселелерінің біріне айналған жайы бар. Себебі азғындық оқиғалары соңғы кезде жиі қайталануда. Тіпті мал құлағы саңырау дейтіндей небір сорақы қылмыстық жайттарды естіп, жанымыздан түңілген кездеріміз де көп.
 

14 қыркүйек 2017

Соңғы кездері әлеуметтік желі десе әкімдер әжептеуір абыржып қалатынды шығарды. «Қай қимылымыз, қай сөзіміз әлеуметтік желіде жарқ ете қалар екен?» деп, ойға барса да, тойға барса да айтар сөзін он ойланып, мың толғанып, реті келсін-келмесін президентке алғыс жаудырып, жан-жағына жалтақ-жалтақ қарап, жүректері әбден шайлығып қалған. Қазір қит етсе мемлекеттік қызметкерлерді мүйіздеуге дайын тұратын

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12»