1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
24 желтоқсан 2015
Қазiргi кезде Қазақстанды “полиэтникалық мемлекет” деп атау өрiс алып бара жатыр. Ал мемлекет “полиэтникалық” деп аталау үшiн ұлттардың сандық ара-қатынастары қандай болуы керек және олардың бiрге тұрған тарихи мерзiмi қаншалықты болу керек? Осы мәселелердi анықтау үшiн статистика мәлiметтерiне сүйенiп көрейiк. Соңғы санақ бойынша, Қазақстан халқы 17,5 миллионнан асады екен.
24 желтоқсан 2015

Жабайы деген онша жақсы сөз емес. Жалмауыз одан мың есе жаман. Бiрақ бiздiң қоғамда жабайылар мен жалма­уыздар аз емес секiлдi. Бiр қызығы, мұны бiз аңдамаймыз. Ал сырт көз бiрден байқайды. Мәселен, жуырда ғана Қазақстанға келген Беларусь азаматы Евгений Шапошников қазақтың жол сақшыларын жабайыға теңеп кеттi. Намысың келедi, әрине. Бiрақ амал кем.

15 желтоқсан 2015
Бiзге қағаз жүзiндегi емес, iс жүзiндегi Тәуелсiздiк керек!
Бiздiң қағаз жүзiндегi Тәуелсiздiктi тойлап жүргенiмiзге дәл 24 жыл болды. Ал iс жүзiндегi Тәуелсiздiктi... Ендi ерiксiз осы жерде Ататүрiктiң түрiк жастарына арнаған өсиетi еске түседi: “Ей, түрiк жастары! Сенiң бiрiншi мiндетiң – түрiк Тәуелсiздiгiн қорғау және сақтау! Сенiң тiрлiгiңнiң де және болашағыңның да жалғыз негiзi, жалғыз тiрегi – осы, Тәуелсiздiк! Бұл – сенiң ең қымбат байлығың!”.Ататүрiктiң айтуынша, бiздiң ең жалғыз сүйенiшiмiз де, ең жалқы тiрегiмiз де – Тәуелсiздiк! Ал ендi бiз өз Тәуелсiздiгiмiздi, ең қымбат байлығымызды қайтiп қорғап, сақтап жүрмiз?
10 желтоқсан 2015
Ардагерлер ұйымы менiң меншiгiм емес
Құрметтi “Жас Алаш” газе­тiнiң редакциясы!  Га­зет­тiң 2015 жыл­ғы 27 қазандағы №85 санында жарық көрген бiр топ ақсақалдардың “Ақсақал атына лайық болайық” деген хатына байланысты түсiнiк бермекпiн. Маңғыстау облыстық ардагерлер кеңесiнiң төрағасы Амангелдi Ғұмаров деген мен боламын.
10 желтоқсан 2015
Заты алмасқан ұғымдар: Қожайын мен қызметшi

“Халық – Құдайдың екiншi аты” дейдi қазақ. Мұны жұрт бiлгенiмен, шендiлер ұқпай жүр. Дұрысы, қыстырмайды. Қыстырмайтыны – шонжарлардың көпке қоқаңдауынан, қазақты “жалқау” деп мiнегенiнен, жалақы ала алмай жаны күйiнген жұмысшыларды бүлiкшiге балауынан, шеттен келген қандасқа шекеден қарауынан көрiнедi. Мемлекеттiң байлығын оңды-солды шашу да – халықты сыйламаудан туған сықпыт. Жемқорлықтың асқынуы да – халыққа жаны ашымастықтың белгiсi.

8 желтоқсан 2015

Жақында ғана террорлық шабуылға ұшыраған француз астанасында тағы бiр жаһандық түйткiл – климаттың өзгеру мәселесiн талқылауға арналған әлемдiк форум өттi. Қарашаның 30-да Парижде бас қосқан 150-ге жуық елдiң басшысы 12 күн бойы әлем елдерiне ортақ Жердiң температурасын Цельсий бойынша 2°C-тан асырмау туралы жаңа келiсiмге қол жеткiзуге тырысты.

8 желтоқсан 2015

“Хабар” мен “24kz” телеарналарының Лондондағы тiлшiсi Бэла Құдайбергенова жұмысынан босады. Оның “Ары қарай өтiрiк айта алмаймын, жұмыстан кетемiн” деген сөзi әлеуметтiк желi қолданушылары тарапынан қызу қолдау тапты. Журналистiң бұл кетiсiн “Су iшкен құдығына түкiрдiге” балап жатқандар да бар. Алайда “өтiрiк айтудан шаршадым” дегенiне ешкiм де дау айта алмаса керек.

3 желтоқсан 2015
Жұмбағы көп желтоқсан

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттiк технологиялар және инжиниринг университетiнде маңғыстаулық желтоқсаншылар Айша Айтжанова мен Тоқтар Әжiғұловтың және кәсiпкер азамат Мұхтар Сейдалиевтiң белсене араласуымен “Тоғанай Т” баспасынан жарық көрген “Алматы 1986 Желтоқсан” айғақ-кiтаптары 8 томдығының тұсаукесер рәсiмi өттi.

1 желтоқсан 2015
Абайлаңыз, көршiңiздiң бақылауындасыз
Алматылық полицейлер жаңа жобаны iске қосты. Ендiгi жерде әрбiр тұрғын өз көршiсiнiң қырағы бақылауында болмақ. Жобаның өз атауы да қызық, “көршi бақылауы” деп аталады. Алматы қаласы, Медеу аудандық полицейлерi тұрғындарға өз көршiле­рiн бақылауда ұстауға ұсыныс жасады деп хабарлайды қалалық Iшкi iстер департа­мен­тiнiң баспасөз қызметi.
24 қараша 2015
Құрт ауруы кейiн шегiндi
ОҒАН САУМАЛДЫҢ ДА СЕПТIГI ТИIП ЖАТЫР
Туберкулездi кейде қазақтың дертi деп те атайды. Бұл тым асыра айтылған сөз шығар, дегенмен атың өшкiр құрт ауруының қазақты көбiрек төңiректегенi рас. Тарихи деректерге қарағанда 19-20 ғасырларда қазақ даласында бұл аурудан көз жұмған қазақтың саны өте көп болған. Басқаны былай қойғанда, сол дәуiрлерде құрт дертi ұлтымыздың қаншама атақты адамдарының өмiрiн жалмады. 
19 қараша 2015
Алматы қаласы Алмалы ауданының соты “Жас-Ай” директорының талабын қанағаттандырып, Жасанның алдына “Жас Алашты” жығып берiптi. Ендi елдiң мұңын мұңдап, жоғын жоқтап жүрген ұлт басылымының тiлшiлерiнен пәлен миллион өндiрiп, мұртын майламақшы екен. Осы шешiм онсыз да көңiлi пәс халқымның, Алтайдан Атырауға дейiн созылып жатқан байтақ жұртымның жүрегiне сұғылған қанжардай қабылданып жатыр.
5 қараша 2015
Ұлттық құндылықтарға шекесiнен қарайды

Кереку өңiрiндегi орыстiлдi ағайындардың бiразы қазақ ұлтына қатысты кез келген оң мәселеге одырая қарайтыны бар. Бiр қызығы, бұл өңiрде басқалардың жоғын жоқтап, қазақтың ұлттық мүддесiне қарсы шыққан адам “интернационалист” атанып, құрметке бөленедi. Ал қазақтың тiлi мен оның ұлттық құндылықтарын қорғаған кiсi қолма-қол “ұлт­шыл”, “ұлт араздығын қоздырушы” болып шыға келедi.

5 қараша 2015
АШЫҚ ХАТ
Ақтөбе облысы қазбаға қаншалықты бай болса, улы қалдыққа да соншалықты бай. Соңғы жылдары аймақтағы мұнай өндiрушi қытайлық компаниялар мен оның серiктестерi (ЖШС-ТОО) жердiң асты-үстiнiң астан-кестеңiн шығаруда. Тау-тау мұнай қалдықтары мен септиктер төгiлген сай-сала, ой-шұңқырға ауылдың малы жайылады, адамы су iшедi. Қытайлардың қылмысты iстерiн дәлелдейтiн фото, бейне айғақтар жетерлiк
29 қазан 2015
Қазақта “үмiтсiз – шайтан” деген сөз бар. Бұл тек шайтанда ғана үмiт болмайды, адам сенiм және үмiтпен өмiр сүредi, ал үмiтi жоғалса, өмiрiнiң мәнi жоғалады дегендi бiлдiрсе керек. Расында да, адамды бұл пәниде ұстап тұратын – сенiм мен үмiт қана ғой. Бұл екеуiнен ажыраған адам шарасыз күйге түсiп, өмiрден қол үзедi. Бiздiң қоғамды осындай шарасыздық, амалсыздық, лажсыздық қатты жайлаған. Әдiлеттi еш жерден таппай iшi күйiкке толы жұрт тығырықтан шығарар жолды қайдан, кiм­нен iздейдi? Әлбетте, мем­лекеттен, сол мемле­кеттiң билiгiнен.
27 қазан 2015
Өзiн-өзi өртеген Ерлан Бектiбаевтың соңғы сөзi: “Барар жер, басар тауым қалмады” (видео)
Сұмдық оқиға! Адам жанын түршiктiретiн жағдай! Тiптi айтудың өзi ауыр. Бiрақ үнсiз қалуға болмайды. Қаршадай қазақ баласы өз-өзiне қол салды, қыршынынан қиылды. Тараздағы “Нұр Отан” партиясы ғимаратының алдына барды да, соңғы сөзiн айтты. Сосын үстiне жанармай құйып, шырпы тұтатты. Бiттi. Ел аман, жұрт тынышта өрiмдей жас өлiм құшты. Кiм кiнәлi? Оны мұндай қадамға итермелеген не? Бұл елiмiздегi өзiн-өзi өртеу оқиғаларының алғашқысы ма? Жоқ. Бұған дейiн де жаға ұстатарлық талай оқиға болды. Ал мынау соңғысы болып қала ма? Соңғысы болу үшiн не iстеуiмiз керек? Мiне, бұл – ел-жұрттың жабыла талқылайтын, үкiметтiң дереу қолға алатын мәселесi.
беттер:«9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19 / 20 / 21 / 22 / 23 / 24 / 25 / 26 / 27 / 28 / 29»