1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №79 (16265)   5 қазан, бейсенбі 2017
5 қазан 2017
Қызылордада жасөспірімдер қылмысы өршіп тұр

Қызылордада жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық 4,9 пайызға өсіп, облыста жасалған жалпы қылмыстардың 40 пайызына жеткен. Бұл мәселелерді Қызылорда қаласының прокуроры М.Досмағанбетов «жергілікті полиция қызметінің әрекетсіздігінен» деп отыр.

Статистикаға жүгінсек, қылмыс жасаған 43 жасөспірімнің 20-сы оқуда жоқ жас болса, 23-і оқу орындарында білім алып жүргендер. Оның ішінде 11 мектеп оқушысы мен 12 колледж студенті бар.
«Ұрлық қылмыстарымен күрес бағытында атқарылған жұмыстарға қарамастан, пәтер ұрлығы өткен жылмен салыстырғанда 7,5 пайызға өсіп отыр. Бұл көрсеткіштің өсуінің себебін қылмыскерлердің ұсталмай, жазаға тартылмауы деуге толық негіз бар», – деді Қызылорда қаласының прокуроры Мұрат Досмағанбетов.
Дереккөзге қарағанда, тіркелген 615 пәтер ұрлығының 442-сі немесе 72 пайызы әшкереленбеген. Тұрғындарға 82 миллион теңге мүліктік шығын келтіріліпті. Бұл әрбір ұры түскен отбасы үшін 130 мың теңгеден келеді. Ал есірткі бизнесінен де көш бастап тұрған Қызылорда қаласында бұл қылмыспен ұсталған 50 адамның 16-сы 18-29 жастар аралығындағы бұғанасы қатпаған жастардың қатарында.

Дәулет ҚЫРДАН
Қызылорда облысы

fhgfghhfgfgff
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті