1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №89 ()16275) 7 қараша, сейсенбі 2017
7 қараша 2017
ӘЛЕУМЕТТІК РАДИКАЛИЗМ ТӨНІП ТҰР

ЭКСПО салған салмақтан ел еңсесі түсіп барады. Бәрінің өкпесі – осы көрме. «Бүкіл ақша соған кетті» дейді. Халық сөзі – Құдайдың сөзі. Жұрттың болжамы шындыққа айналды. Бензин қымбаттады, баға өсті, көмір тапшы, сенген үкімет картоптың құнын реттей алмай жүр. Сенім қалмады. Егер жұрттың ішіп-жемі түгенделіп, киімі бүтінделмесе, өкінішке қарай, науқанға ұласып кеткен рухани жаңғырудың құны көк тиын болмақ. Билік елдегі тұрақтылық сақталсын десе, мемлекеттік шығындарды барынша азайтып, қаржыны жариялы түрде үнемдеуге көшуі тиіс. Оны бір-бірін қайталайтын төмендегі квазимемлекеттік секторлардың көзін құртудан бастау керек:
Астана қаржылық ХАБ және «Самұрық» ҰӘҚ біріктіру;
«Бәйтерек» ҰБХ жабу;
мемлекеттің есебінен қаржыландырылатын банктер мен қаржылық ұйымдардың санын қысқарту керек;
орталық аппарат (министрліктер) пен әкімдіктер жанынан ашылған мекемелерді біріктіру;
бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы көшірме ақпараттық ресурстардың санын қысқарту (жергілікті жердегі әкімдіктің тапсырысын орындайтын пайдасыз газет-журналдарды жабу);
ІІМ қызметкерлерінің санын ықшамдау. Қазақстан бойынша «Сергекті» орнатты, енді тиісінше қызметкерлер санын да азайту керек.
Бұдан басқа, барлық мемлекеттік деңгейдегі үнемдеулердің есебін ақпарат құралдарында тұрақты түрде жариялауы тиіс. Есеп комитетінің құзыретін кеңейтіп, қаржылық бақылау органдарының өкілеттіктерін күшейту қажет.
Елдің көңіл күйін білу үшін әлеуметтік желіге үңілсе жетіп жатыр. Мұғалімі де, дәрігері де, тіпті мемлекеттік қызметкері де тістерін қайрап әрең отыр. Бұрынғыдай «соңы не болса да маған бәрібір» деушілер азайған. Меніңше, экономикалық-қаржылық қиындыққа елдің еті үйренген, оған шыдайды. Бірақ елде саяси дағдарыстың болу қаупі тым жоғары сияқты. Егер үкімет қазірден әлеуметтік төлемдер мен баға нарқын ретке келтірмесе, түрлі сипаттағы қақтығыстар тұтануы мүмкін деген қауіп бар. Неге десеңіз, 1990 жылдарда экономикалық дағдарыс елді қатты қысқанымен, халықта саяси билікке деген бір сенім бар еді. Қазір ол жоқ.
«…Қымбатшылық уақытша, бәрі ретке келеді. Әрбір азаматтың баспанасы болады. Не ішемін, не жеймін деген мәселе болмайды. Мұқтаждықтан біржола құтылып, Араб елдеріндей есепшот ашып өмір сүреміз. Мені қолдасаңыздар болды» дегендей уәде сөз жүзінде қалды.
«Араны ашылған қыран не аңды алады, не аңшының өзін алады» дегенді қазақ бекер айтпаған. Билікке көзін ашып, ойлануы керек.

Құрманәлі ҚАЛМАХАН, Журналистер одағының мүшесі

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Орынгали тураков тущыкудык ауылы | 8 қараша 2017 00:52
Оу ага сидики дурыс амал жок
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті