1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №89 ()16275) 7 қараша, сейсенбі 2017
7 қараша 2017
Латынды қазақшалау қажет

Жарлық шығып, бекітілген әліпбидің латын нұсқасын әлі де жетілдіре түсу керек. Себебі онда қазақ тіліндегі кейбір әріптер жоқ. Қазіргі И, Й әріптерін бір әріппен Іі, ал Һ, Х әріптері де бір әріппен Һ деп белгіленген. Сонда Aida деген латынша жазуды оқығанда Аида ма, Айда ма, қайсысы дұрыс болады? Kaharman дұрыс оқылады, ал Halyq, Hat-habar деп айтпаймыз ғой. Өйткені олар Халық, Хат-хабар деп айтылады. Бұл қазақ тілін бұрмалау болады.
Шет тілдерден кірген отыз шақты сөз Ц әрпінен басталса да, бұл әріпті латын әліпбиінің нұсқасына кіргізбеген. Сондықтан Х әрпі мен Ц әрпі жаңа әліпбиде болуы керек. Ч-мен жазылатын Чемпион дегеннен басқа сөз жоқ, Ч әрпін жаңа әліпбиге қоспаса да болады. Оның үстіне 10 латын әрпін үтірмен жазғанда, бір дыбысты екі әріппен жазғандай жазу көлемі орташа 25-30 пайызға өсетінін де ескеруміз керек.
Әліпбидің бекітілген нұсқасында латынның 26 әрпінен 23 әріп қолданылған, W, X әріптері жоқ, ал C дәйекшемен Ч болыпты. Дәйекше әдісі 10 рет қолданылған. Екі тілде таңбасы бірдей Іі әліпбиде де қазақшаның Іі әрпіне алып, оның үстіне ол ағылшынша Іі ғой деп, қазақшаның екі әрпінің И және Й орнына кіргізген. Осындай ағылшынның Һ әрпі қазақша Х мен Һ болып қолданылмақ. Әліпбидің мұндай бытықы-шытықы шыққаны ағылшын әліпбиін бізге қотара салғаны болып тұр. Ал, шындығына келгенде, латын әрпін таза қолданатын бірде-бір ел жоқ. Неміс әліпбиінде латын таңбасынан бөлек, 4 умляут, француздарда 5 диакритикалық белгі, испандарда 4 ерекше белгі бар. Осы тұрғыдан қарағанда біз де ежелгі төл әріптерімізді пайдаланып, ұлттық әліпби жасауымыз керек.
Қазіргі қазақша-орысша әліпбиде 42 әріптің 8 әрпі – Ё, Ч, Щ. Ъ, Ь, Э. Ю, Я қазақша сөздерде мүлдем қолданылмайды. Бұлардан басқа, Ф әрпін (физика, фосфор, франция т.б.) 100 шақты орыс және басқа шет тілдерден кірген сөзге, Ц әрпін (цинк, цемент, цирк, цифрлы технология т.б.) 30-ға жетер сөзді айтқанда және жазғанда қолданамыз. Осыны ескерсек, қазақ әліпбиінде 32 негізгі және қосымша екі әріп – барлығы 34 әріп болуы керек. Осы 34 әріптің ішінде қазақ тіліне ғана тән 10 әрпі – Ә, Ғ, Қ, Ң, Ө, Ұ, Ү, һ, Ы, І бар. Осы әріптер жаңа әліпбиімізде сөзсіз болуы керек. Латын графикасын қолданатын ағылшын тілінде 26 әріп бар. Ағылшын тілі қазақ сөздеріне мүлде ұқсамайды, әріптерінің оқылуы да басқаша. Сондықтан тек ғана ағылшын әріптерін алсақ, жазғанымызды оқуымыз қиындайды.
Ағылшынның 12 әрпі біздің таңбаларымызға тура келеді. Мысалы, ағылшынның F, C, Ү-сі жаңа қазақ әліпбиінде Ғ-ға, С-эс, Ү-ү болғаны жөн. Қалған 9 әріптің айтылуда, жазылуда екі тілде де бірдей. Қазақша да, ағылшынша да айтуы ұқсас 14 латын әрпін жаңа әліпбиімізге кіргізуге болады. Олардың ішінде Г=G, Ж=J, З=Z, И=I, У=U, Ф=W, Ш=S деу үйреншікті болып келеді. Қалған ұқсас 7 әріп латын графикасындағы B, V, Q, L, N, P, R біздің әріптерді – Б, В. Қ, Л, Н, П, Р таңбалауға қиыншылық тудырмайды. Сонымен, жаңа әліпбиімізге 26 латын әрпін тегіс кіргіздік дейік. Сонда қазіргі қазақ 8 әрпін жаңадан таңбалау қалады. Тіліміздің көркі – өзіміздің төл әріптеріміз. Сондықтан, ең дұрысы, қазір пайдаланып келе жатқан Ә, Й, Ң, Ө, Ұ, Ы, І төл әріптерімізді, оларға қоса, Ц әрпін жаңа әліпбиімізде сол қалпында сақтау. Бұл тіліміздің ерекшелігін, байлығын көрсетеді. Өзімізге де үйреншікті. Шетел азаматтарына үтірмен жазылатын әріптердің орнына төл әріптерімізді үйрену қиынға соқпайды. Жаңа әліпбиде төл әріптеріміз өзгеріссіз қалса, оған қоса, ағылшынша қазақша таңбалары бірдей 10 шақты әріп болған соң, кириллицамен жазылған қазақ әдебиетін еркін оқуға болады.
 

Әбдікәрім ЖҰМЫРОВ
Алматы қаласы
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (3)
Mereke Erjan | 8 қараша 2017 09:16
Өте дұрыс бастама. Өз төл әріптерімізді қолданыстан шығармай-ақ латын әліпбиіне көшуге болады.
дипломат | 8 қараша 2017 12:19
Ц деген дыбыс ешбір тілде жоқ, ол т мен с-ның қосындысы!
Ерсін | 9 қараша 2017 10:17
Тамаша ұсыныс екен. Менің де ойым қазақтың төл әрпін солай қалдыру керек деп ойлап жүргенмін. Өте дұрыс. Жаңадан Американы ашып керегі жоқ.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті