1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш 1 қаңтар, бейсенбі 1970
24 қазан 2017
Нұрлан НОҒАЕВ, Атырау облысының әкімі: ЕШКІМДІ АЛДАҒАН ЖОҚПЫН

– Ешкімді алдаған жоқпын. Митингтен соң ешкім қудаланбайтынын айттым. Қудаланған жан болған жоқ. Олар (сотталған белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аян – ред.) Төлешовтің (билікті басып алуға талпынды деген айыппен сотталған кәсіпкер – ред.) ісімен тартылды. Өз басым ешкімді алдаған жоқпын. Айтқан сөзімде тұрдым. Сәуірдің 24-інде Атырауда болған митингіге ешқандай санкция болған жоқ. (....) Ешкімді алдаған жоқпын.
Астанада қазанның 20-сында өткен баспасөз мәслихатында Атырау облысының әкімі тілшілердің жер дауымен митингке шыққандарды қудаламауға қатысты сұрағына осылай жауап берді. Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылдың 24 сәуірінде Атырауда жер дауымен алғашқы бейбіт шеру өтті. Митинг ортасына өз аяғымен барған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев шеруге шығушыларды таратуға үгіттеп, ешкімнің қудаланбайтынына уәде берді. Ал былтыр 28 қазанда жерді қорғаған белсенді Макс Боқаев пен Талған Аян сот шешімімен «әлеуметтік араздықты қоздырды», «жалған ақпарат таратты», «қоғамдық тәртіпті бұзды» деген айыптармен бес жылға сотталып кетті.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті