1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
23 ақпан 2010

12 ақпанда Республика сарайында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күнiне орай өнер жұлдыздарының қатысуымен «Соғады жүрек» атты ән-жыр кешi өттi. Бұл кештi «EL production compa­ny» мен М.Мақатаев халықаралық қоры ұйымдастырды. Ән-жыр кешiне Бибiгүл Төлегенова, Нұрғали Нүсiпжанов, Мақпал Жүнiсова, Қарақат Әбдiлдина, Рамазан Стамғазиев және өзге де күмiскөмей әншiлермен бiрге «НұрМұқасан», «Жiгiттер» тобы өнер көрсеттi. Сондай-ақ,

23 ақпан 2010
Жамали ДИҚАНҰЛЫ, «Қаражорға» өнер ұжымының директоры: Қазақтың ұлттық биi «Қаражорғаны» Азия ойындарының ашылу салтанатында неге билемеймiз?

Әр ұлттың өзiне ғана тән коды жазылған би өнерi болады. Мәселен, Қап тауы халқының «Лизгинкасын» жазбай танисыз. Түрiктердiң «Халайы», еврейлердiң «Фрейлехс», «Хава Нагилуы», өзбектердiң «Кагга уйинi» бар. Ал қазақтарда ше? Қазақ та биге кедей емес. «Қамажай», «Айгөлек», тағысын-тағылар. Қазақтың ұлттық билерiнiң iшiнде бояуы қанық, шоқтығы биiгi — «Қаражор­ға». «Қаражорға» өнер ұжымының директоры, ұлттық биiмiздiң шеберi Жамали Диқанұлы «Ырғақтың» редакция­сына арнайы келiп, ұлттық би өнерiне қатысты ой-пiкiрiмен бөлiскен едi.

12 қаңтар 2010

«КЕШЬЮ» ТОБЫ ТАРАЙ МА?

Әлемдiк шоу бизнесте нәзiк жандылардан құралған тамаша топтар көп-ақ. Алайда, қанша танымал болса да, солардың көпшiлiгi аз уақыттан кейiн әрқайсысы өз жөндерiн тауып жатады. Бәлкiм, бұл заңды да шығар... Қазақстанда да қыздардан құралған топтар аз емес. Солардың бiрi — «Кешью» тобы. Бұл топ 2006 жылдың сәуiрiнде құрылған. Продюсерлерi — әпкелi-сiңлiiлi Баян Есентаева мен Бағым Мұхитденова.

12 қаңтар 2010

«Хит ТВ» телеарнасы Қазақстанның эстрадалық әншi­лерiнiң рейтин­гiн жасады. Рейтинг болғанда да, Батыстық үлгi­дегi рейтинг. Мәселен, «Ең сирақты әншi», «Ең кеуделi әншi», «Ең қымбат бейнебаян иелерi» дегендей. Сонымен, мұндай мәртебеге кiмдер ие болды? Қазақстанда әдемi қыздардан құралған топтар көп. «Индиго», «Гарем», «Шайн», «Мечта», «Кешью», «FМ», «Iң­кәр», айта берсең, толып жатыр. Мұндай топтардың әнiн еркек кiндiктiлердiң ерiксiз тыңдайтыны айтпаса да түсiнiктi. Айталық, «Гарем» тобының қыздары бiршама уақыттан берi жiгiттер­дiң көз жауын алып жүрдi. Әндi жақсы айтады, жақсы билейдi, ең бастысы — бойлары ұзын.

12 қаңтар 2010
Шәуешектiк әншi-сазгер Тұрсынғали МҰХАМЕДЖАН: Тойда ән айтқанымыз үшiн ақша сұрауды ұят көремiз

«Шетте, әсiресе, Қытайда талай-талай өнерлi қазақтар жүр ғой. Сол қазақтарды елге қайтарсақ дұрыс болар едi. Мәдени саланың қазаны майланып, ошағымыз бұрынғыдан да маздай түсер едi-ау», — деп едi бiр сөзiнде этнограф ғалым Жағда Бабалықұлы. Дәм тартып, Шәуешекке барғанымызда бiр ауқатты қазақтың отбасылық асханасында сондағы қандастармен арқа-жарқа әңгiмелесiп едiк. Сол кездесуде бiрқатар ақын-жазушылармен тiлдесудiң сәтi түстi. Тұрсынғали деген жiгiтпен таныстым. Өзi әншi, өзi сазгер. Бiрнеше толғаудың авторы

3 қараша 2009

Жақында «Еларнадан» «Сағыныш» концертiн көрсеттi. Биылғысы болса керек, сiрә. Сонда кон­церттiң жүргiзушiлерi Нұрлан мен Мархабат «Жас қалам» деген әндi «Қорабай Есеновтiң әнi» деп жариялады. Ал халық жазушысы Қабдеш Жұмадi­ловтiң «Таңғажайып дүние» атты ғұмырнамалық романында жазушының досы Төлеубек Жақыпбайұлының ақындық қабiлетi болғанын, орыстың халық әнi «Сорвала я цветок полевойдың» мақамына салып, осы әндi шығарғанын жазады

3 қараша 2009

Forbes журналының тiзiмiнде Майкл Джексон үшiншi орында. Америкалық атақты журналдың жазуынша, кейбiр танымал адамдардың көзi кетсе де, артында қалдырған мұрасы оның үрiм-бұтағына жететiн байлық жиып берiп жатыр. Жақында журнал 13 адамнан тұратын тiзiм жасапты. Әрине, әзiрше бұл он үштiң жиғаны миллиард долларға жете қойған жоқ. Десе де, бұлардың қоржыны толық.

3 қараша 2009
Нұрлан Әлiмжан: Менiң «шапаным» — менiң бет-бейнем...

Нұрлан Әлiмжан кiм? Ол — әншi, сазгер, жүргiзушi һәм актер. Нұрланың әншi екенiн, сазгер екенiн бұрыннан бiлемiз. Ал қалың жұртшылық оны «Ағайынды» телехикаясындағы Қуаныштың рөлi арқылы кино әртiсi ретiнде де жақынырақ таныды деуге әбден болады. Естуiмiзше, ендi оған шетел кинорежиссерлерi де қолқа сала бастапты. Н.Әлiмжан қазiр «31-арнадағы» ауқымды жоба — «Бiлгiрлер бәйгесiн» жүргiзедi. Бүгiнгi сұхбатымызда Нұрланның «сегiз қыры мен бiр сырын» түгендеуге тырыстық.

3 қараша 2009

Бүгiнде елдiң бiразын елеңдетiп, екiұдай пiкiр тудырып үлгерген «Екi жұлдыз» жобасы туралы айтылып та, жазылып та жатыр. «Өте керемет жоба!» деп алақанын ұрып, алақайға басқандар да, «бұл не сұмдық?!» деп наразы боп, налып жүргендер де жетерлiк. «Ырғақтың» бұрынғы редакторы, қазiр «Жұл¬дыздар отбасы» журналы бас редакторының орынбасары боп қызмет iстейтiн белгiлi журналист Сәкен Сыбанбай – осы кейiнгi топтың көшiн бастап жүрген азамат. Оның «Екi жұлдыздың» бағыт-бағдары, мән-маз¬мұны қазақы мүддемен еш қабыспайтынын сынап жазған мақалалары баспасөз бетiнде де, ғаламтор жүйесiнде де едәуiр қолдауға ие болып жатыр. Бiз аталған қаламгерден осы тақырып төңiрегiндегi ойларын өзi үшiн де ыстық саналатын «Ырғақпен» бөлiсуiн өтiнген едiк.

беттер:«6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16