1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
1 қыркүйек 2010
«Терiскей» әнi қалай жазылды?

“Қазақ вальсiнiң королi” Шәмшi Қалдаяқов Созаққа жиi келетiн. Осындай сапарларының бiрi 1986 жылы болды. Сәуiр айының орта шенiнде: “Ауданға Шәмшi келiптi, ел аралайды екен”, – деген сөздi естiп елеңдестiк. Сөйтсек, Шәкең мен досы ақын Сабырхан Асановты сол кездегi аудандық партия комитетiнiң бiрiншi хатшысы Досыбай Шерiмқұлов: “Созақ-Терiскей елi туралы бiр жақсы ән шығарып берiңiз”, – деп шақырған екен. Ол кезде сырттан келген меймандарды озат шаруашылықтарға апаратын әдет бар-тын. Аудан басшылары мал төлдетуден қатарынан үш-төрт жыл озат болып тұрған Энгельс атындағы совхозға бағыттапты.

1 қыркүйек 2010
Ғани Мәтебаев: Аш адам сезiмшiл келедi...
Әншi Ғани Мәтебаев” дегенде былайғы жұрт “бұл кiм едi?” деп қалуы мүмкiн. Бiрақ жүзiн көргенде “е, мынау “Дүнген қызын” орындайтын әншi ғой” дей­тiнi анық. Иә, тараздық әншi Ғани Мәтебаев көпшiлiкке Шәмшiнiң “Дүн­ген қызымен” танылды. Осыдан кейiн Ғаниды өз әнiн тапқан бақытты әншi­лер­дiң қатарына жатқызуға әбден болады. Күн сайын теледидар­ға шығып, мың жерден танымал болса да, өзiнiң әнiн айта алмай кеткен әншiлер өте көп емес пе?!. Бiз бүгiн ауылда жүрсе де бiр әнiмен Алматыны мойындатқан Ға­ни Мәтебаевпен аз-кем әңгiмелескен едiк.
— Әншiнi танытатын телеарна, радио деп жатады. Онсыз да Алматыда тас лақтырсаң әншiге тиедi, сонау ауылдан сендердi эфирге түсуге шақыра ма?
13 шілде 2010
Бейсембай Тәттiмбетовтiң “Үш қызыл” әнi туралы

Бейсембай Тәттiмбетұлы он жетi жасында соғысқа кеттi. Он сегiз жасында Курскiдегi қырғын соғыста қаза тапты. Сүйегi сонда жерлендi. Өлең жазатын едi. Өлеңдерi көзi тiрiсiнде “Лениншiл жас” және аудандық газеттерде жарияланған. Сөзiн де, әнiн де өзi шығарып, өзi домбыраға қосып, иiнiн келтiрiп айтатын. Даусы биiк, осы Қайрат Байбосыновтың даусы сияқты едi. Артында “Үш қызыл”, “Ерке қыз”, “Замандасқа”, “Балуан шолақтың әуенi” деген әндер қалды. Бiрақ бұл әндер жарыққа шықпай суырмада жатыр.

13 шілде 2010

27 шiлде мен 1 тамыз аралығында Юрмалада өтетiн «Жаңа толқын» («Новая волна») конкурсының қазылар алқасы анықталды. Олар: Игорь Крутой, Раймонд Паулс, Макс Фадеев, Игорь Николаев, Александр Ревзин, Владимир Пресняков, Александр Румянцев, Евгений Орлов және Ирина Дубцова. Бұлардың барлығы да – эстра­да саласының «жiлiгiн шағып, майын iшкен» майталмандар. «Вести Сегодня» басылымына берген сұхбатында Раймонд Паулс былай дептi: «Кейбiреулер менi «қазылар алқасының қатарынан шығыпты» деген әңгiме таратып жүр.

13 шілде 2010
Айгүл ИМАНБАЙ: Мұтырғанчиктiң мұнысы —  маған еркелегенi
“Танымал әншi, талантты әртiс Айгүл Иманбае­ва масқарапаз (клоун) Мұрат Мұтыр­ғановқа күйеуге тидi, тойлары 10 маусымда өтедi” дегендi орыстiлдi бiр басылымнан оқығанда, құдайшылығын айтайық, сенiңкiремедiк. “Тең — теңiмен, тезек — қабымен” демей ме қазақ. Дегенмен де, аузы дуалы әлгi басылым мұны Мұтырғанчиктiң өз аузымен айтқызғаннан кейiн Айгүл мен Мұратты құттықтап, газет арқылы бiр ауыз тiлек айтқанды жөн көргенбiз. Сөйтсек, бұл масқарапаз Мұтырғанчиктiң Айгүл әпкесiне еркелегенi екен. Айгүл Иманбай қайсыбiр жұлдыздар сияқты шiкәмшiл емес. Ол мұның мән-жайын “Ырғақтың” редакциясына арнайы келiп, түсiндiрiп бердi.
25 мамыр 2010

Биылғы жылғы айтулы халықаралық музыкалық конкурс Eurovizion 2010 Норвегияның астанасы Ослода өтедi. Ал­ғашқы жартылай финалға жолдама алғандар бүгiн, яғни 25 мамырда бақтарын сынайды. Алғашқы жартылай финалға қатысатындар: Ресей, Молдавия, Эстония, Словакия, Финляндия, Латвия, Сербия, Босня және Герцоговина, Польша, Бельгия, Мальта, Албания, Греция, Португалия, Македония, Белоруссия және Исландия.

25 мамыр 2010
Мәссаған!

“Мәссаған” бағдарламасы эфирге шыққанына бiр жыл­ға жуық уақыт қана болса да, халық көңiлiнен шығып, мерейлерi үстем болды. Неге десеңiз, бұл бағдарламада театр тарландары мен КВН ойыншылары, сондай-ақ, эстрада әншiлерi мен әртүрлi би ұйымдары бiр сахнада қауышады. Бәлкiм, басқа бағдарламалардан артықшылығы да осыда болса керек. Бұл бағдарлама қаншама жас таланттардың үлкен өнер жолына бет бұруына септiгiн тигiздi.

25 мамыр 2010
“Алтыным” әнi мен ғашық болған қызға арналған

Құрметтi “Ырғақ” қосымшасы! “Ырғақтың” өткен бiр санында Әсет Бейсеуовтiң “Алтыным” әнiнiң кiмге арналғаны белгiсiз екенi туралы мақала шығып едi. Осы әннiң шығуына қатысым бар болғандықтан өздерiңiзге хат жолдап отырмын. Мен – Мұрат Сыздықов деген азаматпын. Бүгiнде Пайғамбар жасындамын. Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданында тұрамын. Аудан орталығында мектеп-балабақшада ән-күй сабағынан дәрiс беремiн. Ән тарихына қатысым барын дәлелдеу үшiн өмiрбаян беттерiнен деректер бере кетейiн.

25 мамыр 2010
Лесбек АМАНОВ, сазгер: Қара бауыр қасқалдақ — Қонаев, қаңғып келген шүрегей — Колбин

Жүрекке сөзбен жетпеген дүние әнмен жетедi. Музыканың құдiретi де осында ғой. 1986 жылы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастар туралы елдiң арасында екiұдай пiкiр қалыптасып, билiк көтерiлiсшiлердi нашақорға, маскүнемге теңеп тұрған сәтте бiр ғана ән халықтың рухын көтерiп, iштегi бұғып жатқан ұлттық намысты қамшылады. Ол ән “Қара бауыр қасқалдақ” едi. Желтоқсан оқиғасынан тұп-тура бiр жылдан кейiн дүниеге келген әннiң тарихы туралы, әннiң авторы, белгiлi сазгер Лесбек Амановтың өзiнен сұрағанды жөн көрген едiк.

6 сәуір 2010
«Ырғақтың» хат қоржынынан
Қазiр — микрофон ұстағанның бәрi әншi, қалам ұстағанның бәрi сазгер болған заман. Пәтуасыз әншiден, не сәнi, не дәмi жоқ мағынасыз әндерден аяқ алып жүре алмайсың. Бiр-екi ән айтып, көкелерiнiң арқасында әншi атанып, «мен жұлдызбын» деп жүргендерге күлкiң келедi, тiптi. Өкiнiшке қарай, мұндайлар көп бiздiң қоғамда, тым көп. Қолыма ерiктi-ерiксiз қалам ұстатқан — жұрт арасында танымал боп қалған әншi Айқын Төлепберген. Ендi оның себебiн айтайын.
6 сәуір 2010

«Жас Алаш» газетiнiң түнеукүнгi нөмiрлерiнiң бiрiндегi «Ырғақ» музыкалық бетiнде бiр оқырман «Жас қалам» әнiне қатысты пiкiр бiлдiрiптi. «Кейбi­реулер бұл әндi Қорабай Есе­новтiкi деп жүр. Ал жазушы Қабдеш Жұмадiловтiң айтуынша, бұл әндi Төлеубек Жақыпбайұлы жазған. Мұның қайсысына сенемiз?», — дептi оқырман. Мен бұл әннiң шығу тарихын жақсы бiлемiн. Республикалық радиодан бұл әндi Қорабай Есенов жазған деп терiс айтып жүр. Шын мәнiнде, бұл әндi Төлеубек Жақыпбайұлы жазған.

6 сәуір 2010
Қажымұрат ШЕШЕНҚҰЛ, әншi-сазгер: «Меңдiбала» мен «Бyлдiрген қыз» елге менен бұрын келген

Шыңжаң өлкесiне өткен жылдың күзiнде сапарлап барғанымызда талай-талай өнерлi қыз-жiгiттермен танысқанбыз. Қазақ топырағының иiсi бойымызға әбден сiңiстi болғандықтан ба, «арғы бетте» жүрген қандастардың жiбергiсi жоқ. Құс жастықты қолтыққа қысып алып, әңгiме соғамыз. Олар тыңдаудан жалықпайды. Серi жiгiттер түннiң бiр уағына дейiн ән айтады. Қазақы бояуы қанық әндердi тыңдаудан бiз де жалықпаймыз. Осындай отырыстардың бiрiнде «Меңдiбала», «Бүлдiрген қыз», «Бала ғашық» деген әндердi құлағымыз шалды.

6 сәуір 2010

«ЖАҢА ТОЛҚЫН» ҚАЗАҚ ӘНШIЛЕРIН ЖАҒАҒА ШЫҒАРЫП ТАСТАДЫ

Соңғы жылдары қазақ әншiлерiнiң Юрмаланы бағындырамыз деген әрекеттерiнен түк шықпай жүр. Биыл тiптi тоқырап қалғандай. Өйткенi, «Жаңа толқын-2010» конкурсына қатысатын әншi табылмады. Халықаралық конкурсқа iрiктеу наурыз айында-ақ бастал­ған. Алайда, қазақ продюсерлерi арбадан қайтып қалған ат құсап көткеншектей бердi. 2007 жылы Қазақстанның атынан Юрмалаға «Ринго» тобы барған. Бұл топ көрермендер көзайымы жүлдесiн алғанымен, одан әрiге шамалары жетпедi. «Рингоның» жетекшiсi

23 ақпан 2010

Оңтүстiк Қазақстан облысы Мақтарал ауданынан редакцияға хабарласқан оқырманымыз Әбдiнасыр Сүлейменұлы былай дедi: «11 ақпан — қазақ халқы үшiн қасiреттi күн, ұлт көшбасшысы болуға лайық тұлға болған Алтынбек Сәрсенбайұлы қандықол қарақшылардың қолынан оққа ұшқан күн. Саналы адам 11 ақпанның ұлттың болашағына жасалған қастандық күнi екенiн түсiнсе керек едi.

23 ақпан 2010

Атақты сазгер Әсет Бейсеуовтiң әндерi халық арасына кең тарағаны сондай, оның әндерiнiң шығу тарихы жайлы баспасөзде әрқилы алыпқашпа пiкiрлер жарияланып жүр. («Алтыным» әнi қалай туған», «Атамекен» газетi, 22.11.2008 жыл. Досан Жанботаев, «Алтыным» әнi қалай туған?» «Жетiсу» газетi, 5 қараша, 2009 жыл, Мұхамбетжан Абдрахманов). Баяғыда Сәбеңнiң «Ботагөз» романы экрандалып жатқан кезiнде фильм түсiрiлiп жатқан Көкшетау өңiрiнде: «Асқар мен Ботагөз алғаш мына жерде кездескен», «Ботагөздiң мына ағашқа арқан байлап, асылып өлмек болғанын «көргендер» көп болған.

беттер:«5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16»