1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
27 қыркүйек 2011
Шоу дегенi – айқай-шу
“Еларна” телеарнасынан “Шiркiн, life Бурабайда” деп аталатын жүргiзушiлердiң сөзiмен айтқанда “реалити шоуды” көрдiм. Бұл шоудың ұмытпасам, үшiншi маусымы ғой деймiн. Бiзге осы бағдарлама керек пе? Жастардың аудиториясы үшiн керек те шығар. Алғашқы маусымында “жұлдыздарды” Алматының iргесiндегi Үмбетәлi ауылына жинап, қатысушыларды ауылдың күйбең тiршiлiгiне үйретпекшi болды. Онысынан түк те шықпады. “Ауылда туып, ауылда өстiм” деген Алмас Кiшкенбаевтың аттан өлердей қорыққанын көргенде-ақ бұл бағдарламадан көңiлiм қалған. Ендi мiне теледидарды қосып қалсам, тағы да шұрқырап жатыр.
27 қыркүйек 2011
“Ырғақты” жаңалықтар
ДИНАНЫҢ ТОЙЫ
Дәулескер күйшi Дина Нұрпейiсованың 150 жылдығын мерекелеу Батыс Қазақстан облысында басталып кеттi. Домбыраның шанағынан күй төккен Динаның мерейтойы өзiнiң туған жерi Жаңақала ауданына да шапағатын шашты. Тойдың құрметiне аудан орталығында Құрманғазы, Дина, Мәмен, Қали Жантiлеуов, Оқап Қабиғожиннiң мүсiндерi ашылды. Сондай-ақ республикалық домбырашылар байқауы да өтедi. Байқаудың жеңiмпаздары ертең анықталады.
27 қыркүйек 2011
Көп клиптен көз сүрiнедi
Шынын айту керек, популизм қуған әншiнiң халыққа танылуына ән ғана емес, әнбаянның да ықпалы күштi екенiн дәл бүгiнгi қоғамда ешкiм жоққа шығара алмайды. “Құлақтан кiрiп, бойды алатын” әсем әнi болса да, көгiлдiр экраннан клипi көрсетiл­меген әншiнi жалпақ жұрттың жұлдыз ретiнде мойындауы екiталай. Оның сыртында клипi жоқ әншiнi әншiлердiң өзi шетте­те­тiнi тағы бар. Олай болса, қа­зiргi қазақ эс­традасының шеңбе­рiнде түсiрiлген клип атаулы қаншалықты көңiлден шығып жүр? “Әу” деп жүрген әншiлер мен клипмейкерлердiң өтi жарылып кетсе де ашығын айту керек, қазақша әнбаяндардың көпшiлiгi шетелдiк өнiмдердiң сапасыз көшiрмесi ғана. Отандық клип түсiрушi режиссерлер мен сценаристер АҚШ-ты айтпағанда, көршiлес Ресейде сонау 90-жылдары түсiрiлген арзан клип­тер­дiң сюжетiн қайталап, солардың ескi сүрлеуiмен бi­реудiң қаңсығын сүйретiп келедi.
23 тамыз 2011
СЫМБАТ СҮЙIНШI СҰРАЙДЫ! 
Оңтүстiк Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Өзбекәлi Жәнiбеков атындағы орта мектептiң 10-сынып оқушысы Сымбат Рахманбердиева Чехиядан жүлделi оралды. Прага қаласында өткен жас орындаушылар байқауында ол I-орынды жеңiп алды.Мен бұл конкурста Нұртуғанның “Қанеки, тiлiм, сөйлешi” термесiн орындадым. Астанада өткен “Ақ көгершiн” ән байқауында жеңiмпаз атанғанмын. Сонда әдiлқазылар осы сайыста ел намысын қорғауды маған тапсырды. Әкемнiң менi 5 жасымнан ән айтуға баулығаны көп септiгiн тигiздi. Фестиваль жыл сайын өтедi. Мәселен, былтыр Германияда ұйымдастырылды. Жарысқа қатысатын күн жақындаған сайын толқыдым, ал сахнаға шығарда мүде басқаша
23 тамыз 2011
Осыдан бiраз уақыт бұрын әншi Меруерт Түсiпбаева ғылыми атағын қорғады. Бүгiнде оның есiмi жазылған тұсқа әншi деген сөзбен қатар “педагогика ғылымдарының кандидаты” деген тiркес те қоса жазылады.   Жуырда әншiмен сұхбаттасқан едiк. Сiздi жұрт әншi ретiнде таныды. Солай қабылдады. Ал сiз 2008 жылы ғылым кандидаты атандыңыз. Не түрткi болды бұған? Мен кандидаттық жұмысты 8 жыл жаздым. Эстетиканы зерт­тедiм. Ақын-жыраулардың эстетикалық тәрбие ойларын сараладым. “Сiзге кандидаттық не үшiн керек болды?” дедiңiз ғой. Менiң өзiмнiң iшкi есебiмде өнердi адам баласы қырықтан асқан соң доғару керек секiлдi. Неге? Даусың да қарлығады, қартаясың, қуатың да кеми бас­тайды.
5 шілде 2011
“Ырғақты” жаңалықтар
ТҮРКИЯ ТАҢДАНДЫ
 Елiмздегi “Iңкәр” тобы Түркияда өткен халықаралық фестивальге қатысып келдi. Қазақпарат тiлшiсiнiң хабарлауынша, жерлестерiмiз Егей теңiзiне бауырын төсей орналасқан Денизли қаласында болып, қазақ ән өнерiн Ататүрiк елiнiң аспанында қалықтатып қайтты. Әлемнiң 20-ға жуық елiнен келген 100-ден аса орындау­шы арасында қыздарымыз Ерке Есмахан, Малика Чегибаева, Әлфия Жарылқасын “Сүгiрдiң термесiн” түрiк тiлiнде шырқады. Фестивальден кейiн жергiлiктi “АВАЗ” телеарнасының тiкелей эфирiнен берiлетiн “Жаңа күн” бағдарламасында
5 шілде 2011
Елебеков елеген Ғалым
(Қазақстанның еңбек сiңiрген әртiсi Ғалым Мұхамедин жайлы үзiк сыр)
Қарағанды облыстық филармониясының әншiсi, Қазақстанның еңбек сiңiрген әртiсi Ғалым Мұхамедин өткен жылдың аяғында өзiнiң жеке күйтабағын шығарғысы келетi­нiн айтып, хабарласқан едi. Сол аралықта Дүниежүзi қазақтары қауымдастығында шетте жүрген өнерпаз қандастарымыздың творчестволық кешi өтетiн болды да, Ғалым аға кеште ән айтады екен. Ғалым ағамен таныстығымыз осылай басталды. Алып тұлғалы, ақ құба келген көрiктi кiсiнiң сырт келбетi-ақ өнер адам екенiн әйгiлей түскендей.
5 шілде 2011
Жуырда “Қазақстан” ұлттық телеарнасындағы “Кеш жарық” бағдарламасының кезектi көрсетiлiмi Сәкен Сейфуллиннiң өмiрi мен шығармашылығына арналды. Қазақ поэзиясынан сырт, ұлт мәдениетi мен өнерiне де өлшеусiз үлес қосқан арыстың композиторлық қыры да бағдарламада кеңiнен қамтылды. Осы бағдарламада шырқалған әндердiң бiразы Сейфуллин Жолбарыстiкi екен. Сазын ғана емес, сөзiн де өзi сабақтап, ән құрап ала қоятын әмбебап әншiнiң “ақындығы” бұған дейiн де талай мәрте сыналған. Менiң айтпағым – оның сазгерлiгi жайында.  “Кеш жарықта” Сейфуллин Жолбарыс Сәкеннiң сағынышқа толы өлеңiне ән жазыпты. Туған жерге деген шексiз сүйiспеншiлiк, сыртта жүргенде
5 шілде 2011
Балаңыз кiтап оқи ма?
Биылғы оқу жылы аяқталар тұста Алматыдағы Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназияның кiтапханашылары үздiк оқырманды анықтады. Жыл бойы оқыған кiтаптарының саны бойынша бiрнеше оқушы “Үздiк оқырман” атанды. Сол үздiктердiң арасында 2-сыныпты аяқтаған Мерей Заманбекқызы да болды. Сонда Мерейге анасы Мақпал әдеби кiтаптарды көп оқытатынына көзiмiз жеткен едi. “Қазiргi эстрада әншiлерiнiң балалары әдеби кiтап оқи ма?”
5 шілде 2011
Дәстүрлi өнердi даңғаза басып барады
Дәстүрлi әншiлер мен күйшiлер “тоқалдан туған” ба? Әлде олардың бар “жазығы” ұлттың өнерiн өлтiрмей жүргенiнде ме? Әйтпесе, әлемдi қарық қылып жатқан Қазақстанның төл өнерiн насихаттап жүрген өнерпаздарын көтеруге жағдай жоқ дегенге кiм сенедi? Қазақтың музыкасы – ұлттың жаны, әдебиетi, мәдениетi, философиясы, тамыры, өзегi, тұрмыс-тiршiлiгi. Осыншама ұлы мұрамызды батыстың салдыр-гүлдiрiне айыр­бастап қойып, тып-тыныш отыра беремiз бе?
31 мамыр 2011
ЖАРАЙСЫҢ, ДИНАРА!
Танымал әншi Динара Сұлтан Эстонияның астанасы Таллин қаласында өткен халықаралық ән фестивалiнде Гран-придi жеңiп алды. Laagna Laul деп аталатын жастар арасындағы эстрадалық ән­дер сайысына 15 елден үмiткер қатысқан. Бұлардың арасында Англия, Ресей және Израильдiң жас орындаушылары бар. Бiздiң Динара осылардың бәрiн шаң қаптырды. “Бозторғай” халықаралық конкурсының директоры Қарлығаш Әбдiкәрiмованың ай­туынша, 2010 жылы “Славян базарында”
31 мамыр 2011
Сауалнама
Ақбота Керiмбекова:
— Мен үшiн барлық мезгiл ерекше. Жаз жайдарлық пен еркiндiктiң символы сияқты.
Саят Медеуов:
— Жаз мезгiлi — әншiлердiң бел шешiп демалатын, бiр жылғы шығармашылық жұмыстарына есеп беретiн уақыт. Оның үстiне жаз ыстық қой, ыстықта қаурыт жұмысқа жегiлу ауыр адам баласына. Жаз — қоғамда да, саясатта да саябыр тартқан мау­сым.
31 мамыр 2011
Қазақтың ән өнерi жұтаңданып барады

Қазақтың ән өнерi — сонау көне заманнан қалыптасып келе жатқан халқымыздың асыл қазынасы. Фольклорлық музыка саласының бар тармағы. Фольклор деген сөз ағылшын тiлiнен алынған. Ол “халық даналығы, бiлiмi, ауызша шығарған туындылары” деген мағынаны бiлдiредi. Фольклорлық шығармалар халықтың әр дәуiрдегi тұрмыс-салтымен, наным-сенiмiмен, күнделiктi тiршiлiгiмен тығыз байланыста туады. Мұнда халықтың арман-үмiттерi дәл көрiнiс тауып, табиғат, өмiр құбылыстарынан сыр шертедi. Ән — халықтың сүйiп айтатын, тыңдайтын, сан ғасырлық тарихы бар халық музыкасының ең бiр бай арнасы. 

12 сәуір 2011
“Ырғақтың” хатқоржыны
“Сағындырған әндер-ай!” деп қазiр жанашырлықпен насихаттап жүрген әндерiмiз – баға жетпес байлығымыз. Отаныңды, отбасыңды сүюге тәрбиелейтiн де, ұлтжандылыққа, адалдыққа үндейтiн де, ерлiкке жiгерлендiретiн де – сол әндер. Тыңдаушыны тамсандырып, ұлттық рухымызды көтеретiн әндерiмiз ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қала бермек. Егер нағыз орындаушысын тауып жатса... Жақында телеарналардың бiрiнен жас әншiнiң орында­уында О.Әубәкiровтiң сөзiне жазылған Ә.Бейсеуовтiң “Мұңайма” әнi берiлдi. Өкiнiштiсi – бұл орындаудағы “Мұңайманың” құлаққа жат әуенге айналғаны. Көпшiлiк қосыла шырқайтын нағыз қазақ әнiн әр орындаушы заманның ыңғайына қарай өз қалауынша құбылта
12 сәуір 2011
Қоңыр үн, қоңыр дауыс, қоңыр дiрiл...,
Жүрек пернесiн қағып, қазақтың қоңыр дiрiл, қоңыр үн, қоңыр даусын өзiнше жаңғыртқан топтардың бiрi – “Қоңыр”. Топ мүшелерiнiң үшеуiнiң де үнi жанға жағымды, майдан қыл суырғандай құлаққа жаға кетедi. Себебi, тыңдаушының көңiл-күйiн дөп басады. Қазақы қалыпты жоғалтпай, этноаспаптарды байланыстыруымен ерекшеленедi бұл топ. – Продюсерiмiз Сержан Молдаханұлының көмегiмен тобымыз 2007 жылы құрылды. Көбi “қоңыр” дегендi түс деп ұғады. Негiзi қазақтың даусы да, даласы да, аспаптарының үнi де қоңыр: домбыра да, қобыз да, сазсырнай да қоңыр үндi. Сахнаға алып шығып жүрген аспаптардың барлығы сондай. “Қоңыр” қазақы болмысты, биязылықты бiлдiредi. Сондықтан даусымыз да, аспаптарымыздың үнi де қоңыр болғандықтан осы атауды жөн көрдiк, – дейдi “қоңырлықтар”.
беттер:«3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16»