1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №55 (15513) 13 шілде, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
13 шілде 2010
Бейсембай Тәттiмбетовтiң “Үш қызыл” әнi туралы
  • Бiр әннiң тарихы
Бейсембай Тәттiмбетұлы он жетi жасында соғысқа кеттi. Он сегiз жасында Курскiдегi қырғын соғыста қаза тапты. Сүйегi сонда жерлендi. Өлең жазатын едi. Өлеңдерi көзi тiрiсiнде “Лениншiл жас” және аудандық газеттерде жарияланған. Сөзiн де, әнiн де өзi шығарып, өзi домбыраға қосып, иiнiн келтiрiп айтатын. Даусы биiк, осы Қайрат Байбосыновтың даусы сияқты едi. Артында “Үш қызыл”, “Ерке қыз”, “Замандасқа”, “Балуан шолақтың әуенi” деген әндер қалды. Бiрақ бұл әндер жарыққа шықпай суырмада жатыр.
“Үш қызыл” сөз болғаннан кейiн осы ән және тарихы туралы толығырақ айтқанды жөн көрдiм. “Үш қызыл” 16-17 жастағы балғын өнерпазды қатты әсерлендiрiп, оған арнап ән шығаруға мәжбүр еткен. Ол әннiң сөзi:
Үш қызыл бауырың жазық,
 басың биiк,
Мен сенi құрметтеймiн
 жаным сүйiп.
Мың жылдар, миллион
жылдар мекен етiп,
Жоныңда жортқан тағы
арқар, киiк,
– деп басталады.
Бейсембай әннiң ақырғы жолын “әнi деп есiңе алшы бұл бiр жастың” деп аяқтапты. Бұл – ойланатын сөз.
Бейсембай – Үш қызыл тұрған ауылдың тумасы. Тәңiрi оған майданнан оралмасын бiлдiрсе керек. Үйленем деп жүрген қызына елге аман қайтқан бiр жолдасы үйленедi. Жү­рекке жазылмайтындай жарақат салатын қасiрет. Бiрақ, тағдырға дауа бар ма?
Дегенмен, көңiлге демеу боларлық бiр жай “Үш қызыл” теледидар, радио арқылы эфирге шықпаса да, бұрын Бейсембайды көзi көрген үлкен-кiшi ауылдастары бұл әндi сүйсiне айтады.
Ендi Үш қызылдың өзi туралы бiрер сөз. Үш қызыл – бұрынғы Семей облысы Шұбартау ауданының Ұйымдас ауыл советiнiң жерiнде (Қазiргi Аягөз ауданы, Байқошқар ауылы) бiр жерде қатар тұрған үш қызыл шоқы. Үш қызыл күмбез Бақанас, Байқошқар, Балқыбек өзен­дерiнiң түйiскен жерiнде сән түзеп тұр. Үш өзен, тал-терек, қайың аралас тоғайына оранып тұрғанда тiптi әсем көрiнетiн. Қазiр тоғайы құрып, жалаңаштанса да, Үш қызыл әсем­дiгiн сақтай асқақтап тұр.
Үш қызыл әлемнiң ең шебер архитекторы қолдан жасап, мүсiнде­гендей әсем, әлемнiң ең шебер суретшiсi бояуын қанық етiп сырлағандай қып-қызыл. Бiр сөзбен айт­қанда Тәңiрдiң өзi әкеп орната сал­ғандай ғажап шоқылар.
Бұрынғы Аягөз ауданының жерiн­де Сұлушоқы деген күмбез тау бар. Бұрынғы Шұбартау ауданының жерiнде Жорға тауы бар. Алыстан әсем көрiнедi. Басына шықсаң талай жердi көресiң. Ауданның қақ ортасына әдейi әкеп орнатқандай. Қозы Көрпеш – Баян сұлу жырының бiр нұсқасында осы тауға Айбас соғып өттi деген аңыз бар. Үш қызыл бұлардан еш кем емес.
Егер Үш қызылдың бiз айтып отырғандай ғажап тау екенi әлем хал­қына мәлiм болса, оны көруге туристердiң ағылып келерi, оған ақындар жыр арнап, сазгерлер ән арнары сөзсiз. Оқырман қауым, айтарларыңыз болса, ендiгi сөз сiздердiкi.
Сейсембай Бауов,
дербес зейнеткер.
Баршатас ауылы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті