1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №55 (15513) 13 шілде, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
13 шілде 2010
Түнтеков қайтер екен?

27 шiлде мен 1 тамыз аралығында Юрмалада өтетiн «Жаңа толқын» («Новая волна») конкурсының қазылар алқасы анықталды. Олар: Игорь Крутой, Раймонд Паулс, Макс Фадеев, Игорь Николаев, Александр Ревзин, Владимир Пресняков, Александр Румянцев, Евгений Орлов және Ирина Дубцова. Бұлардың барлығы да – эстра­да саласының «жiлiгiн шағып, майын iшкен» майталмандар. «Вести Сегодня» басылымына берген сұхбатында Раймонд Паулс былай дептi: «Кейбiреулер менi «қазылар алқасының қатарынан шығыпты» деген әңгiме таратып жүр. Мен ешқайда кеткен жоқпын. Конкурстың тегершiктерi iске қосылды, ендi амал жоқ...

Бiр нәрседен ғана бас тарттым. Ол — конкурсқа қатысатын үмiткерлердi таңдау процесi. Осы шаруаны жек көремiн. Кейiннен әлдекiм­дердiң алдында ақталуға тура келедi. Бiреудiң қызы, ендi бiреудiң ашынасы конкурстан өтпей қалады. Ол үшiн мен неге бiреудiң алдында ақталуым керек. Бүгiнгi күнi «әлiптi таяқ деп бiлмейтiн» шөпжелке қыздар ән айтып, немесе киноға түсiп, ертеңiне жұлдыз болып оянғысы келедi».
Мiне, бұл — атақты Раймонд Паулстың айтқаны. Паулс қазiргi эстраданың дертiн дөп басып тұр. Мұндай жағдай Ресейдiң ғана емес, Қазақстан эстрадасы үшiн де жегi құрт тәрiздi.
Биылғы «Жаңа толқынға» Қазақстанның атынан Қайрат Түнтеков баратыны белгiлi. Ендеше, қазақтың қарадомалағына «жол болсын» дейiк. Әлгiндей пiкiр айтқан «тамыршы» Паулс­тың алдында Қайратымыз қазақ жұртын жерге қаратпас, сiрә.
 
ӘНҰРАНЫМЫЗДЫ РЕМИКС ЖАСАМАҚ
Астана күнi мен президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мерейтойы да өттi дүрiлдеп. Жан-жақтан ағылған құрметтi қонақтар, тау-тау сыйлық...
Бұл мерекенi Алматы да тойлады. Алмалы ауданының әкiм­шiлiгi мен бiрер компания бiрле­сiп, «Астана» алаңында концерт ұйымдастырды. Концертке қазақ эстрадасының жұлдыздары ғана емес, шетелден де әншiлер қатыс­ты. Ресейлiк әншi әрi сазгер Доминик Джокер және әлемдiк хит әндердiң авторы һәм орындаушысы Инуса Дауда келiптi.
Осы Инуса Даудаға Қазақстан қатты ұнап қалған сияқты. Бұл — осымен бесiншi рет келуi. Концерттiң алдында Дауда Қазақстанның әнұранына ремикс жазатын ойы бар екенiн айтты. Оның пiкiрiнше, әуенi жақсы ән (әнұранымыздың сөзiн Дауда қайдан түсiнсiн?!) әлемдiк аренаға шықса, Қазақстан үшiн әжептәуiр жарнама болады.
Сонымен, Инуса Дауда күзге қарай «Менiң Қазақстаным» әнiн өңдеп-жөндеп, ремикс етiп әлемдiк эстрадаға шығармақ. Мұны бiреулер қолдар, ендi бiреулер қолдамас. Әнұранымызды кiм өзгертпей жатыр?! Ендеше, «қараторы жiгiт» те бiр «түзеп-күзеп» көрсiн. Әлгi ремиксi ұтымды шығып жатса, оның да аты-жөнiн әнұран авторларының қатарына қоса салармыз...
 
Ғадiлбек ЖАНАЙ, әншi:
ТҮБIМIЗ БIР ТҮРКI ЖҰРТЫНА БАРЫП ДЕМАЛАМЫН
— Дәл қазiргi уақытта демалуға уақытым жоқ. Жасыратын несi бар, той науқаны қызып тұрған шақта әншiлер демалуды бiлмейдi. Мен де сондайлардың қатарынанмын. Той — қазына. Алла несiбеден айырмасын.
Демалыстың жайын ойластырып қойдым. Күзге салым шетелге барып демалсам ба деймiн. Шетел болғанда да, тым алысқа бармаймын. Түбiмiз бiр түркi жұрты — Түркияға жол тартсам ба деп отырмын.
 
Кенжебек ЖАНӘБIЛОВ,
«Музарт» тобының әншiсi:
ОНЖЫЛДЫҚТЫҢ АЛДЫНДА ЖАҚСЫЛАП ТЫНЫҒАМЫЗ
— Қазiр жеке альбом жазып жатқан жайым бар. Шаруаның негiзгiсiн еңсерiп тастадым. Қазақ эстрадасына күнi кеше ғана келген жоқпыз ғой, бұл да бiр маңдай тердiң жемiсi болсын дедiм. Ағаларым Мейрамбек пен Сәкен барынша қолдау көрсетiп жатыр. Алла сәтiн салса, бiрер күнде әнжинақ қолдарыңызға тиiп те қалар.
Келесi жылы — «Музарт» тобының онжылдық мерейтойы. Мерейтойға дайындықты бастап та кеттiк. Аса жауапты шараның алдында жақсылап тынығып аламыз. Отбасымызбен бiрге Түркияның Анталья қаласына жолдама алып қойдық.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті