1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №41 (15499) 25 мамыр, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
25 мамыр 2010
Осло түгiлi, Юрмаладан әрi аса алмай жүрмiз...

Биылғы жылғы айтулы халықаралық музыкалық конкурс Eurovizion 2010 Норвегияның астанасы Ослода өтедi. Ал­ғашқы жартылай финалға жолдама алғандар бүгiн, яғни 25 мамырда бақтарын сынайды. Алғашқы жартылай финалға қатысатындар: Ресей, Молдавия, Эстония, Словакия, Финляндия, Латвия, Сербия, Босня және Герцоговина, Польша, Бельгия, Мальта, Албания, Греция, Португалия, Македония, Белоруссия және Исландия.

Ал екiншi жартылай финал 27 мамырда болады. Бұл күнгi музыкалық додаға Литва, Армения, Израйль, Дания, Швейцария, Швеция, Әзiрбайжан, Украина, Нидерланды, Румыния, Словения, Ирландия, Болгария, Кипр, Хорватия, Грузия және Түркия қатысады.
Музыкалық конкурстың финалы 29 мамырда өтедi. Финалға Ұлыбритания, Франция, Германия және Испаниядан келген конкурсанттармен бiрге жартылай финалда бағы жанған 20 әншi қатыса алады.
Eurovizion 2009 конкурсында белоруссиялық Александр Рыбак жеңiске жеткен-дi. Екiншi орынды Исландия жеңiп алса, ал үшiншi сатыдан көршi Әзiрбайжанның әншiсi көрiнген. Ал ендi әншiге бай Қазақстан бұл халықаралық конкурсқа неге қатыспайды дерсiз, бәлкiм? Әзiрге иегiңiз қышымай-ақ қойсын, Осло түгiлi Юрмаладан әрi аса алмай жүрген жоқпыз ба?..
 
“АБАЙЛАҢЫЗ, СҮЙКIМДI БОЙЖЕТКЕН!”
Белгiлi әншi Батырхан Шүкенов таяу арада “Абайлаңыз, сүйкiмдi бойжеткен!” деп аталатын жаңа һәм жеке альбомын шығармақ. Бұл альбомға кiрген алғаш­қы әндi Батыр Лондонның ең үздiк деген студияларында сазгер- ақын әрi өңдеушi Олег Толстовпен бiрге 2007 жылы жазған. “Немного слез тво­йх и моей любви” деп аталатын бұл әнге бейнебаян да түсiрi­лiп, Ресейдiң, Украинаның музыкалық телеарналарынан көрсетiлген.
“Абайлаңыз, сүйкiмдi бойжеткен!” альбомы — Батырхан Шүкенов пен Олег Толстовтың маңдай терiнiң жемiсi. Бұл альбомның атауын атақты Алла Пугачеваның өзi қойыпты.
 
МАДИНАНЫҢ  «АЯУЛЫ АРМАНЫ»
Қылықты қыз Мадина Сәдуақасова ертең Астанадағы бейбiтшiлiк және келiсiм сарайында “Аяулы арман” деп аталатын жеке концертiн өткiзедi. Бiршама уақыттан берi сахнаның төрiнде жүрсе де, жеке концерт берiп көрмеген Мадина қатты толқып жүрген сыңайлы.
— Менiң тағдырым Астанамен тiкелей байланысты. Астананы туған қаламдай көрем. Осы қалада алғаш рет жоғары бiлiм алдым, президент оркестрiнде қызмет iстедiм. Бұрын-соңды жеке концерт берiп көрмегендiктен бе, әйтеуiр толқып жүрмiн. Оның үстiне бейбiтшiлiк және келiсiм сарайының сахнасында бұған дейiн ән айтып көрмеппiн. Менiң ойымша, бұл сарайдың залы жаман емес сияқты, — дейдi Мадина.
Концертте Мадина өзiнiң танымал әндерiмен қоса, көптеген жаңа әндер орындауға уәде еттi. Әншi қыздың алғашқы концертiне президент оркестрi және ұлттық аспаптар ансамблi қатысады. Сондай-ақ, Мадина “Екi жұлдыздағы” серiктесi — олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаевпен бiрге ән айтпақ.
 
ГУ-ГУ...
Мұңды махаббат әндерiн көп айтатын бiр әншi келiншекке депутат көңiлдесi “Тойота Лэнд-Крузер Прадо” деген су жаңа көлiк алып берiп, әншiнiң көңiлiн бiр көтерiп қойыпты. Қуаныштан жарыла жаздаған әлгi байқұс телеарналардың бiрiнен: “Менiң сүйiктiм мәжiлiсте!” — деп айтып жiберген көрiнедi...

Беттi дайындаған – Ерiк РАХЫМ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті