1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №41 (15499) 25 мамыр, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
25 мамыр 2010
“Алтыным” әнi мен ғашық болған қызға арналған

Құрметтi “Ырғақ” қосымшасы! “Ырғақтың” өткен бiр санында Әсет Бейсеуовтiң “Алтыным” әнiнiң кiмге арналғаны белгiсiз екенi туралы мақала шығып едi. Осы әннiң шығуына қатысым бар болғандықтан өздерiңiзге хат жолдап отырмын.

Мен – Мұрат Сыздықов деген азаматпын. Бүгiнде Пайғамбар жасындамын. Қарағанды облысы, Жаңарқа ауданында тұрамын. Аудан орталығында мектеп-балабақшада ән-күй сабағынан дәрiс беремiн. Ән тарихына қатысым барын дәлелдеу үшiн өмiрбаян беттерiнен деректер бере кетейiн.
1966-71 жылдары Алматыдағы мал дәрiгерлiк институтында оқыдым. Студент жастар арасынан өнерге жақындары көркемөнерпаздар байқауына қатысып, өнер адамдарымен араласып тұратынмын. 1967 жылдың қысында қазiргi Ж.Елебеков атындағы эстрада студиясында Әсет Бейсеуовпен таныстым. Он жастай үлкендiгi бар Әсет ағамен сыйластығымыз жарасып, ағалы-iнiлiдей жиi араласып тұрдық. Ол кiсi менi Мұқат демей, “МХАТ” дейтiн. Бiреулермен таныстырғанда “Московский Художественный Академический Театр” деп әзiлдейтiн. Ол кездегi студент жолдастарым Қажыбек Бекбосынов, Рахым Тәжiбаевтар болды.
Ендi негiзгi әңгiме арқауы болып отырған “Алтыным” әнi туралы айтсам, бұл ән 1969 жылы шықты. Алматы – арман қала болса, студент жiгiттер үшiн арман мекен – ЖенПи (Қыздар педагогикалық институты) болатын. Сол жастық шақтың жалынды кештерiнде Қыздар педагогикалық институтының музыка факультетiнде оқитын Алтын деген қызбен таныстым. Өзi Талдықорғанның қызы екен. Талдырмаш, әдемi бойжеткенге ғашық болдым. Туған күн, би кештерiнде бiр-екi ай кездесiп жүрдiк. Жүрекке әмiр жүрген бе, бiр сезiм сол қызға байлап қойғандай болды. Өзiм салмақты, ұялшақтау болдым да, Алтынға сезiмiмдi бiлдiре алмадым. Ағамдай болған Әсекеңе келiп, қызға ғашық болғанымды, оған арнап ән жазып беруiн өтiндiм. Әсет ағам әуелi “Алтынды көруiм керек” дедi. Көрсеттiм. Сазгер ағам: “Ән жазуға тұрарлық жан екен, сөзiн Нұрсұлтанға жазғызамын”, – дедi.
Оншақты күн өткеннен кейiн Әсет жатақханаға iздеп келдi. Әнiн де, сөзiн де комиссияға бергенiн, оң баға берсе, эфирге шығаратынын айтты.
Кешiкпей ән де шықты. Әннiң өмiрге келгенiн атап өтпекшi болып, негiзгi кейiпкер Алтынға келдiк алып-ұшып. Бiрақ, iздеген адамымыз отбасы жағдайымен ауылына кетiп қалған екен. Алтынды iздеп барғанымда қасымда Кенжебек Бекбосынов пен Рахым Тәжiбаевтар бар едi.
Осылай “Алтыным” әнi дүниеге келiп едi. Алғашқы болып орындаған – “Гүлдер” ансамблiнiң Жәмiш Мұсылманқұлова есiмдi әншiсi едi. Әсет Бейсеуов ол кезде осы ансамбльдiң музыкалық жетекшiсi болатын.
Музыкаға әуестiгiм, өнерге жақын болғанымның арқасында қазақтың бiртуар өнер иесi – Әсет Бейсеуовпен және басқа да өнерлi азаматтармен сыйлас-жолдас болдым. Өнерге – әнге деген құштарлық менi ауылшаруашылық маманы емес, ән-күй мұғалiмi еттi.
Соңғы рет Әсет ағаны 90-жылы көрдiм. Алматыдағы Горький атындағы саябаққа таяу, шатаспасам, Гоголь көшесiнде тұрады екен.
Осылайша “Алтыным” әнi мен ғашық болған қызға арналған, қарақтарым!
 
Сәлеммен, Мұқат ағаларың.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті