1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21 (15999) 17 наурыз, сейсенбі 2015
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
17 наурыз 2015
«Ұстазым менiң, ұстазым» тоқсанға толады

Ұстазға арналған әндердiң бiрегейi – “Ұстазым менiң, ұстазым”.

Ән 60-жылдардың кезiнде жарыққа шықты. Бәрiмiз жарыса айтып жүрiп мектеп бiтiрдiк. Мектеп бiтiрушiлер осы әндi бiрлесiп ұстаз еңбегiнiң қандай қиын да, мәртебелi екенiн, мектеппен қоштасар кезеңде­рiнде көздерiне жас ала орындағанда, ерiксiз көз алдыңа өз ұстаздарың келедi. Жүрек тебiрентерлiк шығарма. Жетпiс жасқа келсек те, әлi айтып жүрмiз.
Ұлттық ән өнерiмiздiң алтын қорына “Әлi есiмде”, “Ақ сәуле”, “Сағыныш екен бала кез”, “Бейбiтшiлiк сақталады”, “Маржан қыз”, “Жылқышы әнi”, “Жайық қызы”, “Батыр бала Болатбек”, “Қайдасыңдар, достарым”, “Ұстазым менiң, ұстазым”, “Тол­қиды Тобыл”, “Жеңеше”, “Бойдақ болып жүрмiн әлi” секiлдi таңғажайып әндерi­мен өз қолтаңбасын қалдыра бiлген, көр­нек­тi сазгер Әбi­лахат Еспаев биыл күзде 90 жасқа толады.
250-ден аса әндi туған хал­қына ұсынған азамат бұ­рын­ғы Торғайға (қазiргi Қостанай) қарасты Тобыл өзеннiң жағасындағы 2-шi ауылда 1925 жылы 25 қарашада өмiрге келген. Әкесi Смағұл мұғалiм, мектеп меңгерушiсi болған. Аласапыран заманда 1932 жылы Алаш партиясының мүшесi ретiнде қудалауға ұшырайды. Көзi ашық, әкесi үдере көшiп, Жамбыл облысы, Меркiге қоныстанады. Сол жылдары ашаршылықтан қырылып, көмусiз қалған мәйiт­­­терден тарады ма кiм бiл­­сiн, бүкiл ауыл сүзек    ау­­ру­ы­­нан (iшiнде әйелi Злиха 4 баласымен) бiр күнде қайтыс болып кетедi. Үйiнде болмай әкесiнiң қасында жүрген Әбiлахат қана тiрi қалады.
Әкесi Смағұл екiншi дү­ние­жүзiлiк соғыс зұлматына тап келедi. Шу стансасының жанындағы қыпшақ аталары қоныстанған ауылға келiп Мариям апайға үйленедi. Балалық шағы ашаршылық уақы­тына тура келiп жастайынан анасынан, туған бауырларынан айырылып жалғыз өскен, Әбiлахат 1943 жылы 10 жылдықты тәмамдап, небәрi 17 жасында соғысқа аттанады.
Немiс басқыншыларымен Украина жерiнде болған үл­кен шайқаста ауыр жараланып госпитальда ұзақ емделедi. Жүрегi мен сол қолына қадал­ған немiс оғын дәрiгерлер ала алмайды. Бiлiмдi жас Могилов әскери училищесiнде офицерлер курсын оқып, Кавказ әскери округiнде офицерлiк құрамында қызмет атқарады. Жалғыз ұлын 25 жылдық әскери өмiрге қимаған әкесi Смағұл Еспайұлы сол кездегi бас қолбасшы И.В.Сталинге бар жағдайын жазып хат жолдап, әскери өмiрден қайтарып алады.
Бiлiм алу мақсатымен 1951 жылы Алматыға келген Әбiла­хаттың әндерiн тыңдаған белгiлi сазгер Латиф Хамиди “Молодой человек, вы очень талантливы. Вам надо все бросать и музыку писать” деп­тi.
Соғыста алған жарақаты уақыт өте келе мазалап, сол қолындағы сүйекке қадалған оқты да дәрiгерлер ала алмады. Сол жарақаттан өмiрiн өлеңмен өрнектеген сазге­рiмiз 1980 жылы 30 сәуiрде бұл дүниеден өттi.
Кезiнде қазақ музыкалық редакциясында бiрге iстеген әншi Нұрғали Нүсiпжанов: “Жас­тарға жол көрсетiп, тү­сiн­­дiрiп, ағалығын жасап жүрдi. Табиғатынан тектi, мәде­ниеттi адам едi. Әбiла­хат ағамыздай сырбаз, адам­гершiлiк қа­сиеттерi жоғары адамды қазiр сирек көремiн. Оның ән өнерiне қосқан үлесi өл­шеусiз”, – дейдi. “Әбiлахат аға менен әлдеқайда талантты адам. Оны ерекше қа­дiрлеймiн”, – деген Шәмшi Қалдаяқов.
Жазу-сызудан бастап, жаратылыстың небiр құпиясын түсiндiрген, оқыту арқылы жан дүниемiздi байытқан ұстаздар қауымына өлмес туынды арнаған, әнмен мәңгi ескерткiш орнатқан сазгерiмiз мемлекет қамқорлығынан тыс қалып жүр.
Әндерi ел аузында жүр­генiмен, көзi тiрiсiнде атақ-дәрежеге қызықпаған, тiптi шығармашылығын насихаттап ән-кештерiн өткiзбептi.
Алматы қаласында ұзақ жылдар тұрып, қазақ радиосының музыкалық редакциясында қызмет iстеген, ұстаздар қауымына әнмен мәңгi ескерткiш орнатқан сазгерi­мiздiң 90 жылдығын ел болып мерекелесек, нұр үстiне нұр болатын едi.
Әбiлахат Еспаевты есте қалдыру мақсатында өзi тұр­ған көшенiң бойына (бұрынғы Ухтомская) кеудеден жоғары мүсiнi орнатылса (бюст),   орталықтағы көшенiң бiрiне (мәселен, Куйбышев көшесiне) аты берiлсе, артық болмас едi.
Аманжан Өткелбайұлы, зейнеткер,
Төле би ауылы,
Шу ауданы,
Жамбыл облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті