1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазіргі адамдар «бірің өліп, бірің қал» дегенді мықтап ұстанып алған. Өйткені адамдар ешкімге сенбейді, сенейін десе есітетін әңгімелерінің бәрі өтірік. Сондықтан бәріміз ас үйде отырып, үстелді тоқпақтап, революция жасаймыз, көшеге шыққанда үнсіз қаламыз, өкінішке орай, осылайша екі жүзді болып барамыз.
Автор: Болат Атабаев, театр режиссері
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21 (15999) 17 наурыз, сейсенбі 2015
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
17 наурыз 2015
«Телқоңырды» жаппау керек едi

Қазақ халқының асыл мұрасы, рухани жәдiгерле­рiнiң iшiнде замана сүзгiсiнен өтiп, бүгiнгi ұрпаққа жеткен ән-күй қазынасын өз дәрежесiнде дәрiптеу, тани бiлу – ұлттың әрбiр азаматының парызы десе де болады. Осы мақсатта қазiргi таңда эфирде әртүрлi форматтағы музыкалық шоу-бағдарламаларының саны артып, қазақылыққа жақын жобалар аз.

Тележобалардың iшiнде кө­рермен ықыласына ие болған “Қазақстан” арнасындағы “Тел­қоңыр” танымдық-музыкалық бағдарламасы қазақтың дәс­түрлi музыка өнерiн дәрiптейтiн бiрден-бiр жоба едi. Осынау бағдарлама да жабылды.
Бағдарлама қазақтың ән-күй өнерiндегi жетiстiктерi мен ол­қылықтарын, өткенiмiзге үңiлiп, өшкенiмiздi жаңғыртуы және олардың бүгiнгi насихаты сияқты мәселелердi көтерiп, тыңдарман назарына ұсынды.
Сонымен қатар, “Телқоңыр” әр бағдарлама сайын қазақ дәс­түр­­лi музыкасын зерттеу ке­зiндегi ақтаңдақтарды, тың мәселелер­дi көтерiп, қазiргi музыкатану саласындағы зерттеу­шiлерге бағыт-бағдар сiлтедi.
Бағдарламаға шақырылған мамандар бұрмаланған, өзгерiс­ке ұшыра­ған әндердi егжей-тегжейлi талқылап, сүз­гiден өткiзiп, айтылмай келген, жұрт­тың бәрi бiле бермейтiн бiраз шындықтың бетiн ашуға тырысты. Мамандар – орын­даушы, жеткiзушiлерге қатысты дау­лы мәселелердi талқылап, қатесi болса түзеп, жанашырлық бiл­дiре алатын.
Хабардың құндылығы мен қатар кемшiлiктерi де болды. Мәселен, қонақтардың кейбiрi студияға келiп, “не айтамыз, не туралы өзi бүгiн” деген сияқты орынсыз сұрақтар қойып, “әй, әйтеуiр бiрдеңе айтармыз қазiр, шулап-шулап қайтармыз” деп селқос отырғанын да көрдiк.
“Телқоңыр” қайта жалғасын тапса, бағдарлама басшылары мынандай ұсынысымызды ескерсе, құба-құп болар едi. Ән-күйдi зерттегенде, талқылағанда әр­кiм әртүрлi деректерге сүйенуi мүмкiн немесе алдында айтқандай өз жеке пiкiрлерiн бiлдiрiп, даудың туары айдан анық, сондықтан белгiлi бiр қорытындыға келу үшiн хабардың түйiнiн айтатын сарапшылар болса.
Мұндай бағдарламалар жастарға өтiмдi болу үшiн, жастар жұмылдырылса, тiптi жақсы. Қазiр көп бағдарламалардан шоу жасау талап етiледi. Сту­дия­ның декорациясын да өзгерту керек сияқты.
“Телқоңыр” бағдарламасының идея авторы, әрi жүргiзушiсi, мемлекеттiк “Дарын” жастар сыйлығының иегерi, Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi, әншi Ақан Әбдуәлi: “Қазынамызды байытып, асылдарымызды ардақтап, жауһарларымызды жарқыратамын деген азамат­тар­ға Алланың нұры жаусын деймiз! Дәстүрлi өнерiмiз өз елiмiзде ғана емес, өзге мемлекетте қолдау тауып жатса, бағдарлама ұжымының көздеген мақсатының орындалғаны” деген едi. Осындай көрерменi көп, музыкалық-танымдық бағдарламаның ғұмыры ұзақ болуы тиiс   “Қазақстан” ұлттық арнасы халқымыздың руханиятына ұлттық бояуы қанық бағдарламаларын жарыққа шығару арқылы пайдасын тигiзедi деп сенемiз
Баян Әбiшева, музыкатанушы, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының кiшi ғылыми қызметкерi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті