1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №5 (15983) 20 қаңтар, сейсенбі 2015
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
20 қаңтар 2015
Тентегiңдi тезге салмасаң...

Көрген құқай бұл ғана емес

Абай.кз ақпараттық порталы Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжы ауылындағы “Жазерке” халықтық ұлт-аспаптар ансамблiнiң жетек­шiсi Әлия Жанбаеваның “Ұй­ғыр ауданы: Қазақша ән айтуға құқық жоқ па?” деген хатын жариялады. Ансамбль жетекшiсi жанайқайға толы хатында 30 жылдан берi ау­данның мәдениетiне өл­шеусiз үлес қосып келе жатқан ұжым мүшелерiнiң жаңа жылдық шара кезiнде көрген зәбiрiн жазған. 
“Сценарий бойынша сахна төрiне Аяз ата, Ақшақар және ескi жыл жылқы мен жаңа жыл қой болып киiнген төрт кiсi шақырылды. Аяз атаның елге айтар ақ тiлегi, Ақшақардың сөзi, жылқы мен қойдың шумақпен айтар жырлары, тiлек сөздерi алдын ала таспаға жазылып алынған болатын. Дүйiм жұрттың алдына шығар кезде дыбыс режиссерi Рауль “қазақша қоймаймын, таспа жоқ, не iстеп аласың?!” деп айқайлап, тек қазақтарды ғана емес, мемлекеттiк тiлдi де қорлады. Мына iсiне ыза болып, ансамбльдiң көркем­дiк жетекшiсi ретiнде “не iс­тедiң?” дегенiмде “Әкеңнiң......” деп неше түрлi былапыт сөздердi жаңбырша жаудыртты. Ашуға булықсам да, Раульдiң мазағын мастың iсiне балап, үндеме­дiм. Концерт жалғасып, кезек “Кел, Жаңа жыл!” деген әнге келдi. Ән хабарланып, әншiмiз ортаға шыққан кезде Рауль тағы да бүлдiрiп, ұйғырша ән қойып жiбердi. Өзi миығынан күлiп, билеп тұр. Концерт аяқталуға жақындап, ән айта алмай қалған Гүлдана есiмдi әншi келесi әнiн орындау үшiн сахнаға қайта шақырылды. Дыбыс режиссерi мас болса да, есебiнен жаңылмай, бұл жолы әншiнiң таспасының орнына “Қызыл өрiктi” қойып жi­бердi”.
Ұлты ұйғыр режиссердiң келемежiне шыдамаған Әлия Жанбаева қызының намысын қорғап прокуратураға шағымданғанымен, “қызмет барысындағы қақтығыс” деп iстi жылы жауып қойған көрiнедi. Ақыры дау ауданның аясынан асып, Абай.кз-да жария болған соң ғана мемлекеттiк тiлге шекесiнен қарағандарға тиiстi шара қолданылып, Рауль Адылжановтан бастап аудандық мәдениет үйiнiң директоры Рита Юлдашева, әдiскер Алик Изимов қызмет­терiнен алынған.
“Раульден көрген құқайымыз бұл ғана емес. Былтыр тамыз айында Райымбек ауданының Қарқара ауылында Еңбекшiқазақ, Ұйғыр және Райымбек аудандарының мәдени күндерi өттi. Осы шараға бiр айдай қызу әзiрленiп, жоғары деңгейде концерт қойдық. Осы концерттiң дис­кiсiн де Рауль ұшты-күйлi жоғалтып жiбердi. “Келешек үшiн қажет едi ғой, тарихты сақтауымыз керек. Неге жоғалттың?” десек “Мен таппаймын, қайда қалғанын да бiлмеймiн” деп мiз бақпай қойды. Сөйтiп, 500-ге тарта өнерпазды қатыстырып әзiрлеген еңбегiмiз жазылған диск жоғалды, төккен терiмiз селге кеттi. Раульдiң концерттерде қазақша ән айтатын өнерпаздарға микрофонды бермей қоюы, қасақана дыбысты бәсеңдетуi үйреншiктi жағдайға айналып кетiп едi”, – дейдi ансамбль жетекшiсi Әлия Жанбаева.
“Мың асқанға бiр тосқан” деген осы. Қазақтың тiлiн, қазақтың әуездi әуенiн қорлауға ешкiмнiң де қақысы жоқ!
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті