1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №15 (15473) 23 ақпан, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" музыкалық қосымшасы.
23 ақпан 2010
Әсет «Алтыным» әнiн кiмге арнап жазған?

Атақты сазгер Әсет Бейсеуовтiң әндерi халық арасына кең тарағаны сондай, оның әндерiнiң шығу тарихы жайлы баспасөзде әрқилы алыпқашпа пiкiрлер жарияланып жүр.  («Алтыным» әнi қалай туған», «Атамекен» газетi, 22.11.2008 жыл. Досан Жанботаев, «Алтыным» әнi қалай туған?» «Жетiсу» газетi, 5 қараша, 2009 жыл, Мұхамбетжан Абдрахманов). Баяғыда Сәбеңнiң «Ботагөз» романы экрандалып жатқан кезiнде фильм түсiрiлiп жатқан Көкшетау өңiрiнде: «Асқар мен Ботагөз алғаш мына жерде кездескен», «Ботагөздiң мына ағашқа арқан байлап, асылып өлмек болғанын «көргендер» көп болған.

Сәбең басты кейiпкерлерiнiң ойдан шығарылғанын, тек Асқар мен Амантай бейнесiн жасарда Әлiби Жангелдин мен Амангелдi Имановтың өмiр жолдарын еске алғаны – мектеп оқушыларына дейiн бiлетiн жайт. Айтпағымыз, халық өздерiнiң сүйiктiлерiне айналып кеткен кейiпкерiне, не шығармасына қатысты ешқашан бейтарап қалған емес. Соның бiрi – Әсеттiң «Алтыным» әнi.
М.Абрахманов бұл әннiң 1965 жылы Алтын Әлiпбаеваға арналып жазылғанын Алтынның өзiне сөз берiп, оны «куәләндiре» отырып дәлелдейдi. Кезiнде Алтынның әншiлiгiне тәнтi болмаған әнсүйер қауымды Жетiсу өңiрiнен табу қиын едi. Ол салған «Алқоңыр», «Гауһартас», «Маңмаңгер» әндерi ешкiмдi бейжай қалдырмайтын. Әсеттiң бұл әндi Алтын мен Кеңестiң тойында орындағаны да рас. Осы ән радиодан, теледидардан шырқалғанда (ол кезде «Әсет Алтынға ғашық болыпты» деген сөз ел арасында гулеп т ұрған-ды) Кеңестiң оны өшiрткiзiп тастайтыны да шындық.
 Ал ендi Әсеттi «жетi рет үйлендiрiп, жетеуiнде де тамада болған» досы жазушы Досан Жанбота «Алтыным» әнi туралы былай дейдi: «Әсет бұл әнiн менiң жерлесiм, көркi десең көркi бар, тәрбиелi, өмiрдi кеңiнен өлшейтiн Алтын деген қызға арнаған».
Мен көп жылдар бойы арқалы ақын, Әсет әндерiне көп мәтiн жазған Нұрсұлтан Әлiмқұловпен араласып тұрдым. Бiрде осы ән радиодан айтылып жатқанда: «Нұреке, осы ән кiмге арналған? Бiздiң Алтын Әлiпбаеваға ма?... Әлде басқа бiр Алтынға ма?!». «Ол Алтын (басқа) оныншыны жаңа бiтiрген болатын. Сол үшiн сотталып та кете жаздадым...» деп жауап берген едi. Арғы жағын қазбаламадым. Досан Жанбота бүй дейдi: «Сұлу қызға кiм әзiл айтпайды. Алтынмен (Әлiпбаевамен) мен де, Әсет те әзiлдестiк. Әсеттiң бұл Алтынының алдында да, Кеңес Көкеевтiң (Алтынның бұрынғы күйеуi) алдында да ары да, жаны да таза. Өйткенi, мен Әсеттiң кiмдi сүйгенiн де, кiм үшiн күйгенiн де жақсы бiлемiн» («Атамекен». 22.11.2008 жыл).
Ал ендi түсiнiп көрiңiз бұл жайды!
Бiзде үрдiске айналып кеткен бiр әдет бар. Қандай да бiр ән жазылмасын, (халыққа кең тарағандары) оның шығу тегiн тек сазгерге апарып тiреймiзде, оның мәтiнiн жазған ақын көлеңкеде қалып қояды. Әсет туралы естелiк жазып беруiн өтiнiп, үйiне барғанымызда ақын – Мемлекеттiк сыйлықтың лауреаты Мұзафар Әлiмбаев бүй деген-дi: «Бақытжан Байқадамов пен Әсет Бейсеуов екеуi әндерiнiң бәрiн дайын текстке шығаратын».
Ендеше, бұл әнiн Әсеттiң кiмге арнағанын марқұм Нұрсұлтан Әлiмқұлов өзiмен бiрге ала кеткен тәрiздi. Ән түйiнi сол ақын ағамыздың өмiрiнен iздеу керек шығар. Өйткенi: «Алтын үшiн сотталып кете жаздадым», – деп тегiн айтпаған болар ол кiсi.
Сондықтан бұл әннiң шығу төркiнiне нүкте қою әлi ертерек.
Тұрсынбек ЕШЕНҚҰЛОВ,
Әсеттанушы,
Әсет мұражайының директоры,
Жамбыл ауданы,
Алматы облысы.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті