1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №63 (15625) 9 тамыз, сейсенбі 2011
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
9 тамыз 2011

 

Рысқали
Дүйсенғалиев
(1916-2006)
Жарты ғасырдың фотополотносын жасаған Рысқалиды жай ғана фотограф деп емес, ел тарихын, шежiресiн фотосуретпен бейнелеушi деп тануымызға әбден болады.
Қазақ
фотожурналистикасы ардагерлерiнiң
бiрi ­саналған
Рысқали
Дүйсенғалиевтың
туғанына –
95 жыл
30 жасында КазМУ-дың фотожурналистка бөлiмiне оқуға түскен ол сол кездердi былай еске алатын: “Өте ауыр жылдар болатын. Көмек сұрайын десем, бiрде-бiр бауырым жоқ едi. Аштықтан жиi есiмнен танып, құлап қалатынмын. Екiншi дүниежүзiлiк соғысқа қатысушы майдангер ретiнде денсаулығымды түзеу үшiн емделуiме жағдай жасамақшы болып академиялық демалыс ұсынған ректоратқа үзiлдi-кесiлдi қарсы болдым. Қайтсем де универси­теттi өз курстастарыммен бiтiретiнiмдi айттым...”
Рысқали Дүйсенғалиев түсiрген фотолар АҚШ, Франция, Қытай, Болгария, Румыния, Польша, Чехословакия, Үндiстан, Египет сынды әлемнiң бiраз елдерiнiң басылымдарында жарияланған. Ол кiсi өз мамандығының арқасында қазақтың маңдайына бiткен Жамбыл Жабаев, Дiнмұхамед Қонаев, Мұхтар Әуезов, Бауыр­жан Момышұлы, Ғабит Мүсiрепов, Ахмет Жұбанов, Қаныш Сәтбаев, Ғарифолла Құрманғалиев, Күләш Байсейi­то­ва, Жұбан Молдағалиев сынды талай-талай ұлы тұлғалардың бейнелерiн тарихқа қалдырып кеттi. Бүгiн солардың бiр тобын жариялауды ұйғардық.
 
Әнуар Әлiмжанов, Мұхамеджан Қаратаев, Әбдiлда Тәжiбаев,
Жазылбек Қуанышбаев, Ыбырай Жақаев, Сапар­ғали Бегалин
 1973 жыл, 18 мамыр. Жазушылар Одағы
Мұқан Төлебаев
Жұмағали Сайн, Есмағамбет Смайылов, Сапарғали Бегалин, Рахманқұл Бердiбаев, Кенен Әзiрбаев, Мардан Байдiлдаев, Тұманбай Молдағалиев,
Мариям Хакiмжанова, Мүсiлiм Базарбаев, Әбдiлда Тәжiбаев
1959 жыл
Қалижан Бекхожин
Мүсiлiм Базарбаев
 
 
 
«Бәтiңкенiң бауын байлауға мұрша жоқ!»
Сұлтан СЕЙIТОВ,
“Астана ақшамы” газетiнiң фото­тiл­шiсi
Қолыма алғаш фотоаппарат ұстаған кезiм. Тұңғыш рет қалам ұстаған оқушыдай әрi-сәрi күйдемiн. Сурет түсiрудiң қыр-сырын әлi толық меңгерiп кетпегенмiн. Бiр күнi бастығымыз шақырып алып: “Суреттерiң қанық емес, неге дұрыстап түсiрмей жүрсiң, егер кәсiби қажеттiлiк туындаса, арнайы курс оқы, бұлай жүре беруге болмайды”, – деп суреттерiме көңiлi толмайтынын ашық айтты. Осы сөз көңiлiме қаяу түсiрген секiлдi. Фотоаппаратымды ары-берi айналдырып, оң-терiсiн ақтарып, балансты бұрап, бар бiлгенiмдi жасағандай болдым.
Сөйтiп, кезектi тапсырманы орындауға шықтым. Астананың әкiмi ауысып, оның үстiне елорданың 10 жылдығына қауырт дайындық үстiндегi қарбалас кез едi. Бiрнеше құрылыс нысанын араладық. Әр объектiге барған сайын тасыр-тұсыр, сарт-сұрт еткен фотоаппараттар жарысының дыбысы ғана құлағымда қалыпты. Осы жүгiрiс­тiң арасында бiр қарасам, әкiм төбе-төбе үйiлген құм мен тастың ортасында аяқ киiмiнiң бауын байлап отыр екен. Күнi бойғы жүгiрiстен көпшiлiк қауым да шаршағандай. Бiразы тiзе бүгiп, бiразы құмның үстiне отыра кеткен. Мен де тiзерлеп отырған ем. Сол күйi фотоаппаратымды бағыттадым да, әкiмнiң аяқ киiмiнiң бауын байлап отырғанын түсiрiп алдым. Содан ойымда ештеңе жоқ жұмысқа келдiм. Бiраз уақыт өткен соң алматылық бiр басылымнан әкiмнiң объектiлер аралаған суреттерiн сұрат­қан өтiнiш келдi. Бiрнешеуiн iрiктеп электрондық поштамен салып жiбердiм. Келесi күнi “Жас қазақ” газетiнде “Бәтiңкенiң бауын байлауға мұрша жоқ” деген тақырыппен көлдей мақала және қа­персiз күйде өзiм басып алған әкiм­нiң суретi шықты. Тақырып пен суреттiң үйлесiмдiлiгi келiстi шығыпты. Сол сурет фотоәлемге деген құлшынысымды оятты десем, қателес­пеймiн. Со­ның арқасында бiраз көзге түсiп қалғандаймын.
Сурет әлемiндегi орнымды әлi таптым деп айту ертерек шығар, дегенмен өмiрлiк жолым ендi тек фотоаппаратпен етене байла­ныс­та болатынын iштей мойындаймын. Ол суреттен кейiн де сәттi шыққан бiраз суреттерiм болды. Бiрақ алғашқы сәттi туындым бол­ғандықтан, өзiме әлгi сурет өте ыстық көрiнедi. Содан кейiн бастығым да “суретiң бiр жақты, iз­денбейсiң” деп айтпайтын болды. Жаңадан бастап келе жатқан мен сияқты фотографқа бұл – үлкен медеу, келешекке нық қадам жасауыма себепкер болды. Содан кейiн фотоаппаратқа деген сенiмсiздiк жойылды. Көңiлiмде тек сурет түсiруге байланысты “момент ұстау” деген кәсiби ой ғана жүредi.
Астана
қаласының әкiмi
Иманғали
Тасмағамбетов
Серi
Астана түнi
Мұз айдынында
Балдәурен
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті