1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №97 (15555) 7 желтоқсан, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
7 желтоқсан 2010
Арал: кемелер «моласы»

Фототiлшiнiң кәсiбi – ғажап кәсiп. Одан да ғажабы – ұлттық телеграф агенттiгiнде жұмыс iстейтiн фототiлшiнiң қызметi. Өйткенi, онда дер кезiнде, лезде, қайда және қашан тарихи оқиғалар орын алып жатса, сол жерден табылуға мүмкiндiк мол.

1989 жылы Мұхтар Шахановтың арқасында Қарақалпақстанға сапарға шықтым. Жас фототiлшiмiн. Ол жердi көзбен көрдiм. Қатты толғандырды. Шөлейт жер. Тот басқан кемелер. Кең тыныс алу мүмкiн емес. Тұзды, құрғақ, шаң...
Бұл – экологиялық апатты аймақ-тұғын. Бiрақ мұны ол кезде терең түсiнбеген болатынмын.
Алайда Қазақстандағы Арал аймағында дәл осындай кемелердiң зираты бар екенiнен хабардар едiм. 1991 жылы Арал қаласына жаяулатып, кездескен көлiкке мiнiп, дәл осы жантүршiгерлiк жерге аяқ бастым. Санаулы сағаттарда көргендерiмдi суретке тарттым. Кешқұрым, кемелердi күн батар сәтте түсiргiм келдi. Әйткенмен жергiлiктi жол­серiгiм кешке қалмауыма кеңес бердi. Жақын маңда қараусыз қалған мазар да болатын...
Қонақ етiп, сурет түсiруге, осы арқылы ондағы жұтты әлемге жариялауға мүмкiндiк берген жергiлiктi қарапайым тұрғындарға өте ризамын. Өкiнiшке қарай, дәл сол кезде мұндай түсiрiлiмдердi жарыққа шығару мүмкiн емес болатын. Жылдар бойы Арал аймағы жөнiндегi кiтап құрастыруды ұсындым, мүмкiндiк болмады. Ал қазiр уақыт жеттi және бұл арқылы мен сол аймақта өмiр сүрiп жатқан тұрғындардың алдындағы өз мiндетiмдi атқарудың сәтi туды.
Мұрат Мамбетов, фототiлшi.
ҚазТАГ – ТАСС, 1990 жыл.
 
Газетiмiздiң өткен нөмiрлерiнiң бiрiнде бiз фоторепортер Мұрат Мәмбетовтың екi фотоальбомының Мәскеуде өткен байқауда арнайы диплом­ға ие болғанын жазған едiк. Жүлдеге ие болған фотоальбомның бiрi – “Арал – наследие СССР”. Бiз бүгiн осы фотоальбомнан өз оқырмандарымызға суреттер ұсынып отырмыз.
 
 
 
 
 
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті