1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №97 (15555) 7 желтоқсан, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
7 желтоқсан 2010
«Тәуелсiздiк: қас-қағым сәт»

Шүкiр ШАХАЙ еңбек жолын Оңтүстiк Қазақстан облысы Киров (қазiргi “Мақтаарал”) аудандық “Коммунистiк еңбек” газетiнде фототiлшi болып бастаған. Одан кейiн әр жылдары республикалық “Қазақстан пионерi”,”Халық кеңесi” газеттерiнiң фототiлшiсi болып қызмет iстеген. 1990-96 жылдары жалпыұлттық “Егемен Қазақстан” газетiнде фототiлшi болып еңбек еттi. Сондай-ақ, республикалық “Жас Алаш”, халықаралық “Түркiстан” газетiнде жұмыс iстедi. 2002 жылдан берi Қазақстан Республикасын премьер-министрiнiң жеке фототiлшiсi.

Шүкiр Шахай – “Қазақстан”, “Қасым Қайсенов”, “Роза Рымбаева”, “Түркiстан”, “Қазақтың киiз үйi”, “Мақтаарал”, “Жер жәннаты – Жетiсай”, “Шежiрелi Шардара”, “Тәуелсiздiк: қас-қағым сәт”, “Астана: қас-қағым сәт” атты фотоалбомьдардың және басқа да онға жуық кiтапальбомдардың авторы.
Қазақстан Республикасы Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.
 
 
 
 
 
P.S.
2010 жылдың 11 желтоқсанында Астана қаласы Тәуелсiздiк сарайында сағат 12.00-де Шүкiр Шахайдың “Тәуелсiздiк : қас-қағым сәт” атты фотокөрмесi өтедi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті