1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №49 (15507) 22 маусым, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
22 маусым 2010
Фотосуретке сәттi түсем десеңiз...

Интернет-жеңгетай арқылы әлдебiреумен танысуға бел шеш­сеңiз, ең алдымен фотосу­ретiңiз­ге мән бергенiңiз жөн. Интернетке қолға iлiнген суреттi қыстыра салуға болмайды. Егер ер-азаматтар­ға ұнауды көздесеңiз, онда суретiңiз де көпшiлiк көңiлiнен шығатындай болсын. Ала-құла суретке түсiп, уақытты тектен-текке сарп еткiзгенше, бiрден сапалы суретке түскенiңiз дұрыс. Сапалы суретiңiз болмаса, интернетке анкетаңызды орналастырып, әуреге түспей-ақ қойыңыз. 

Сонымен, сапалы суретке қол жеткiзудiң жолы қандай? Әуелi заманалы сандық фотоаппараты бар фотосуретшiнi табыңыз. Егер бұл фотосуретшiнiң визажисi бар болса, тiптен жақсы. Визажист бет-әлпетiңiздi әсемдеп, дұрыс макияж жасайды. Ал егер визажист қызметiн қымбатсынып, макияжды өзiм жасаймын деп шешсеңiз, мына нәрселердi есте тұтқайсыз. Макияжды жасанды емес, табиғи етiп жасаңыз. Қошқыл далап, қызыл кiрпiк немесе қасыңызды қара түске боямаңыз. Суретке түсуден бұрын шашыңызды жуып-шайып, ретке келтiрiңiз. Таза әрi жылтыр шаш – қыздың көркi. Жасыңыздан үлкен болып көрiнгiңiз келмесе, шашыңызды жоғары қойып, күрделi шаш үлгiсiн жасатудан аулақ болыңыз.
Әдетте фототүсiрiлiм бiрнеше сағатқа созылады. Фотосуретшi түсiрген сансыз суреттердiң тек бiрнешеуi ғана сәттi шығуы мүмкiн. Бiрақ бұл – кәдуiлгi жағдай. Әр суретте әрқилы болып көрiну үшiн фототүсiрiлiмге бiрнеше киiм алып барыңыз. Бұл киiм сәндi, қарапайым әрi бiртектi болуы тиiс. Киiм-кешек бойыңыздағы қандай да бiр мiндi жасырып, жақсы қырларыңызды асырып көрсететiндей болсын.
Десек те, фотосуретке мына киiм-кешекпен түспей-ақ қойғаныңыз жөн: iш киiм, ала-құла түрлi-түстi киiм, платформа, спорттық костюм, тон, куртка немесе пальто, мойынды қымтап тұратын жемпiр мен бас киiмдер, қара көзiлдiрiк, тым көп бижутерия мен асыл тастар.
Фотосуретке шын көңiлмен күлiмсiреп түсiңiз. Сондай-ақ, фотосуретке жалғыз түскен дұрыс. Балаңызбен бiрге түскен суреттi кейiнiрек жiберген жөн. Алайда балаңыз бар болса, анкетада мұны бiрден көрсетудi ұмытпағайсыз.
Үй iшiнде, кiлем, гардин, гүлдi түсқағаз фонында түсiрiлген фотосуреттер талғамсыз көрiнедi. Жұмыс үстелiнiң басында телефон тұтқасын ұстап отырып түскен суреттер де таныстық үшiн жарамайды.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті