1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №49 (15507) 22 маусым, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
22 маусым 2010
Сырдың сары баласы

Алашыбай ЕСМАҒАМБЕТОВ (1945-1996)

Алашыбай Асқарұлы Есмағамбетов 1945 жылдың 20 желтоқсанында Қызылорда облысы, Арал ауданында туған. Орта мектептi оқып жүрген кезден бастап-ақ аудандық газетте мақалалары шыққан. 1965 жылы С.М.Киров атындағы КазГУ-дiң филология факультетiне оқуға түскен. Сол уақыттарда газет-журналдарда әңгiме-мақалалары басылып жүрдi. Университет бiтiргеннен кейiн әскери борышын Якутия­да жалғастырған, сол кезде де әңгiме-мақалалары газет-журналдарда жарық көрiп тұрған. Әскерден кейiн 1971-72 жылдары Қазақ радиосында редакторлық қызметте, кейiн “Лениншiл жас” (қазiргi “Жас Алаш”) газетiнде секретариатта қызмет iстеген. Макет сызудың шеберi атанып, кейiннен газеттiң жауапты хатшысының орынбасары қызметiн атқарды. Секре­тариат­та белгiлi жазушы Жанат Елшi­беков, белгiлi ақын Қайырбек Асанов үшеуi газеттiң рубрикасын өз қыздарына есiм етiп қойды: Құралай, Жазира, Арай.
Бiрде газет бетiнде “Өрiкайдар” атты сықақ әңгiмесi шыққанда, белгiлi сықақшы Оспанхан Әубәкiров оқып, “сары бала сенен бiрдеңе шығады” деп ризашылығын бiлдiрген. Теледидардан тамашаның тарландары Бауыржан Ибрагимов, Тасқын Құлыбеков, Мейiрман Нүрекеев “Қақпақыл” сықағын ойнады. “Қисық шеге” атты сатирасы жарық көрдi. КСРО журналистер одағының мүшесi болды. Журналистiк сапармен 7 мемлекетте – Швейцария, Финляндия, Болгария, Югославия, Чехославакия, Румыния, Польша және Мәскеуде болды.
Қазақ радиосы мен теледидарында, “Қазақ әдебиетi” газетiнде, баспада, “Дала дидары” (қазiргi “Ауыл”) газетiнде жауапты хатшының орынбасары қызметiн өмiрiнiң соңғы күндерiне дейiн атқарды. Заманымыздың белгiлi заңғар жазушысы, немере ағасы Әбдiжәмiл Нұрпейiсовтен үлгi алды. “Лениншiл жас” газетiнiң бас редакторы Сейдахмет Бердiқұлов, Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты Жарылқап Бейсембаев, белгiлi жазушы Жақау Дәуренбеков, фототiлшiлер Сайлау Пернебаев, Сиез Бәсiбеков, Рахымбай Ханалиев Алашыбаймен араласып-құраласып тұрды.
Рахымбай Ханалиев жақын жан досы болды, үлкен жүректi, адал, өте бауырмал адам едi. Алашыбай Есмағамбетовтiң жан-жақты журналист, сықақшы, фототiлшi болуына сол кездегi мықты жазушы, журналист адамдардың көп әсерi тидi. Осындай ғұлама адамдардың арқасында Алашыбай Есмағамбетов елге танымал болды. Оның артында атын шығаратын қызы Арайлы (жоғары бiлiмдi бухгалтер-аудитор), ұлы Мұхит (жоғары бiлiмдi, жеке кәсiпкер, сықақ өлең жазады) қалды.
Жұбайы Раиса Сәдуақасқызы.
 
Редакциядан:
Осы мақала газетке дайындалған кезде Раиса Сәдуақасқызының қайтыс болғаны жөнiнде хабар алдық. “Жас Алаш” газетiнiң ұжымы А.Есмағамбетов пен Р.Сәдуақасқызының ұл-қыздарына қайғыларына ортақтасып көңiл айтады.

Алашыбай Асқарұлы түсiрген суреттер

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті