1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №8 (16194) 31 қаңтар, сейсенбі 2017
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
31 қаңтар 2017
Тосыннан түсiрiлгенде

Ол әдемi, сәттi түсiрiлген суреттерiнiң мазмұнын айтып, түсiндiрiп жатпайтын. “Түсiндiрудi қажет ететiн сурет – сурет емес, ол өзi сөйлеп тұруы керек” дейтiн ол. Шынында, Сайлау Пернебаев ағамыз түсiрген көп суреттерге кiсiнiң аты-жөнiн ғана жазатынымыз болмаса, басқалай басы артық түсiндiрмелер қажет емес-тiн. Оның үстiне, “Тосыннан түсiрiлгенде” деген айдар бойынша көп еңбек еткен оның суреттерi сол кейiпкерлерiнiң түр-тұлғасын, мiнез-құлқын, жағымды-жағымсыз әдеттерiн дөп басып, түсiндiрмесiз-ақ ашып тұратын.
 

Әнуарбек Әуелбек

 Ермек Серкебаев, Фарух Закиров,
Кеңес Дүйсекеев, Роза Рымбаева, Болат Әбiлев,
Мақпал Жүнiсова, Мұрат Насыров,
Валерий Күзембаев (солдан оңға қарай).
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті