1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №97 (16179) 5 желтоқсан, дүйсенбі 2016
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
5 желтоқсан 2016
«Менiң отаным – Қазақстан»
Жуырда Алматыда Қазақстан Республикасы Тәуелсiз­дiгiнiң 25 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясы Өзбек этномәдени орталығының 10 жылдығына орай ерекше фотоальбом жарық көрдi. Тұсаукесер рәсiмiн “Қазақ тiлi” халықаралық қоғамының президентi Өмiрзақ АЙТБАЕВ пен Қазақстан тарихшылары қауым­дас­тығының президентi Мәмбет Қойгел­диев ашты. Сонымен қатар ҚР парламентiнiң депутаттары мен зиялы қауым өкiлдерi қатыс­ты.
Бұл деректi фотошежiре топтамасы тiлi, дiлi, дiнi ортақ алып бәйтерек iспеттi түркi дүниесiнiң жайқалған бiр бұтағы – қазақтардың сонау сақ дәуiрiнен бергi өз алдына ұлт болып ұйысқанын паш етедi. Тәуелсiз, iргелi елге айналып, қалыптасу жолындағы тыныс-тiршiлiгi, әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүрi, мәдениетi, бас­тан кешкен түрлi қиындықтары мен күресi жөнiнен де сыр шертедi, танымал iрi тұлғаларын тарихи фотосурет арқылы көп ұлт пен ұлысты, этносты отандастарымызға таныстыруды көз­дейдi. Бұл – Жұбан ақынның тiлiмен айтқанда: “Мың өлiп, мың тiрiлген” қазақ халқы iргесiн қалап, орнықтырған бүгiнгi баршамыздың ортақ Отанымыз – Қазақстанның өсiп, даму жолының қасқағым сәттiк көрiнiсi. Фотожинақ өзбек этномәдени орталығының тапсырысы бойынша жарық көрдi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті