1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №33 (15491) 27 сәуір, сейсенбі 2010
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
27 сәуір 2010
Қазығұрттың перзентi

·          кәсiпқой

 
 «Еңбексiз таң атырмай, күн батырмай»,
Тыпырлап тыным көрмес Рахымбай
Тарихтың куәгерi – суреттерi:
Халқына еңбегi бар бiр ақындай.
Мұзафар Әлiмбаев
 
Рахымбай Ханалы – мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары саласында көп жылдар еңбек сiңiрген белгiлi фототiлшi. Жастайынан суретке түсiруге әуес болды. Ауылдағы жалғыз фотоаппараты бар Әжiмұрат ақсақалдан фото түсiрудi үйрендi. Тырнақ алды туындылары Оңтүстiк Қазақстан облысы, Қазығұрт аудандық «Ленин өсиетi» газетiне шыға бастады. «Жаңа базар» елдiмеке­нiнде М.Горький атындағы орта мектептi бiтiрген соң, аудандық газетке әрiп терушi болып жұмысқа орналасты. Әл-Фараби атындағы ҚазМУ (қазiргi ҚазҰУ)-дiң журналистика факультетiнде оқи жүрiп, факультеттiң, университеттiң қоғамдық жұмыстарына қатынасып, сол кездегi «Лениншiл жас», «Мәдениет және тұр­мыс», «Бiлiм және еңбек», «Социалистiк Қазақстан», «Жетiсу» газеттерiне өнер­ден, ақын-жазушылар мен балалар өмiрiнен, партияның съездерiнен фотошолуларын бере бастады. Студент бола жүрiп, «Қазақстан пионерi» қазiргi «Ұлан» газетiнде, сонымен қатар «Қазақ әде­биетi» газеттерiнде фототiлшi болып қызмет жасады.
Ол кезде қазақ жiгiттерiнiң iшiнен шыққан фототiлшiлер саусақпен санарлық едi: Алашыбай Есмағанбетов, Сиез Бәсiбеков, Сайлау Перне­баев, Дендербай Егiзов, Қай­рат Мұстафин. Бұлар түсiрген фотосуреттер – қазақтың тарихы деп бiлем.
Рахымбай 1985 жылы Мәскеуде өткен Дүниежүзiлiк студент жастарының ХII фес­тивалiнiң лауреаты атанды. 1989 жылы Үндi елiнде өткен жеке фотокөрмесi үлкен табысқа жеттi. Екi рет Қазақ ССР-i жоғары кеңесiнiң Құрмет грамотасымен мара­пат­талды. Сонымен қатар оның еңбектерi Польша, Өз­бекстан, Грузия, Үндiстан т.б. елдерде өткiзiлген көптеген халықаралық сурет көрмесiне қойылып, жоғары бағасын алды. 1994 жылы Қазақстан Журналистер одағы ұйымдас­тырған «Петр-Редько» атындағы сыйлықтың лауреаты атанды. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 10 жылдық төл мерекесiне байланысты президент Н.Назарбаев қол қойған Құрмет грамотасымен, арнайы мере­келiк медалiмен марапатталды. Ол – Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесi. Рахымбайдың жетек­шiлiгiмен түрiк тiлiнде «Қазақ мәдениетi» (түрiк тiлiнде, 2000 ж), «Ақсу айшықтары» (1993 ж.), «Құтты қоныс» (1981 ж.), «Қазыбек шыққан шың» (1996 ж.), «Қазақстан ЛКЖО тарихы» (1984 ж.) кiтаптары жарық көрдi.
Қасиеттi Қазығұрттың талантты перзентi (2003 ж.) өмiрiнiң соңына дейiн халық­аралық «Қазақстан » ЖШС бас директорының орынбасары қызметiн атқарды.
«Ғалымның хаты өлмейдi, жақсының аты өлмейдi». Рахаңның артында қалған ұрпақтары әкелерiне лайық болып өстi. Кезiнде өзi қызмет жасаған «Жас Алаш» газетiнде жүрiп алған «Жадыра» саяжайында өзi тұрған көшеге аты берiлдi. Жыл са­йын Қазақстан Журналистер одағы Рахымбай Ханалы атындағы сыйлықты республикадағы ең үздiк фототiл­шiге ұсынады. Үлкен ұлы өзi сияқты кезiнде фотоаппарат ұстап, «Алматы ақшамы» газетiнде фототiлшi болды. Қазiр кеден қызметкерi, үш баланың әкесi. Қызы Зүлфия – экономист, үш баланың анасы. Кiшi ұлы Жасұлан – экономика ғылымдарының кандидаты, кәсiпорын басшысы.
 
Африза АЙТБАЙҚЫЗЫ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесi, ғалым.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті