1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
“Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде өз тiлiнде өмiр сүре алмай отырған бейшара халықты көрдiм. Ол – қазақтар”
Автор: Италияның қазiргi заманғы кәсiпкерi, жиһанкез Реналью Гаспирин
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №93 (16071) 24 қараша, сейсенбі 2015
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
24 қараша 2015
Америкалық фотограф Райн Белл

Жуырда ҚазҰУ-дың журналистика факультетiнде америкалық “National Giographic” фотографы Райн Белл қазақстандық журналистер мен фототiлшiлерге, студенттерге кәсiби шеберлiк сағатын өткiздi.

Жалпы, өз басыма жақсы, пайдалы кездесу, сұхбат болды. Өзектi мәселелер қозғалып, қажеттi ақпараттар мен кеңестер берiлдi. Көкейде жүрген сан сауалдарға жауаптар алынды. Шетелдегi фотограф әрiп­тестердiң жұмысымен танысып, материалдық жағдайларын өз ауыздарынан естiдiк.   Бұл салада жетiстiкке жету үшiн,саланың iшiнен сала таңдап, соны оқып, бiлiп зерттеп, игеруге кемiнде 5 жыл уақытыңды арнауың керек деген пiкiрлерiн айтты. Шетелде фотографтарға сұраныстың жақсы екенiн, жұмыс­тарының жоғары бағаланатынын да тiлге тиек еттi.
 Қазiргi заманда фотографтар жұмыстарын әлеу­меттiк желiлерде көпшiлiк­пен бөлiсiп, өз-өздерiн жарнамалап, таныстыруы керек, әр­түрлi конкурс, жобаларға қатынасып, бағын сынап, тәжiрибе жинау керек деген пiкiр-кеңестерiмен де бөлiс­тi. Алыстан ат арылтып келiп, жұмыстарымен таныстырып, тәжiрибесiмен, ақыл-кеңес­терiмен бөлiскенi үшiн Райн Белл мырзаға және де осындай кездесуге ұйытқы бо­лып,бiз сияқты жастардың кәсiби сабақтар алуына мүмкiндiк жасап жүрген “ФОТОӨНЕР” ҚБ-не үлкен рақметiмдi айтамын. Болашақта да осындай кездесулер, шеберлiк сабақтары жал­ғасады деген үмiттемiн.   
Бағдәулет ҚИЯСБЕКҰЛЫ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті