1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №67 (16045) 25 тамыз, сейсенбі 2015
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
25 тамыз 2015
Моноподтың да машақаты көп

Бүгiнде селфи жасауға қызығушылық танытушылар саны күн санап өсуде. Ал селфи жасаушы монопод таяқшаны әлемнiң көптеген алдыңғы қатарлы мұражайлары iшке алып кiруге тыйым салған. Ондағы жәдiгерлердiң және басқа адамдардың денсаулығының қауiпсiздiгi үшiн. Олардың қатарында АҚШ, Голландия, Канада, Франция, Ұлыбритания ал осы жылдың наурызынан Мәскеудегi Третьяков галереясына да монопод кiргiзбейдi. Ал үлкен қалалардың көшелерiндегi жағдай бұдан да күрделi. Халықаралық Москва – Сити кешенiнiң қарсысындағы көпiрден 2015 жылдың 4 шiлдесiнде достарымен бiрге селфи түсiрмекшi болған қыз бала құлап, сол жерде мертiктi. АҚШ-та Бруклин көпiрiнен селфи жасаған саяхатшы тұтқындалды. 21 жастағы жiгiт жасаған селфидi әлеуметтiк желiге орналастырған, нәтижесiнде полиция iздестi­руге кiрiскен. Басқа қалада қашып жүргенiмен, тұтқындалып, жуық арада iсi сотта қаралмақшы.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті