1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №67 (16045) 25 тамыз, сейсенбі 2015
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
25 тамыз 2015
Суретiне қарап сөйлеп үйренген

“Мемлекеттiк төңкерiс жасамақшы болды” деген айыппен сотталып, 1925 жылы 35 жасында бостандыққа шыққан Адольф Гит­лердiң айқын дарындылығы – шешендiгi. Бiрақ оның халық алдында әсерлi сөз сөйлеу өнерi туа бiткен қасиетi емес екен.

 Гитлер өте ұялшақтығынан арылу үшiн сырт келбетi мен сөйлеген сөзiнiң әсерлi болуы үшiн көп еңбектен­гендiгi анықталды. Осы мақсатпен Адольф өзiне Генрих Гофман есiмдi жеке фотограф жалдаған. Ол фюрер­дiң халық алдында сөз сөйлеуге дайындықтарын фотоға түсi­рiп отырған. Ұлт көшбасшысы бет әлпетiн өзгертiп, әртүрлi қимылдармен тәжiрибе жасап, соңында өзiнiң кейпi сәттi ме, әлде күлкiлi ме деп фотосуреттердi сын көзбен бiр қарап шығады екен.
 А.Гитлер суреттердi жо­йып тастауға бұйрық бергенi­мен, Г.Гофман өзiнiң студиясында сақтап қойыпты. Кейiн ол “Гитлер менiң досым бол­ған” атты өзiнiң ғұмырнамасында сирек кездесетiн фо­тосуреттердi жариялады. Сол суреттерге көз жүгiртсек.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті