1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №7 (15985) 27 қаңтар, сейсенбі 2015
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
27 қаңтар 2015
Сұлулықты суреттеген студент

ҚазҰУ-дың журналистика факультетiнде «Сұңқар» студенттер кәсiподағы» қоғамдық бiрлестiгiнiң қолда­уымен баспа iсi және дизайн кафедрасының 4-курс студентi, «Фотоөнер» қоғамдық бiрлестiгiнiң мүшесi Досжан Балабекұлының ҚазҰУ-дың 80 жылдық мерейтойына орай жарық көрген «Қыр гүлiндей жайнаған ҚазҰУ қызғалдақтары» атты фотожинағының тұсаукесерi өттi.

Кадрға iлiккен сексен сұлу – университеттiң ең бiлiмдi, ең ақылды әрi парасатты да ибалы қыздары. Арулардың имидждiк келбетiн қалыптастырған Досжанның бұл кiтабы – фотоөнер саласындағы алғашқы еңбегi. Жас журналистiң фотография саласына деген сүйiспен­шiлiгiн паш ететiн және университе­тiне деген өзiндiк үлесiн қосып жүргенiн айғақтайтын фотожинақ бұған дейiн жарық көрген емес.
 Яғни Досжанға дейiн ҚазҰУ-дiң бiрде-бiр студентi фотожинағын құрастырған жоқ. Балабекұлының еңбегi – тұңғыш кiтап.
Кiтап «Сұңқар» студенттер кәсiподағы» қоғамдық бiрлестiгiнiң демеушiлiгiмен Алматыдағы «Асыл кiтап» баспаханасында басылды.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті