1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №39 (15913) 20 мамыр, сейсенбі 2014
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
20 мамыр 2014
Nikon Қазақстанға келдi

Осы жылдан бастап Алматы және Астана қалаларында Nikon сервис орталығы кәсiби фотокамералаларды қолданушыларға арнап қызмет көрсете бастады. Ал Қазақстандағы Nikon компаниясының өкiлеттiгi 2012 жылдың 3 қыркүйегiнде ашылған. Компания өзiнiң ғасырға жуық тарихымен әлем бойынша жүз мыңға жуық кә­сiп­қой және әуесқой фотографтардың көңiлiнен шыға бiл­дi. Екi жыл­дың аралығында елiмiзде өз өнiмiн са­тудан көшбастаушы орында тұр.

Компанияның негiзiн қалау­шы Кагаку Кого (Коgaku Коgyо) 1917 жылдың 25 шiлдесiнде “Nippon Kogaku” (аудармасы–Жапондық оптика) деген атау берiп, 1988 жылы қайта өзгерткен. Ұйым­ның президентi – Митио Кария. Алғашында Nikon Жапонияның әскери флотына оптикалық құралдар шығарумен айналысқан. Ал 1945 жылдан бастап cұранысқа өте зәру әрi бiрден танымал бола бастаған оптикалар-микроскоп, телескоп, теодолит және фотокамераларды өндiрiп шығара бастады. Бүгiнгi күнгi соңғы фотокамералары Nikon D800 және Nikon D4s фото-бейне түсiрi­л­iмдерiнiң заманауи талаптарына толықтай жауап бере ала­ды.
Nikon брендiне қара және сары түс­тер байланды. Ал 2003 жылы корпорацияның заманауи логотипi жарық көрдi. Онда фирманың түстiк гаммасы сақталған. Ал ақ қисық сәулелер құрастырушылардың ойынша болашақты бiлдiредi. Сары түс – қиял мен шығармашылықты, қара – сенiм мен сапаны көрсетедi.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті