1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (15888) 25 ақпан, сейсенбі 2014
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
25 ақпан 2014
Соңымнан ер...

Осындай атпен жобаны iске асырған жас фотограф Мурад Осман аз уақыт iшiнде интернет желiсiнде үлкен танымалдылыққа ие болды. Шыққан тегi дағыстандық Османның айтуы бойынша, бұл жобаның басты мақсаты әлемнiң керемет жерлерiн қарапа­йым екi жолаушының көмегiмен бүкiл әлемге көрсету. Жобаның шығуы кездейсоқ болған дейдi жас фотограф. Ол өзiнiң Наталья есiмдi құрбысымен Барселонада жүрген саяхатында үйреншiктi фотосессиясын жасап жат­қан. Үнемi бiркелкi қайталана беретiн фотосессиядан шаршаған қыз Османның қолынан ұстап, басқа жерге апаруын өтiнген. Дәл осы қас-қағым сәтте Османның   қөзарасымен түсiрiлген сурет жобаның шығуына себеп болған. Және осы сценарий кез келген саяхатында қайталана бередi. Қазiргi таңда екеуi Гонконг, Венеция, Сингапур, Франция, Түркия т.б мемлекеттерде болған. Кейде Осман қалжыңдап мен әлемдi шарлау сияқты жағымды нәрсенi пайдалы жұмыспен бiрiктiрдiм дейдi. Шындығына келсек, ол кәсiби фотограф статусын алуға ұмтылмаған. Ол өзi ұнатқан фотография өнерiнiң соңынан ере бердiм дейдi. Және оның жолын кез келген адам қайталай алатынына сенiмдi.

Мурад Османның негiзгi мамандығы – құрылысшы-инженер. Фотографияға қатысы жоқ болса да, ол осы салада еңбек етуде. Қазiргi кезде ол өзiнiң жеке продюссерлiк орталығында жұмыс iстейдi.
 
Мурад Осман

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті