1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (15888) 25 ақпан, сейсенбі 2014
"Жас Алаштың" фотосуретшілерге арналған беті. Дайындайтын Асылхан ӘБДІРАЙЫМ
25 ақпан 2014
Жалқы мерген

Дендербай Егiзов (1939-2007). Д.Егiзов – қазақтың спорт фотожурналистикасының негiзiн қалады. Бiр ғана басылымда – республикалық “Спорт” газетiнде қызмет iстедi. Мәскеу, Сеул, Барселона, Нагано Олимпиада ойындарына қатысты. “Спорт– бейбiтшiлiк елшiсi” (“Спорт–посол мира”) фестивалiнiң иегерi атанды. Көзi тiрi болғанда қазақ спортының фотошежiрешiсi биыл 75 жасқа толатын едi.

(эссе) үзiндi

“Тұрады айтқан сөзiнде,
Келедi айтқан кезiнде...”
Журналистер қауымының iшiнде фототiлшiлердiң орны бөлек. Бұл кәсiптi серiк еткендер соншалықты көп емес. Бiр басылымда әдетте бiр ғана фототiлшi болады. Сондықтан ол бүкiл ұжымның ерке баласы се­кiлдi еркiн жүредi. Ерназардың сегiз ұлынан ерек туған Ертөстiк сияқты, әрiптес­терiнiң бәрi соның аузына қарайды.
Жалпы, фототiлшi деген өте қызық халық. Әрқайсысы өзiнше бiр әлем. Олардың мiнез-құлықтары да әркелкi. Бiрi той-томалақты құр жiбермейтiн сауыққой, екiншiсi – басынан құс ұшырмайтын серi, үшiншiсi – ауыздыға сөз бермейтiн шешен, төртiншiсi – желге қарсы қарап тұрып түкiретiн қыңыр... Қай-қайсысының да соңынан аңыз ерiп жү­редi.
Жалпы, фотожурналистер – құдайдың еркесi. Қа­жет суретiн алу үшiн ел үнемi олардың соңынан қуалап жүредi. Ал Егiзов ондайлардың санатына жатпайды. Сұратқан суретiңдi алдыңа қаптатып өзi әкелiп тастайды. Уәделескен уа­қы­­тынан бiр минут та ке­шiкпейдi. Жарасқан ақынша толғасақ: “Тұрады айтқан сөзiнде, Келедi айтқан ке­зiнде”. Қара басып, кешiгiп қалсақ, көзiлдiрiгiнiң астынан көзi шегiрейiп, саған ит көргендей қарайды. Сол қарағанының өзi же­тедi. Жерге кiрiп кете жаздайсың. Есесiне екiншi қайтара кешiкпейсiң. Кей­бiр фото­журналис­тер­дiң серiлiк құрып, көбелек қуып кетуi­нiң салдарынан газетке қажеттi сурет шықпай қалып жатады. Дәкең ондайға ешқандай жол бермейдi. Қайта ол өзiнiң жауапкершiлiгiне өзгелердiң iлесе алмайтынына қиналады. Бiр кезде шет тiлдерi институтында немiс тiлi мамандығын игерген Дендербай Егiзовке немiс жұртының алабөтен дәлдiгi жұғысты болған тәрiздi. Қазақтың маңдайына бiткен спорт журналис­терiнiң өзi соншалықты көп емес. Әдепкiде еңбек жолын осы саладан бастап, дүниенi дүбiрлеткен халықаралық додалардың бiразын көзiмен көрiп, қаны қызып тұрған репортаждар ұсын­ған жiгiттердiң көбi қазiр басқа салада жүр. Ал бұл кiсi өз арнасынан ешқайда бұ­рыл­ған жоқ. Бiр ғана соқ­пақпен жүрдi. Өзiнiң соны сүрлеуiн салды. Спорт журналистикасын игеру үшiн туды. Спорт фототiлшiсi болып өмiрден өттi.
Дендербай Егiзов бал­уан iнiсi Дәулет Тұрлықановтың қамқорлығын көп көрдi. Дәулет Дәкеңнiң фотокөр­мелерiнiң бәрiне демеушi болды. Талай халықаралық жарыстарға оны өз қаражатымен аттандырды. Егiзов Дәулеттiң белдесулерiнiң бәрiн суретке тартты.                             
Биыл Дендербай Егiзов арамызда аман-есен жүр­генде жетпiске толар едi. Жыл өткен сайын меңдеген дертпен дамылсыз арпалысып, ақыры жеңiлiс тапты. Сол кезде спорт саңлақтары мен жанкүйерлерi өмiр­ден кiмнiң өткенiн түсiнген­дей болды. Мамандығына мұндай адал адамды табу қиынның қиыны едi. Бiрде жуынатын бөлменi қараңғылап қойып, түнiмен сурет шығарыпты. Жеңгемiз соны байқамай, жарықты жағып жiбергенде Дәкең әлемдегi бар қапалы дауыспен айғай салыпты. Қазiр сол ащы айқайдың жоқтығынан қазақ фотожурналистикасының үнi шықпай тұр. Атақты фото­тiлшiнi ен далада жортып жүрген жалқы мергенге ұқ­сататынбыз. Соңында шә­кiрт қалмады. Ертпегендiк­тен емес, ермегендiктен. Жұмыстың қиындығына шыдамағандықтан. Спорт журналистикасы да спорт саңлақтары тәрiздi тынбай тер төгудi талап ететiн көрiнедi.
Әйгiлi спорт фототiлшiсi Дендербай Егiзовке сыңар болатын бүгiнгi әрiптестер қайда өзi? Ендi бiр Дендербай туа ма, тумай ма? Әлде, фотомылтығын оңтайлап, жарыстардан қалмай жүр ме екен? Бiрақ соны бай­қай алмай тұрғанымыз. Қателесуге жазсын... Әзiрше жал­қы мергеннiң орны үңiрейiп тұр...
 
Бауыржан ОМАРҰЛЫ, “Ана тiлi” газетi.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті