1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №70 (16256)   5 қыркүйек, сейсенбі 2017
5 қыркүйек 2017
Алтынбек соқпағымен

Уақыттан асқан сыншы жоқ. Бір кездері Алтынбек Сәрсенбаев айтқан дүниелер уақыт өте келе ақиқатқа айналып, осы өмірімізде айна-қатесіз орын алып жатқанын көкірегі ояу азаматтар күн сайын сезіп те, байқап та жүр. Яғни ұлт пен тіл, мемлекет мүддесінің күрескері Алтыкең бүгінгі күннің тынысынан алыс күннің тіршілігін болжай білген сақа саясаткер екенін уақыттың өзі дәлелдеді. Ендеше, Алтынбек Сәрсенбайұлының сөзі мен ісі күн өткен сайын алтындай жарқырай беретіні анық.
Жылдағы дәстүр бойынша биыл да мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер А.Сәрсенбайұлының жаяу жүріп өткен тау жолымен тағы да сапарға шығамыз. Құрметті халайық, әріптестер, достар! 12 қыркүйек күні сағат 10-да Кеңсай зиратында Алтынбек Сәрсенбайұлының рухына бағышталып құран оқылады. 16 қыркүйек күні Алатау бөктеріндегі «Алтынбек соқпағымен» жүруге баршаңызды шақырамыз.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті