1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
12 қыркүйек 2017
Біртанов реформасын кейінге шегергісі жоқ

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін кейінге шегергісі келмейді. Ол медсақтандыру жарнасын төлейтін жұмыс берушілерге артылатын жүкті жеңілдету үшін әлеуметтік салықты азайтуды ұсынып отыр. Сарапшылар «министрдің бұл ұсынысы бюджеттің Ұлттық қорға тәуелділігін арттыра түседі» дейді. Осыдан бірнеше

12 қыркүйек 2017

Сонымен, үш айға созылған ЭКСПО-2017 көрмесі де өз мәресіне жетті. Талай әңгімеге арқау болған ғаламдық шараны елорда тұрғындары жаңбырлатып жүріп шығарып салды. Жабылу салтанатында сөз сөйлеген мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың айтуынша, «ЭКСПО-2017 көрмесі жоғары деңгейде әрі табысты өтіп отыр». «Тәуелсіз Қазақстанның абыройын асқақтатты» деген бұл көрмені 4 миллионға жуық адам аралап көріпті. Олардың үштен екісі жастар

12 қыркүйек 2017
Bul latyn qaj latyn?

БҰЛ ЛАТЫН ҚАЙ ЛАТЫН?
Қыркүйектің 11-і күні мәжілістегі парламенттік тыңдауда латын әліпбиінің нұсқасы таныстырылды. Сол-ақ екен, интернет желідегі жұрттың жаңа әліпбидің нұсқасына қарсылықтары қарша борады. Мысалы, «ә» әрпі латын таңбасында «ae» болса, «ө» әрпі «oe» болады. Сонда «әлем» деген сөз латынша aelem, «өркен» сөзі oerken болып жазылады. Жұртшылық пікірі бұл қалыптағы әліпби нұсқасы қабылданса, тіл заңдылығы бұзылып, қазақ тілінің онсыз да мүшкіл халі одан әрмен әлсірейді дегенге саяды. Оның үстіне жаңа әліпби нұсқасын жасауда бұған дейін

7 қыркүйек 2017
«Бір аспанда – жүз мың күн!..»

ӘЛЕМДЕ ЯДРОЛЫҚ ҚАРУҒА ҚОЛ СОЗҒАН МЕМЛЕКЕТТЕР ҚАТАРЫ ӨСЕ ТҮСУДЕ
Үнді данышпанынан қалған «бір аспандағы жүз мың күнге» байланысты осындай бір тылсымды сөз бар. Алматы аспанындағы жалғыз күннің 40 градустан асқан қызуына шыдай алмай көл мен

7 қыркүйек 2017

Қызылордада әрбір күн сенбі деп саналатын сияқты. Өйткені мұнда күн мейлі сенбі, мейлі дүйсенбі болсын бәрібір – сенбілік ұйымдастырыла береді. Әр тұрғынның санасына «қала – ортақ үйіміз» деген ұран сіңіп қалған. Әсіресе ұстаздар қауымы үшін бұл сөз ұран емес, бұлжымас қағида. Мәселен, Жібек жолы даңғылының бойынан әр ұжымға

7 қыркүйек 2017

«Жас Алаштың» Жамбылдағы қосынына Шу ауданы Ескі Шу ауылдық округіне қарасты Белбасар ауылының тұрғыны Аңсабек Шопабаев қария хабарласты. Әңгіме ауанына қарағанда, ауылында өткен жиында әкімдердің халықтың мұң-зарына құлақ аспайтынын ашына айтқаны үшін ауыл әкімі Жапарқұл Тәжиевтің қолы тиген көрінеді. «Осымен төртінші жыл ерте көктемнен бел жазбай

5 қыркүйек 2017
Төлешовтен қалған байлықты бөлісу...

ФОСФОРШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ ЕНДІГІ ҚОЖАЙЫНЫ КІМ БОЛАДЫ?
Атышулы шымкенттік бизнесмен, «мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды» деген айыппен 21 жылға бас бостандығынан айырылған Тоқтар Төлешовке қатысты сот процесі Шымкенттегі Еңбекші аудандық сотында әлі жалғасып жатыр. Естеріңізге сала кетейік, бұл сот Төлешов иелік еткен сыра зауытымен байланысты. «Сыра королі» мен оның бір топ сыбайластарына, дәлірегі бұрынғы қызметтестеріне, салықтан жалтарды

5 қыркүйек 2017
Қазақ мектептері қашан көбейеді?

Әлхамдулилла, қазақ өсіп жатыр. Соңғы деректе ұлт саны 65,5 пайызға жетті. Халық саны өскен сайын оның әлеуметтік, тұрмыстық, саяси-экономикалық талап-тілегі де өсетіні белгілі. Бұл өз кезегінде қордаланып жатқан ұлттық мәселелерді уақыт оздырмай дер шағында шешіп отыруға итермелейді. Соның ішінде ең өзектісі – мектеп мәселесі. «Отырам ба мен текке, Мен де кеттім мектепке» деп сөмкесін арқалап, білім ордаларының табалдырығын аттап жатқан қазақ баласының саны жыл санап

31 тамыз 2017

Он сегіз жастағы Рамазанда әзірге арман жоқ. Алыс-жақын шетелді шарлап әлемді көру, білім қуып дүниені тану, Алматы мен Астананы, тіпті болмағанда Шымкенттің шаңын шығара қыдырып, қызыққа толы кештерде аражігі ажырамас құрбы-құрдас, мәңгілік дос көрінетін замандас, сезімге мас бойжеткендердің

31 тамыз 2017
Су жаңа 69 көліктің жәрдемі болмай тұр

Қызылордада жол-көлік оқиғасы өткен жылға қарағанда 4,8 пайызға артқан. Яғни жол апатының ұзын саны 49 135-ке жетіпті. Облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Бауыржан Ибраев бұл ретте көш бастап тұрған себеп: жол ережесінің бұзылуы, мас күйінде көлік жүргізу, жылдамдықты шамадан тыс арттыру екенін алға тартып отыр. Одан бөлек, жақында ғана қолданысқа берілген

29 тамыз 2017
Қазаққа қанша көкжиек керек?

Айдос САРЫМ
арнайы «Жас Алаш» үшін

«Қазақстан» ұлттық арнасы толықтай ребрендинг жасап, өз атауын жаңалап «Qazaqstan» деп ауыстырып, құрамына кіретін барша құрылымдық және аймақтық бөлімшелерінің атын латын қарпіне көшірді. Оның алдында мәдениет және спорт министрлігі жанынан құрылған «Қасиетті Қазақстан» орталығы еліміздің республикалық дәрежедегі 100 қасиетті, қастерлі тарихи және табиғи орындарының

22 тамыз 2017
Жедел жәрдем өзгерді

Жедел медициналық көмек көрсетудің жаңа тәртібі енгізілді. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың бұйрығы бойынша, енді алғашқы медициналық көмекті дәрігерлер бригадасы жеткенше медициналық білімі жоқ адамдар да көрсетуі мүмкін. Бұйрықта сонымен қатар жедел жәрдем бригадасының түскен қоңыраудың шұғылдығына байланысты келіп жету уақыты

22 тамыз 2017
Балабақшаны табыс табу үшін ғана аша ма?

Қызылорда қаласында барлығы 200-ден астам балабақша бар. Алайда саны жағынан басымдық танытып отырғанымен, сапа жөнінен алдыңғы орынға табан тірей алмай отыр. Ұрпақты ұлағатты жолға салады деген балғынжайларымыздың бірінің басшысы қызметтен шеттетіліп жатса, енді бірінде бүлдіршінді таяқтың астына алған деректер әшкере болған. Бұл күнде қоғамдық кеңестің жүргізген тексеруі нәтижесінде

22 тамыз 2017
«Бір грамм қоқыста миллиард микроб бар»

Ел аумағындағы полигондарда 25 миллиард тоннадан астам қажетсіз қалдық үйіліп жатыр. Яғни әр тұрғынға бір жарым мың тоннадай қоқыс тиесілі. Мұны аз көрсеңіз, жыл сайын 700 мың тоннадай қоқыс полигондарды үсті-үстіне толтыра бермек. Ал бұл қоршаған ортаға қып-қызыл зиян. Түтіні түзу батыс елдері қоқыстан зиян шекпейді, қайта пайда көреді. Біз де сондай

22 тамыз 2017
Құдалар салатын қоқыс зауыты қайда?

Оңтүстікте соңғы 10 жылдың көлемінде қоқыс өңдейтін зауыт салу «жырға» айналып келеді. Жаңылыспасақ, тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарататын кәсіпорын салу 2006 жылы Шымкенттің әкімі болған Өмірзақ Әметтің кезінде қолға алынған. Сол жылдары жергілікті теле-дидардан сұхбат берген әкім тұрғындарға «енді жақында сіздерден қоқысты сатып алатын

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15»