1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №90 (16276)   9 қараша, бейсенбі 2017
21 қыркүйек 2017

Атқарушы билік өкілдері елмен тығыз жұмыс істеу үшін «Электронды үкімет» жобасын қолданысқа енгізгенімен, оның қазақша нұсқасына бір сәт те зер салмайтынын байқағанда, бұл жай ғана көз алдау екенін бірден түсінесің. Қазір бес жасар баладан белі бүгілген қартқа дейін интернетке еркін кіре алады. Соның ішінде мемлекеттік органдардың сайттарынан ақпарат алу да пәлендей қиын

19 қыркүйек 2017

Қызылордада жалақы өспей жатып жолақы өсті. Мұнан бөлек, азық-түлік өнімдері де жыл басынан бері бірнеше пайызға қымбаттаған. Қалтаны қағар базар бағасына халықтың көңілі де алабөтен. Ақиқатына келгенде, айлығын шайлығына жеткізе алмай отыр. Әсіресе ауылшаруашылық өнімдерінің құны аспандап барды. Мысалы, жыл басында сиыр етінің орташа бағасы 1200 теңге болса, осы күнгісі 1356 теңге. Пайызға шаққанда – 14 пайыз. Жылқы етінің арзаны 1300 теңгеден басталады. Ал көкөніс

19 қыркүйек 2017

Қазір еліміздің барлық аймағында қысқы маусымға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Баспасөз бетіндегі жаңалықтардан белгілі болғандай, еліміздегі бірқатар қалалық және аудандық әкімдіктер осы ретте соғыс, еңбек және тыл ардагерлеріне жүйелі көмек көрсетіп келеді. Мен тыл ардагері ретінде Қызылорда облысы Жалағаш ауданының әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының қабылдауында болдым. Оларға осы ауданның тұрғыны, жалғызбасты ана, зейнеткер әрі тыл ардагері ретінде қыс мезгілінде отын сақтайтын қора

19 қыркүйек 2017
Әлімхан ЖҮНІСБЕК: Жаңа әліпби құлдық санадан құтқарады

Латын әліпбиі талқысында ең алдымен тіл саласында жүрген мамандардың пікірін білу маңызды. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбекті аз-кем әңгімеге шақырып, парламентте таныстырылған әліпбидің қандай негізбен жасалғанын

19 қыркүйек 2017

Оңтүстік Қазақстан облысының шалғайындағы Мақтаарал ауданы, міне, бірнеше жылдан бері басыбүтін екі мәселені үкіметтен сұрай-сұрай шаршады. Бұл сауалдарға жауап табылмайтындай соншама не күн туды екен деп жүздерін күн сүйген Мырза даланың марғасқалары мен мақташылары аң-таң күй кешуде. Ол сауалдың бірі һәм бірегейі іріленген Мақтаарал ауданының қайтадан тарихи қалпына, яғни Мақтаарал, Жетісай, Асықата болып бәз-баяғы аумақтық-әкімшілік шекарасына орналасуы ләзім

14 қыркүйек 2017
257 шақырым жолды алты сағат жүрдік

Жақында Астанадан Таразға жеңіл көлікпен сапарға шыққан едік. Жолшыбай Балқаш көліне шомылып, қазақ жерінің ұшы-қиыры көзге көрінбейтін кеңдігін айтып, жеріміздің әсемдігін Алланың берген кеңшілігі деп санап, шүкіршілік етіп марқайып келе жатқанбыз. Алматыға қарай ирелеңдей созылып жатқан кең

14 қыркүйек 2017

МӘДЕНИ ШАРАЛАРҒА АҚШАНЫ АЯМАЙТЫН БИЛІК ХАЛЫҚТЫҢ МҰҢ-МҰҚТАЖЫНА КЕЛГЕНДЕ НЕГЕ САРАҢ?
Сонымен, жергілікті билік билеттерін жыл басынан бюджет қызметкерлеріне мәжбүрлеп сатқызған ЭКСПО да бітті. Бірақ мәселенің бәрі мәжбүрлеумен шешілмесі белгілі ғой. Айналып келгенде, салмақтың біразы бюджеттің есіл қаржысына барып тірелді. Басқа өңірді қайдам, оңтүстікте үш ай жазда бюджеттің, демеушілердің қаржысымен

14 қыркүйек 2017
Каталина Девандас АГИЛАР:МҮГЕДЕКТЕР САУ АДАМДАЙ ӨМІР СҮРУГЕ ҚАҚЫЛЫ

«Мүгедектерді қолдап-қорғауда Қазақстан жауапты қадам жасап жатыр, әйтсе де әлі нақты іс-шараларды жетілдіру қажет», – деп мәлімдеді БҰҰ-ның мүгедектер құқығы жөніндегі арнайы баяндамашысы Каталина Девандас Агилар елімізге келген ресми сапарында. «Бұған дәлел ретінде Қазақстанның әлеуметтік қамсыздандыру саласына жүргізіп жатқан реформасын

14 қыркүйек 2017

Латын әліпбиінің нұсқасы мәжілісте таныстырылғаннан бері қоғамдық пікір қызып тұр. Әйтеуір, кириллицадан кетпейміз, латынға көшпейміз деп жер тепкілеп жатқан көпшілік жоқ. Бірақ жаңа әліпбиде бір дыбыс – бір әріп қағидасының бұзылғаны біраз жанның көңілін күпті қылып тұрғандай. Жұртшылық пікірі бұл қалыптағы әліпби нұсқасы қабылданса, тіл заңдылығы бұзылады дегенге саяды. Қазақтың қазіргі жазуында бір таңбаны екі-үш әріппен қосарлап

12 қыркүйек 2017
«Ембі – мұнайшылар ұстаханасы»

«ЕМБІМҰНАЙГАЗ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНА – 95 ЖЫЛ
1922 жылы «Ембімұнай» тресі болып құрылған уақыттан бері кәсіпорын талай қиын-қыстау кезеңдерден өтіп, бүгінде ғасырға жуық ғұмыр кешкен алып компанияға айналды. Бүгінгі таңда мекеме өркендеу жолын жалғастырып, білікті, кәсіби, тәжірибелі мамандармен толығып отыр. Саланың майын ішкен бесаспап

12 қыркүйек 2017

Он сегіз жастағы Рамазанда әзірге арман жоқ. Алыс-жақын шетелді шарлап әлемді көру, білім қуып дүниені тану, Алматы мен Астананы, тіпті болмағанда Шымкенттің шаңын шығара қыдырып, қызыққа толы кештерде аражігі ажырамас құрбы-құрдас, мәңгілік дос көрінетін замандас, сезімге мас бойжеткендердің ортасында шалқып жүру иә болмаса қатарынан қалмай әскерге сұранып кету Рамазанның ойына кіріп те шықпайды. Рас, ол соңындағы төрт бауырын асырау

12 қыркүйек 2017

«Осы жылдың 9 айында Қор 39 миллиард теңгеге 10 мыңнан астам несие берді, - дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Жандар Омаров. – Жалпы, жылдың соңына дейін ауылдық шағын несиелеуге 41 миллиард теңге бөлу жоспарланған. Шарттар несие алушылар үшін өте тиімді: несиелеудің мерзімі – 6,5 жылға дейін, үстеме – жылдық 6 пайыздан аспайды, тиімді сыйақы

12 қыркүйек 2017

Оңтүстік Қазақстан облысында осы жылдың сегіз айында 53051 нәресте дүние есігін ашқан. Оның ішінде 521-і егіз болса, төртеуі үшем. Айта кетейік, елімізде әрбір бесінші бала Оңтүстік Қазақстанда өмірге келеді. ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде тәуелсіздік алған жылдардан кейін жаңа медициналық нысан салынып, саланы қаржымен қамту екі есеге

12 қыркүйек 2017

Қызылорда облысы Арал ауданында соңғы жарты жылда 25 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды. Соның ішінде, мемлекеттен несие алып, жұмысын істеп жатқан Октябрь ауылдық округінен құрылған «Шижаға-16» ауылшаруашылығы өндірістік копперативінің жұмысы ырғақты. Нақтырақ айтқанда, кооператив мүшелікке 65 адам тартып, 50 сиырдан сүт өндіру және жеке тұлғалардан сүт қабылдау жобасына «Ауыл шаруашылығын

12 қыркүйек 2017

Қазақстандықтар медициналық көмексіз қалмау үшін таңдау жасауы тиіс. Осы күнге дейін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 70 млн теңге түсті. Бұл қаражатқа жекеменшік емханаларда қызмет көрсететін болады. Ол үшін медициналық мекемеге тіркелу керек. Нақты бір ауруханаға қабылдану үшін жеке куәлікпен мекенжай анықтамасын беріп, өтініш жазу керек. Медициналық сақтандырудың міндетті

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14»