1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Циничное, жестокое, отвратительное,  преступление: убийство Алтынбека Сарсенбаева – человека, который был последние годы моим политическим оппонентом. С ним вместе убиты его помощники. Председатель КНБ генерал Дутбаев сразу же излагает главе государства свою версию: за преступлением стоит кто-то из членов семьи президента – либо Рахат Алиев, либо Тимур Кулибаев, либо Кайрат Сатыбалды.
"Караван" №10, 10.03.2006
Автор: Дарига Назарбаева
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №88 (16274) 2 қараша, бейсенбі 2017
2 қараша 2017
Әліпби «әлегі»

Сонымен, жұрт ұлардай шулап, әліпби «әлегінің» астында қалды. Осы тақырыпқа өз пікірін айтпаған адам қалмағандай. «Таксовать» етіп жүрген ағайыннан президенттің өзіне дейін ойларын айтты. Тиісті жарлыққа да қол қойылды. Дегенмен бұл әріптер мен дыбыстарды белгілеу әдістемесін жақтаушылар мен қарсылардың айтысы еместігін түсіну керек.
Латын әліпбиіне көшуді таза лингвистикалық тұрғыдан қабылдамау керек. Әрине, тал бойында бір мін жоқ әліпби табу қиын болар. Өз басым кириллицада бар әріптерді латыншаға ауыстырып, ал өзге тілде жоқ, тек қазақта бар әріптер мен дыбыстарды қазіргі қалпында қалдыру идеясын қолдаймын. Бар мәселе компьютер клавиатурасына ғана тіреліп қалмауы тиіс: өз әліпбиімен қытай мен жапон, араб та өмір сүріп, қарыштап дамып жатыр емес пе?
Бүгінде кириллицадан латын әліпбиіне көшу не көшпеу пікірталасы қазақ ұлтының жаһандану заманындағы орны қандай болмақ деген тұрғыда қарастырылуы тиіс. Онсыз әңгіменің бәрі – бос.
Бұл мәселенің тағы бір маңызды астары бар. «Орыс әлемі» идеясын неоимпериялық саясатына іргетас жасаған қазіргі Ресей билігі біздің тарихи таңдауымызға, кириллицаның тарау аумағының тарылуына әсте қуанып та жатқан жоқ. Қайта Кремль түрлі қысымдарға жол ашқандай. Әрине, былығы мен берекесіздігі шаш етектен билікті жақсы көріп кеткем жоқ, дегенмен оның латын мәселесіндегі саяси шешімін мойындау керек. Осы тұрғыдан қарағанда ұсынылған нұсқаға қоғам пікірі екіұдай болғанымен, басты бағытты, жалпы үрдіс пен үдерісті қолдаған жөн. Латын әліпбиі – осы әліпбиді негізге алған адамзаттың тұтас бір әлеміне жақындай түсу. Бірақ бұл ғаламдық деңгейдегі мәселенің тым қарапайым, қарабайыр деуге де лайық, техникалық жағы қана. Әріптері латынша дамыған мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық деңгейіне жету үшін бізге әліпби реформасы аздық етеді. Өмірдің басқа салаларын қамтитын жаңашыл қадамдар керек.

КӨШ ҚАЛАЙ ТҮЗЕЛЕДІ?
Қарап отырсақ, латын әліпбиіне көшудегі шенеуніктердің асығыстығында өз басыма беймәлім бір «сыр» бар сияқты: әйтпесе тәп-тәуір идеяны асықпай-аптықпай, бір қайнауы ішінде екі жобаны президенттің алдына апарып, онсыз да шақшадай басы шарадай боп жүрген жұрттың басын қатырмай-ақ, ұзын арқан, кең тұсауға салмай-ақ жүзеге асыруға болатын еді ғой.
Шынымды айтсам, маған осы ретсіз асығыстық ұнамайды. Тарихи әрі шешуші сәтте «жеті рет өлшеп, бір кесетін» салиқалы да сабырлы іс-қимыл керек сияқты. Яғни «латын әліпбиіне сөзсіз көшеміз» деген басты таңдауды ресми жариялап, қалған жұмысты қоғам болып, соның ішінде тіл мамандарын және әліпби енгізуден әлемдік тәжірибеге қанық білгірлерді тартып, әріптері маржандай тізілген, көңілге қонымды жобаны жан-жақты пысықтап жүзеге асыруға болады ғой. Солай істеуге болатын да еді ғой.
Бірақ бізде сол баяғы науқаншылдық пен шолақ белсенділік басталып кеткендей. Шенді-шекпендінің бәрі жаттанды сүрлеуіне түсіп, осы идеяны айқайлап қолдап, «елбасымның көзіне қалай түсіп қалсам, қандай креатив танытсам екен» деп, жеке бастық жарысқа түсіп кеткендей. Мәселен, бастамасы жап-жақсы, ұлттың кең тыныстауына, халыққа аса қажетті «рухани жаңғыру» жобасын соңғы кездері жергілікті жердегі атқамінерлер керекті де керексіз жерге тықпалап, жасанды жиындармен елді мезі етіп, жұрттың сенімсіздігін оятып, тіпті кей жағдайда қыршаңқы сөз, қотыр тіл, әжуа-күлкіге ұластырып жіберді: «Не істеп жатырсың?» – «Рухани жаңғырумен» рухани қаңғырып келдім». Өкінішті-ақ. Шенділердің қарқынына қарасақ, латын көшін қолдаулары осындай мазаққа айналып кететіндей көрінеді. Оның үстіне осынау маңызды тақырыпты насихаттаушылар қатарынан белгілі бір лингвистикалық білімін айтпағанда, тағдыры шешіліп жатқан қазақ тілінде өз ойын анық-қанық жеткізе алатын тұлғалар табылмай, оның есесіне ана тілінде екі ауыз сөздің басын құрай алмайтын шенділер көсемсіп «көсіліп» жатқанын көрген көңіл біраз секем алатыны да рас.
Қаншама сын айтсақ та, осы кездегі бұл трендтің бір оң тұсын айтуымыз да керек. Латын әліпбиі туралы мәселе көтерілгенде өз басым «кириллицамен сауатын ашқан бұл қоғам қалай қарайды екен?» деп ойланып қалғаным рас. Бірақ қарап отырсақ, бүгінде «латынға көшеміз бе, көшпейміз бе?» деген талқылау «латын әліпбиінің қай түріне көшеміз?» деген мәселе деңгейіне ауысып кетті. Мұның өзі қоғамдық дамудың, соның ішінде ұлттық сана-сезімнің сапалық жағынан жаңаша деңгейге көтерілгенінің бір көрінісі деп санаймын. Осынау, баршаға қатысы бар, «қызық» әрі күйіп тұрған тақырыпты билік «таза саяси технология мүддесінен күн тәртібіне қойып отыр» деген уәждер де естіліп қалатыны рас. Яғни билік «жұрт назарын басқа жаққа аударудың тактикалық амалын жүзеге асырып отыр» деген болжам айтылады. Шынымен де қарапайым халықты күні-түні толғандыратын мәселе жеткілікті: бағаның шарықтап өсуі, жұмыссыздық пен жемқорлық, күннен-күнге асқынып бара жатқан әлеуметтік әділетсіздік және тағысын тағы. Міне, күні кеше қашқындағы банкир Мұхтар Әблязов әлеуметтік желідегі елді дүрліктіріп, мұнайдан түскен қаржыны жымқырудың сұмдық деректерін арнайы бейнежобада жасап, отбасы мүшелерінің маңайында жүрген миллиардерлердің есімін жайып салды. «Мұндай «компромат» менде жеткілікті, фильмнің жалғасы бар, онда мен басқа да адамдардың атын атап, түсін түстеп беремін» деген сыңайда сол жағалаудағыларға қоқан-лоқы жасап, тығырыққа тіреп қойғандай. Осының бәрі, әрине, өкіметке жағып жатқан жоқ, өйткені наразылық артып, жұрт шынымен де ертең бас көтеріп, көшеге шығып кетуі әбден мүмкін.
Бірақ ашынған жұрттың наразылығын, оның нақты қарекеті мен әрекетін басқа тақырыптармен – құй ол рухани жаңғыру болсын, құй латын әліпбиі болсын – тоқтатуға болады дегенге өз басым сенбеймін.

Әміржан ҚОСАНОВ арнайы «Жас Алаш» үшін

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (10)
Жандарм | 3 қараша 2017 11:01
Жалпы мақалада жақсы ойлар айтылған. Ендігі кезек тек уақыт еншісінде
Жақып | 3 қараша 2017 11:21
Әрине, қарапайым жүргізушіден бастап президентке дейін талқылаймыз. Себебі, біріншіден барлығымыз бір аспанның астындамыз. Екіншіден, бұл ел үшін жасалып жатқан қадам болғандықтан талқылауға міндеттіміз.
Фархат | 3 қараша 2017 11:24
Біреу өзін ойлар қалай ғана жақсы көрініп қалсам екен деп, біреуі шын ниетімен халықтың қамын ойлар.... Бұның барлығы бір Аллаға мәлім дүние болып қала бермек. Дегенмен, болмайтын жиындардан қарағанда тезірек іске көшкеніміз барлығымыз үшін тиімді болмақ!
Полиция | 3 қараша 2017 11:28
Әліпби легі зыңғой
Медведь | 3 қараша 2017 11:31
шенеуніктер де адамғой. Робот емес круглосуточно жұмыс істейтін
Мария магдалена | 3 қараша 2017 11:33
мен жазбаймын өлеңді ермек үшін
Электроника | 3 қараша 2017 11:34
Все будет но не сразу
Ринат | 3 қараша 2017 11:37
Бастысы ешкімде қайталанбайтын өзіміздің латынымыз бекітілді. Шекесіне ноқатында салдық көз тимесін деп) Қалғанын уақыт көрсетер...
mangystau | 3 қараша 2017 23:19
elime Alla zhar bolgai ne bolsada tek zhaksylygymen tynyshtygymen bolgai inshalla
Қ.Мәдиев | 6 қараша 2017 15:10
Латынға ену арқылы жүздеген жылдардағы тарихымыз бен әдебиетіміз жоғалды.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар