1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №87 (16273) 1 қараша, сәрсенбі 2017
1 қараша 2017
Латынға көшу екінші рет тәуелсіздік алғанмен бірдей

Болашақтағы латын әрпіне байланысты өзгерістерді мына тұрғыдан түсіну қажет тәрізді. Бұл – цивилизациялық революция, «ұлттық кодты» өз төл мәдениетімізге қайтарып беріп, әлеммен басқа бет әлпетте қауышатын кезең.
Бұл қадам Қазақ елінің тәуелсіздік алғаннан кейінгі ең маңызды, біздің ұлттық кодқа тікелей тағдырлы әсері бар шешім. Осы шешім қазақ ұлтының, біздің халықтың рухани-гуманитарлық беталысын, бағытын анықтайтын бірден-бір жол. Бүгінгі заманымыздың басты тенденциясы – инновацияларды еселене пайдалану мен ноу-хау, дәстүрлі емес энергияны пайдалану, қоғамдық даму мен әлеуметтік модернизациялаудың басты өзегі болып табылады. Біздің балаларымыздың осындай жылдам да өзгермелі уақытта өмір сүруге қабілетті болуы жеткіліксіз, олар осы оқиғалар мен үдерістердің қайнаған ортасы мен топ басында болуы шарт.
Сондықтан да латын әрпін енгізу ұлтымыз үшін маңызды, өте қажетті, уақыт талабына сай келетін жаңа атрибут. Мәселеге осы тұрғыдан қарасақ, латын графикасын енгізу мәселесіне ұлт болып, қоғам болып атсалысатын уақыт жетті. Дәл қазір әр азамат өз азаматтығын көрсетуі қажет.
Графика дегеніміз – қатып қалған догма емес, «көш жүре түзеледі», уақыт пен заман үрдісіне қарай әліпби де өзгеретін болады.
Қазіргі мәселе – осы саяси, гуманитарлық қадамды қолдау.
Бүгінде бізге тұтас ұлтты жұмылдыра алатын, заманауи ағымға сәйкес, жаңа бағыттағы рухани ағым қажет. Латын қарпін енгізудің ең басты мәйегі мен өзегі, оның басты драматургиясы осында жатыр. Жаһандану процесі өзінің жағымды жақтарымен қатар, ұлттық мәдениетті коррозияға ұшырата отырып, рухани әлемімізге өшпес сызат түсіретіндігін көрсетіп отыр. Осынау рухани алапаты көп заманда өмір сүріп қана қоймай, қарыштап даму үшін әрдайым даму үстінде болу шарт.
Біз әлемдік мәдениет кеңістігінде рухани-мәдени «геттоға» айналмауымыз керек.
Латын әрпін енгізудің мән-жайы осындай күрестен туады.
Латын әрпі біздің дәстүрлі мәдениетімізді дамытудың, әлемдік ғылыми айналымға ену жолындағы «рухани лифті», іргетасы болмақ. Біз азаматтарымыздың болашағын қолдайтындықтан, латын қарпін қолдаймыз.
Қазір қоғамда осы латын әліпбиіне байланысты кереғар пікірлер айтылып жатыр. Пікірталас керек, бірақ іс жүзіне асыру одан да маңызды. Бізге қазір нақты қадам қажет. Шыны керек, бұл мәселе біздің өткеніміз бен болашағымыздың айнасы тәрізді.
Менің ойымша, өздерін жан-тәнімен қазақ деп сезінетін жандар бұл мәселені ойланбастан қолдауы қажет. Латын әліпбиі біздің дүниежүзілік ғылым, жаңашылдық, рухани әлеміне өтуіміз үшін қажет дүние.
Дүниеде бүкіл халықтың 80 пайызы латын әрпіне көшіп кеткен. Экономика, ноу-хау, рухани әлем осы бойынша дамып жатыр. Осындай ауқымды, біздің бала-шаға үшін өзекті мәселеге келгенде жауапты болып, «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» өзіміздің өремізді көрсету қажет-ақ. Латынға өту біз үшін емес, біздің бала-шағамыз, ұрпағымыз үшін ауадай қажет. Сонымен бірге жаңа жасампаздық тенденция айқын байқалады. Латын әрпіне өтуді қоғам, азаматтар қызу талқылап жатыр. Менің ойымша, азаматтардың талқылауға қызу, сонымен бірге сапалы талқылау процесі біздің қоғамның саяси мәдениетінің өсіп-жетілгенін көрсетеді. Баса айта кету керек, азаматтар нақты ұсыныстар беріп жатыр, жалаң сынау аз. Латын әрпі, қоғамның өз тағдыры үшін өзі жауап бергісі келетіндігін, өз тарихын өзі жасаушы екендігін көрсетіп отыр.
Латын графикасына көшу тағы бір жасампаз нәтижеге, біздің ұлттың қоғамға қажетті, өзекті мәселе бойынша қоғамдық талқылаудың өркениетті институтын жасауы ықтимал. Бір мақсат қойып, жанама нәтижеге жету деген осы болар...
Шыны керек, біз кешігіп келеміз. Бұл графикаға 2000 жылдардың басында өтіп кету керек болатын. Ең бастысы, латын графикасы көптеген рухани «фобияларға» иммунитет. Иммунитет үшін вакцина енгізген кезде әрбір адам басында ауырады, организміне қиын тиеді. Бірақ ол кезең өтеді. Өткеннен кейін организм көптеген ауруға төзімді келеді. Біздің латын әрпіне қарасты ой-пікірлерімізді солай қарастыру керек. Бұл – аксиома.
Еңбектеген балаларымыз гаджет, айфон арқылы «атам заманда» латын әрпіне өтіп кеткен...«Көш жүре түзеледі». Ол анық. Ал біз сол өзгерістерге дайын болуымыз қажет. Өмірдің өзі күнделікті жаңартуды талап ететін процесс. Ғұлама Мұхтар Әуезовтің өзі «Абай жолын» төте жазумен бастап, латын әрпімен жалғастырып, кирилл әрпімен аяқтаған. Қаншама ақпарат, қаншама еңбек. Ал біздің қолымызда цифрлық технология бар... Сондықтан сөзден іске «шапшаң жүріп, анық басып» көшу қажет. Латын графикасының ең негізгі қажеттігі мына мәселеден туындаса керек: Француз революциясының негізгі жетістігі, адам құқықтары институтының пайда болуы, жалпыға бірдей теңдік формуласының пайда болуы, таптық тыйымдарды жою деп жатамыз.
Француз революциясының француздар үшін негізгі, бұдан да басқа, ұлттық құндылықтарға байланысты, өздері мақтанышпен айтатын жетістігі бар. Ол француздар бір тілде, бүгінгі француз тілінде сөйлей бастады. Біртұтас саяси ұлт пайда болды.
Бізге мемлекет тұрғысынан ойлай білетін, қоғам мен азаматтардың мүдделерін айта білетін, болашаққа бір көзқарасы бар саяси ұлт жасау міндеті тұр. Латын графикасы – отарлық сарқыншақтан ада, болашаққа бір көзқарасы қалыптасқан қазақтың саяси ұлтын қалыптастырудың басты қадамы, мәйегі. Саяси ұлт деңгейіне көшу бүгінде бізге не үшін керек деген сұрақ туады. Дүниеде тектоникалық геосаяси, геоэкономикалық өзгерістер болып жатыр. Әлем турбуленттіліктің жаңа деңгейіне шығып отыр. Мемлекеттің тұтастығына сызат түсірудің жаңа формалары пайда болды, гибридті технологиялар адамның санасына тікелей, кері әсер ету деңгейіне жетті. Мемлекеттілікті сақтап қалу саяси өнерге айналып отыр. Қым-қиғаш, шұғыл бұрылыстары көп заманға тап болдық. Қазақ мемлекеттілігін біз, қазақ, ойламасақ ешкім ойламайды. Мәселе осында. Демек, болашағыңа атсалыс!
 

Ерлан САИРОВ, саясаттанушы

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Қ.Мәдиев | 2 қараша 2017 17:13
Латынға көшкеннен тәуелсіз деген сөз бос әңгіме. Бұрынғы алфавит қазақыланған кириллица еді ғой. Енді миллиондаған кітап пен ғылыми жаңалық болашақта далада қалады. Ең ақыры болашақ ұрпақ бейіт басындағы ата бабасы туралы жазуды да оқи алмайтын халға жетеді. Тарих пен ақиқаттар жазылған еңбектер жоқ болады. Оның бәрін шығаруға қаржы жоқ. Бұл біреулердің типографиялық бизнесіне жақсы болды. Жиырма бес жылда басқа ұлттардың өзі қазақыланып келетін,енді олар латынды оқымайды,бұрынғы қазақыланған ки
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар