1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №87 (16273) 1 қараша, сәрсенбі 2017
1 қараша 2017
Бұл – стратегиялық өте қызықты ұлттық жоба

Қазақ тілінің латын қарпіне көшуі көптеген аспектілерді қамтиды. Бұл тек лингвистикалық айналымға ғана емес, сонымен бірге өркениеттік, ғылыми және технологиялық серпіліске де байланысты. Президент Н.Назарбаевтың 26 қазанда қазақ алфавитін кириллицадан латын қарпіне ауыстыру туралы жарлығы қоғам күткен оқиға болды. Әрине, тілдік қарым-қатынас парадигмасын өзгерту туралы сөз болғанда, мұндай ауқымды өзгеріс қуаныш пен шабыттан басқа, сондай-ақ белгілі бір қорқынышты тудырады. Дегенмен шамамен 80 жыл бойы қазақ тілі кириллицаға қалыптасып келген еді. Азаматтардың бірнеше ұрпағы өсті.
Сонымен қатар 1940 жылы кирилл алфавиті енгізілгенде не болғанын және қазір, XXI ғасырдың бірінші ширегінде не болып жатқанын түсіну қажет.
Өткен кезеңде «Азия жолбарыстары» деп аталатын Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде серпіліс болды. Алдымен Жапония ХХ ғасырдың басында, соңынан Азияның басқа да мемлекеттері феноменалды даму мүмкіндіктерін көрсетті.
Олардың жетістіктерінің қайнар көзі – ағылшын тілінде сөйлейтін ортаға нақты ену болды. Олар ағылшын тілін тез меңгеріп алды және бұл олардың білім, ғылыми саласында тез дамуына әсер етті. Сонымен қатар осындай серпіліс көбінесе Британияның – Гонконг, Шанхай, Сингапур, Үндістанға, ал АҚШ жағдайында Жапония мен Оңтүстік Кореяға қатысты протекторатының арқасында мүмкін болды. Сонымен қатар азиялық қоғам қабылдауға қиын иероглифтік жазу жүйесін ұстанады.
Түркі қоғамдары өз даму жолдарынан өтіп кетті. Өз уақытында олар гүлденген ислам өркениетінің бір бөлігі бола отырып, ағартушылық пен дамуды жүзеге асырды. Осыған байланысты түркі жазуын қаріптеуге өте бейім саналады.
Латын қарпіне Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан мемлекеттері көшкен. Түркияда латын алфавитіне көшу шамамен 100 жыл бұрын Кемал Мұстафа Ататүрік тұсында жүзеге асқан. Сонымен қатар латын әліпбиіне көшу түрік қоғамының батыстануға, дұрысы, тіпті еуропалануға бет бұруының факторы болды, бірақ ол түрік және еуропалық қоғамның бірегейленуіне әкелген жоқ.
Қазақ тілін латын жазуына көшіру оның коммуникативтік мүмкіндіктерін күшейту деген сөз. Біз қазақстандық қоғамды рухани жаңғыртудың маңызды кезеңіне келдік. Атап айтқанда, жаңа мүмкіндіктер мен мемлекеттік тілдің құндылығы.
Латын қарпіндегі қазақ алфавитінің бекітілген нұсқасы оны кодтауды айтарлықтай жеңілдетті. Әріптер саны айтарлықтай, 42-ден 32-ге дейін қысқарды.
Жастардың қазақ алфавитін талқылауға қатысуына ерекше назар аудару қажет. Бұл өте қуантарлық жайт. Жас ұрпақ немқұрайдылық танытпады, олар желілерде белсенді қатысып, түсініктемелерді, түсірілген бейнебаяндарды жүктеп отырды, латын графикасын қолдана отырып өздерінің есімдерін, тегі, ортақ сөздерін жазды.
Каллиграфия теориясына сәйкес, символдың суреті маңызды. Ол көркем құндылықтар жасайды, дамытады және ерекше мәдениет әлемін қамтиды. Шын мәнінде латын графикасында есім атаулары ерекше көрнекті көрінеді. Мысалы, «Қ» әрпінің «Q» әрпіне ауысуы. Бұл – қазақтардың этникалық атауындағы және Қазақстан мемлекеттілігінің басты белгісі. «Q» бізді жаңа көкжиектерге, жаңа мәндерге жетелейтін дүрбі немесе оптика ретінде қабылданады.
Қазақтар түркітілдес халықтардың арасында соңғыларының бірі болып латын қарпіне көшіп отыр. Дегенмен бұл қоғамның дәстүрлерін, бастауларын, сонымен бірге қазіргі заманның шынайылығын ескере отырып әліпби жасауға мүмкіндік береді. Біз әлеуметтік және гуманитарлық маңыздылығы ғана емес, сонымен бірге экономикалық нәтиже беретін өте қызықты ұлттық жобамен айналысып отырмыз.
Оның басты мағынасы – қазақ мәдениетіне, дәстүрлеріне, құндылықтарына, тіліне деген қызығушылық туғызу. Олар өз кезегінде біздің елімізде өндірілетін белгілі бір өнімдерге деген сұраныстың негізін құрайды.
Экономиканы нығайтатын тағы бір элемент – білім мен ғылымның дамуы. Өткен ширек ғасырлық кезеңде Қазақстанда қазақша-ағылшынша-орысша үш тілде оңай және ыңғайлы сөйлеп, аудармалық қиындықтарды сезінбейтін дарынды қазақтілді жас ұрпақ өсіп келеді. Бүгінгі таңда қазақ жастарының арасында ерекше тілдік жарылыс бар, ерте жастан бастап ағылшын тілін үйрену ешкімді таңғалдыратын жаңалық емес.
Қазақ тілін латын жүйесінде белгілеуге қосу ғаламдық интернет кеңістігінде өз сұранысын арттырады, онда ағылшын тіліндегі ақпараттың 60 пайызы және 80 пайызы латын графикасында жазылған. Бұл әлемдік лингвистикалық негізгі бағытқа көшуді білдіреді.
 

Зарема ШАУКЕНОВА, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар