1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №87 (16273) 1 қараша, сәрсенбі 2017
1 қараша 2017
Әлі де айқындай түссек

Президент Н.Назарбаевтың «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы»2017 жылғы 26 қазандағы жарлығын қолдаймын. Өйткені біз кириллицадағы 42 әріптің орнына 32 әріпке көшкелі отырмыз. Бұл біздің жазуымыз үшін де, оқуымыз үшін де үлкен жетістік. Кириллицадағы көз үйреніп қалған латын әріптеріне ұқсас кейбір әріптерді сол күйінде пайдалансақ, латын әрпін бұрыннан білетін үлкендерге де, кириллицаға көзі жаттығып қалған, латын әрпін жаңадан үйреніп жүрген жастарға да, оларды латыншаға транскрипциялауға да тиімді болар еді. Онда біз ұтпасақ, ұтылмаймыз. Мәселен, қазақ тіліндегі жаңа латын әліпбиіндегі жуан дауысты А а мен О о-ны умляут арқылы жіңішке дауысты Ә мен Ө-ге айналдырғанымыз секілді жіңішке дауысты
1) І і-ні умляут арқылы жуан дауысты Ы ы әрпіне айналдырсақ;
2) U u әрпін У күйінде қалдырып, умляут арқылы кириллицадағы өзіне ұқсап тұрған И-ге айналдырсақ;
3) кириллицадағы Y- ге ұқсап тұрған Y әрпін сол Ү күйінде қалдырып, умляут арқылы Ұ әрпіне айналдырсақ.
Сонда былай болып шығады:
І’ і’ – Ы ы
U’ u’ – И и
Y’ ү’ – Ұ ұ
 

Абдрахман АСЫЛБЕК,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Марат | 2 қараша 2017 17:19
Мақала авторы апострофтың умляут емес екенін қалай түсінбейді? Әлемде ешбір сауатты адам латынның U әрпін И деп оқымайды! Тіл заңына қайшы нәрселерді ойдан шығарып күлкіге қалмайық. Апострофтың әлегі де жетіп жатыр ғой.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар