1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №87 (16273) 1 қараша, сәрсенбі 2017
1 қараша 2017
Ақтөбе мектептерінде орамал дауы әлі бар

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Астанада өткізген баспасөз мәслихатында аймақтағы «теріс діни ағымды ұстанушылардың» саны жарты мыңға, нақты айтсақ, 580-ге азайғанын мәлімдеді. Б.Сапарбаев «теріс діни ағымның» сәлафиттер, әлде құраниттер екенін түстемеді. Сондай-ақ ол жергілікті билік жүргізген үгіт-насихат пен кездесудің әсерінен теріс ағымнан жерініп кетті деген жарты мың адам атеиске, яғни дінсізге айналған-айналмағанын ашып айтпады. Сосын теріс діни ағым ұстанатындардың жалпы санын да жайып салмады. Дегенмен Ақтөбе облыстық дін істері департаментінің бұдан ертеректегі мәліметінше, осы облыста «теріс ағым жетегінде жүрген» 2100 азамат бар. Олардың 775-і әйелдер. Демек, өңірде ресми дерек бойынша әлі де 2000-нан астам сәлафит немесе құранит бар. Бірақ осыған бола бұлданып отырған облыс әкімі жоқ. Б.Сапарбаевтың айтуынша, аймақтағы діни ахуал тұрақты.
Бір қызығы, осы жылдың мамыр айында ғана Ақтөбеде депутаттар, үкімет мүшелері, жергілікті әкімдік пен арнайы органдардың басшылары жиналып, облыстағы діни ахуалды талқылаған болатын. Сол алқалы отырыста ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков өңірдегі діни ахуал әлі тұрақталмағанын, теріс діни ағымды ұстанушылар саны жағынан Ақтөбе өзге облыстардан көш ілгері тұрғанын мәлімдеген болатын. Енді қарасақ, айналдырған төрт-бес айдың ішінде діни жағдай «тұрақталған». Бірақ мәселе жоқ емес, бар. Соның бірі – мектепке діни жоралғымен орамал тартып келетін оқушылар.
«340-тай мектеп оқушысы орамалмен келеді. Қыркүйектен бастап орамалды шешкендер саны 23-24 болды. Ата-аналықтан айыруға құқығымыз жоқ. Қазақстанда заң бар. Білім және ғылым министрлігі бекіткен мектеп формасы бар. Мектептің өзінде де ереже бар. Балалардың өздері ережені сақтауы қажет. Ата-аналар да балаларына мектеп ережесі мен білім және ғылым министрлігінің ережесін сақтау керектігін айтуы тиіс», – дейді Б.Сапарбаев.
Әкімнің сөзінше, екінші мәселе балаларға екпе жасаудың қиындығы екен.
«Негізінен, олар діни бағытта, теріс бағытта жүрген ата-аналардың балалары. Біз қазір олардың ата-аналарымен де жұмыс істеп жатырмыз. Екпенің қандай пайдасы бар екенін түсіндіріп жатырмыз. Ата-ана ең бірінші өзінің баласын, оның денсаулығын ойлауы керек», – дейді әкім.
Әрине, әкім айтқандай, жергілікті билік пен тиісті мамандар теріс діни ағымдағы тұрғындармен және олардың еріктерінен тыс қоғамдық қыспаққа түскен балаларымен жұмыс істеп жатқаны рас болса, бастамалары құптарлық дүние. Бірақ жағдай Б.Сапарбаевтың өзі айтқан ресми деректеріне зер салсақ, оның «діни ахуал тұрақты» деген екінші сөзіне қалай сенесің?
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар