1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №87 (16273) 1 қараша, сәрсенбі 2017
1 қараша 2017
Латынды қолдап, орыс тілін күшейтпек

Қазақстанның қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру шешіміне Мәскеу «түсіністікпен және құрметпен қарайды». Ресейдің Қазақстандағы елшісі Михаил Бочарников Астанада өткен жиынның бірінде осылай деді.
Сондай-ақ ол: «Қазақстан – Конституциясы бойынша орыс тіліне ресми мәртебе берілген мемлекеттердің бірі. Ресей егеменді Қазақстанның мемлекеттік тілді латын графикасына көшіру шешіміне түсіністікпен және құрметпен қарайды. Бұл тұста Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдегендей, орыс тілінің позициясы сақталады, ал Қазақстан мектептерінде орыс тілі оқытыла береді. Себебі республика басшылығы ел азаматтарының орыс тілін еркін меңгеруін Қазақстанның маңызды мәдени артықшылығы деп біледі», – деп бір қайырды.
Сосын сөзін одан әрі былай жалғады: «Қазақстанның ресми инстанцияларының мәлiметiне сүйенсек, қазiргi таңда орыс тiлi пәнi оқытушыларына сұраныс жоғары, олардың санының артуына көп көңiл бөлiнген, сондай-ақ Қазақстанда ресейлiк жоғары оқу орындарының жаңа филиалдары ашылмақ. Ресей мұның барлығына қолдау көрсетуге әзiр».
Яғни елшінің сөзін дұрыс түсінсек, Мәскеу Қазақстанда орыс тілінің үстемдігін ұстап тұруға мүдделі.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (9)
Sarsan\ | 2 қараша 2017 08:37
Els'i myrza s'yndyqty ai'tqan eken .
Даниал | 2 қараша 2017 10:40
Орыс тіліне мәртебе берілді. Бірақ, біздің ана тіліміз өз орнында қала бермек. Негізі басылымдарды да түгел латын тіліне аустырып тастау қажет. Сонда Қазақстандық тұрғындар бір тілдік жүйеге келер еді.
Маржан | 2 қараша 2017 10:42
Білімге біз ешқашан шекара қойған емеспіз, қоймаймызда. Сондықтан бүйректен сирақ шығармайықшы. Тілді әркім өзі үшін үйренеді. Қазақ тілі ешқашан өз статусын жоғалпайды мемлкет бар кезде.
Ақсарай | 2 қараша 2017 10:44
Филиал деген нәрсе барлық жерде бар. Сондықтан бұлай дабыл қағудың қажеті жоқ сияқты.
Еркін | 2 қараша 2017 11:56
Ана тіліміздің дамуына ешкім шек қоя алмайды деп ойлаймын! Сондықтан қорқудың қажеті жоқ!
Болатқызы | 2 қараша 2017 11:58
Түймедейді түйедей етудің қажеті жоқ
Манзура | 2 қараша 2017 12:05
Әр нәрседен жақсылық іздеген дұрыс шығар..
Мөлдір | 2 қараша 2017 12:07
Ештеңе айта алмайды екем даже.......
Дастан | 2 қараша 2017 12:09
Осындай ақпаратпен қоғамға іріткі салып не керек осы адамдарға
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар